"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы, В2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу, қызмет көрсету және пайдалану мақсатында Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі Шолақашы ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,2496 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 6 шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолақашы ауылдық округінің әкімі Ш. Бустекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады