Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 19 қазандағы № 25 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "В2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы, Қостанай облысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісіне төсеу үшін, қызмет көрсету және пайдалану үшін Новонежин ауылының Комсомольская көшесі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0469 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады