Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Жайлы Мектеп" Ұлттық пилоттық жобасы аясында Кентау қаласы, Қаратау шағын ауданы, Ш.Уалиханов көшесі № 133 мекенжайдан 1200 орындық мектеп нысанына жеткізілетін "Инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін" төменде көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      1) "Кәріз жүйелері үшін" алаңы 0,002 га (20 шаршы метр ені 1 метр) жер учаскесі;

      2) "Ауыз су жүйелері үшін" алаңы 0,066 га (660 шаршы метр ені 1 метр) жер учаскесі;

      3) "Газбен қамту жүйелері үшін" алаңы 0,075 га (750 шаршы метр) жер учаскесі;

      4) "Байланыс желілері құрылысы үшін" алаңы 0,1470 га (1470 шаршы метр ені 1 метр) жер учаскесі.

      2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады