"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 105/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаменбелгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулына Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шайхимов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "24" сәуірдегі
№ 105/4 қаулысына
қосымша

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ) Железин ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің ведомстволары жоқ.

      3. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ орналасқан жері: 140400, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.

      10. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Железинского района".

      12. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылтайшысы Павлодар облысы Железин ауданының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өкілеттіктер ы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және мұқтаж азаматтардың басқа да жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыру;

      3) азаматтардың құқықтары мен олардың мүдделерін, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;

      4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша хабардар ету.

      17. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      - "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      - "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен семинарлар мен кеңестер өткізу;

      - өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      - "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету.

      18. Функциялары:

      1) аудандағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы хабарлау;

      2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) жұмыспен қамтудың өңірлік картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) бөлімнің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз ету;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      13) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді орналастыру;

      14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      17) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;

      20) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      21) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      22) атаулы әлеуметтік көмек пен басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      23) тұрғын үй көмегін көрсету;

      24) тұрғын үй сертификаттарын беру;

      25) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

      26) Железин ауданының аумағында тұратын азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері туралы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;

      27) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау.

3-тарау. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшылығын "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      22. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін айқындайды;

      2) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ штат кестесін бекітеді;

      3) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      4) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ атынан өкілдік етеді;

      5) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      6) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлеріне іссапар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      8) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің өз жұмысы мен қызметі туралы аудан әкімі мен әкімдігінің алдында есеп береді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      23. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      24. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      25. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі

      26. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады