Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 57 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы, босалқы жер қорынан жалпы көлемі 9,7 гектар жер учаскесін "Becturly Energy Operating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БВ-2 ұңғымасына кірме жол құрылысын салу үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 2025 жылдың 04 сәуіріне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      С.Төретаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 23 қаңтардағы
  № 57 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

1

Қарақия ауданы, А.Қартбай шаруа қожалығының жері

1,4241

2

Қарақия ауданы, босалқы жер қоры

8,2759


Барлығы

9,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады