Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 12 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы № 355 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

      1) 2016 жылғы 16 мамырдағы № 139 "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";

      2) 2020 жылғы 25 тамыздағы № 305 "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы".

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады