"ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (и-Ар-Джи Эксплорейшен) жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 68 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (и-Ар-Джи Эксплорейшен) 2026 жылғы 28 желтоқсанға дейінгі мерзімде Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің, Белинский ауылдық округінің, Новоильинов ауылдық округінің аумағында орналасқан жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ауданы 100750,8 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады