Мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесі арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жою туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 5 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 6-бабына сәйкес, Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жою және Қырғыз Республикасында кедендік бақылау жүйесін бағалау үшін қажетті іс-шараларды орындауын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа басқа да мүше мемлекеттер арасында әуе қатынасы кезінде әуежайларда кедендік бақылау жойылсын.

      2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
     

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады