Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаурашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Құсмұрын жылыту энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Әулиекөл ауылының аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,2800 гектар жер учаскесіне объект бойынша инженерлік газ тарату желілерін салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" ММ интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Едресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады