Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны мен құрылымына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 7 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 16 тармақшасына және Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының 7, 2227-тармақтарына (көрсетілген Шартқа № 2 қосымша), сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 1-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 81 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны мен құрылымына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Судьялар" позициясындағы "8" деген цифр "10" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Судьялар хатшылықтарының штат саны" позициясындағы "16" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Еуразиялық экономикалық одақ Соты Аппаратының жалпы штат саны" позициясындағы "50" деген цифрлар "54" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны" позициясындағы "58" деген цифрлар "64" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады