Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 01-05/3 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,3220 гектар жер учаскесіне "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 2031 жылдың 12 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (М.Жанғалиев) осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тәжен ауылының әкімі А.Жұмаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады