"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы Денисов ауданы Свердловка ауылын сумен жабдықтау құрылысы" объектісіне сумен жабдықтаудың тарату желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Свердлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы Денисов ауданы Свердловк ауылын сумен жабдықтау құрылысы" объектісіне сумен жабдықтаудың тарату желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін 48 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін. – 8,800 гектар.

      2. "Свердловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Свердлов ауылдық округінің әкімі Г. Макаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады