"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 2-ш шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Владимиров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы В2G сегмент үшін ВОЛС құрылысы" объектісі бойынша талшықты - оптикалық байланыс желісін төсеу қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Владимиров ауылдық округі, Владимиров ауылы, мекен-жайы бойынша орналасқан, ауданы 0,4406 гектар, жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданының Владимиров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы С. Каюпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады