2024 жылы Денисов ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 20 шешімі

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауға-бюджеттік кредит:

      Денисов ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Денисов аудандық мәслихатының төрағасы В. Шерер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады