Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті әкімінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 19 қазандағы № 25 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді қөшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "B2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы, Қостанай облысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу, қызмет көрсету және пайдалану үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына М. Горький көшесі, Пришкольная көшесі, Ленин көшесі Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,3227 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмелері нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Құсмұрын кенті әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Абжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады