Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) жүзеге асырылатын қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 30 шешімі.

      Қызметтер көрсету саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 42-тармағында көзделген ырықтандыру жоспарларын дайындау мақсатында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа № 3 қосымшаның 59-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың  құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) жүзеге асырылатын қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін осы Шешіммен бекітілген тізбеде көрсетілген қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) бірыңғай нарығы қалыптастырылатын нақты мерзімдерді (өтпелі кезеңді) көрсете отырып, ырықтандыру жоспарларын дайындасын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия 2016 жылғы 1 шілдеге дейін осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген ырықтандыру жоспарларын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін ұсынсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі осы Шешімді іске асыру мақсатында осы Шешіммен бекітілген тізбеде көрсетілген қызметтер көрсету секторларында (кіші секторларында) жұмыс топтарын құрсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

     

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 30 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) жүзеге асырылатын қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) ТІЗБЕСІ

      1. Азаматтық құрылыс объектілерін салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары (тоннельдер, көпірлер, құбыржолдар, байланыс желілері) (СРС-тан 54210, 54220, 54230, 54241, 54242, 54251, 54252,
54260, 54310, 54320, 54330, 54342 және 54800)* мына бөлікте:

      1) теміржолдарды және әуеайлақтарда ұшу-қону жолақтарын салу жөніндегі құрылыс жұмыстары:

      теміржолдарды салу бойынша, оның ішінде балласт пен рельс жолын төсеу жөніндегі, сілтегіштерді, жолдардың қосылыстары мен қиылыстарын орнату жөніндегі, теміржолдар үшін бақылау және қауіпсіздік жүйелерін құру жөніндегі, фуникулерлер мен аспалы арқан жолдарды салу жөніндегі жұмыстар;

      әуеайлақтарда ұшу-қону жолақтарын, оның ішінде жермен жүру жолдары мен ұшақтарға арналған тұрақтарды салу;

      теміржолды жаңарту немесе жөндеу бойынша;

      жолдарда, автотұрақтарда және ұқсас беткі қабаттарда белгі жасау жөніндегі сырлау жұмыстары;

      2) көпірлерді, жер үстіндегі автомагистральдарды, тоннельдер мен жерасты жолдарды салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары:

      автомагистральдар, тас жолдарын, теміржолдар мен әуеайлақтарда ұшу-көтерілу жолақтарын салу бойынша;

      сумен байланысты;

      тік болат арматура орнату бойынша;

      3) гаваньдарды, су жолдарын, бөгеттерді, суару жүйелерін және басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары:

      гаваньдарды, әуесқойлық кемелерге арналған арнайы айлақтарды, жағалауларды, пирстарды, айлақтарды, доктарды және ұқсас порт құрылыстарын салу бойынша;

      бөгеттерді, арналарды, суару арналары мен аведуктарды салу бойынша;

      шлюздерді, су ағызғыштарды, мойнақтарды, көтергіш құрылғыларды, құрғақ доктарды, слиптарды, бөгендерді және басқа да гидромеханикалық құрылыстарды салу бойынша;

      су түбін тереңдету жұмыстары, тастар мен лайды шығару жөніндегі жұмыстар және сумен байланысты басқа да құрылыс жұмыстары;

      су астындағы жұмыстар (сүңгуірлер, аквалангистер мен басқа да техникалық мамандар орындайтын) және әртүрлі инженерлік-гидрологиялық қызметтер көрсету;

      гаваньдарды, су жолдарын, бөгеттерді, суару жүйелерін және басқа да су шаруашылығы құрылыстарын жөндеу бойынша;

      4) магистральдық құбыржолдар салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары, оның ішінде мынадай жұмыстар:

      мұнайды немесе газды тасымалдау үшін жерүсті, жерасты немесе суасты магистральдық құбыржолдарын салу бойынша;

      мұнайды немесе газды тасымалдауға арналмаған жерүсті, жерасты немесе суасты магистральдық құбыржолдарын салу бойынша;

      сумен жабдықтау, сарқынды суды немесе жаңбыр суын ағызып әкету үшін магистральдық құбыржолдар салу бойынша;

      5) магистральдық байланыс желілерін және энергетикалық (кабелдік) желілерді салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары, оның ішінде мынадай жұмыстар:

      магистральдық электр беру желілерін, оның ішінде теміржолдар үшін салу бойынша;

      суасты немесе жерасты магистральдық электр беру желілерін салу бойынша;

      жерүсті магистральдық электрлік байланыс желілерін салу бойынша;

      суасты немесе жерасты магистральдық электрлік байланыс желілерін салу бойынша;

      магистральдық байланыс желілерін және энергетикалық (кабелдік) желілерді жөндеу бойынша;

      6) жергілікті құбыржолдарды салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары:

      жергілікті су құбыры және кәріз құбыржолдарын, оның ішінде сорғы станциялары сияқты олармен байланысты қосалқы құрылыстарды салу бойынша;

      ыстық су беруге арналған жергілікті құбыржолдарды салу бойынша;

      жергілікті газ құбырлары мен бу құбырларын, оның ішінде олармен байланысты қосалқы құрылыстарды салу бойынша;

      7) жергілікті кабелдерді төсеу және олармен байланысты құрылыстарды құру жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары:

      жергілікті электр беру желілерін, оның ішінде жергілікті шекара шегінде бөлуге арналған трансформаторлық станциялар мен кіші станциялар сияқты қосалқы құрылыстарды салу бойынша;

      жергілікті байланыс желілерін құру бойынша, оның ішінде беруші құрылғылардың мұнараларын салу сияқты қосалқы жұмыстар;

      жергілікті шекара шегінде бөлуге арналған антенналар мен трансформаторлық станцияларды салу бойынша;

      кабелдік телевизияның жерасты желілерін төсеу жөніндегі құрылыс жұмыстары;

      жергілікті кабел желілерін жөндеу бойынша;

      8) кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын салу жөніндегі жалпы құрылыс жұмыстары:

      электр станцияларының барлық түрлерін салу бойынша;

      кен өндіру және өңдеу кәсіпорындарын (мысалы, тиеу-түсіру станцияларын, шахта ұңғыларын, химия кәсіпорындарын, шойын құю өндірістерін, домна және кокс пештерін) салу бойынша;

      кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын жөндеу бойынша;

      9) құрылыс алдындағы жұмыстар, арнайы құрылыс жұмыстары, ғимараттарды бұзу жөніндегі жұмыстар және құрылыс жабдықтарын операторымен бірге жалға алу (күрделі құрылыстың ерекше қауіпті және техникалық тұрғыдан күрделі объектілеріне қатысты, сондай-ақ мәдени мұра объектілерін (тарих және мәдениет ескерткіштерін) сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді қоспағанда), мына бөлікте:

      экскавация қызметтерін көрсету және жер қазу жұмыстар;

      кәріз жүйесінің құрылыстары.

      2. Күрделі құрылыстың ерекше қауіпті және техникалық тұрғыдан күрделі объектілеріне және мәдени мұра объектілерін (тарих және мәдениет ескерткіштерін) сақтауға қатысты инженерлік салаларда қызметтер көрсету (CPC-тан 8335 және 8339)* мына бөлікте:

      1) жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау және консультация беру;

      2) сәулет-жобалау жұмыстары бойынша қызметтер көрсету.

      3. Автомагистральдармен, көшелермен, жолдармен, теміржолдармен, ұшу-қону жолақтарымен, көпірлермен, жерүсті және жерасты автомагистральдармен, тоннельдермен және гаваньдармен, су жолдарымен, байланыс желілерімен және энергетикалық желілермен, құбыржолдармен және кабелдермен әрі олармен байланысты құрылыстармен байланысты инженерлік салаларда кешенді қызметтер көрсету (CPC-тан 83312)*.

      4. Күрделі құрылыстың ерекше қауіпті және техникалық тұрғыдан күрделі объектілеріне және мәдени мұра объектілерін (тарих және мәдениет ескерткіштерін) сақтауға қатысты қала құрылысын жоспарлау саласында қызметтер көрсету (CPC-тан 8322)*, мыналарды қоса алғанда:

      1) жер пайдалану бағдарламаларының жобаларын әзірлеу бойынша;

      2) жол жүйелерін орналастыру, бақылау мен пайдалану және жер учаскелеріне қызмет көрсету орнын таңдау бойынша;

      3) экологиялық салдарға қатысты зерттеулер және қалалардың даму бағдарламаларына бағалау жүргізу бойынша;

      4) жер учаскелерінің жоспарларын, жұмыс сызбаларын, техникалық шарттарды, жерге орналастыруға арналған шығындар сметаларын, жергілікті жер бедерінің эскиздерін дайындау бойынша;

      5) құрылыс жұмыстарының барысын тексеру бойынша қызметтер көрсету.

      5.  Серуендеу кемелерін операторсыз жалға алу және оның лизингі бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан 73240).

      6. Жарнама саласында қызметтер көрсету (CPC-тан 83610, 83620, 83631 және 83690) мына бөлікте:

      1) жарнама науқандарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, жарнамалық фильмдер үшін сценарий жазу, жарнамалық объектілерді немесе фильмдерді жоспарлау (өндіріссіз);

      2) пошталық жарнама;

      3) кітаптарды, брошюралар мен буклеттерді қоса алғанда, жарнамаға арналған орынды сату;

      4) баспагердің газеттердегі, журналдар мен мерзімді басылымдардағы жарнамаға арналған орынды сатуы;

      5) баспагер жеткізетін ашықхаттардағы, кестелердегі, бланкілердегі, плакаттар мен басқа да баспа материалдарындағы жарнамаға арналған орынды сату;

      6) әуедегі жарнама;

      7) үлгілерді және басқа да жарнама өнімдерін жеткізу;

      8) сату орындарындағы көрсетілімдер мен таныстырылымдар;

      9) өкілдердің тікелей клиенттерге ақпарат және (немесе) тауарлардың үлгілерін ұсына отырып, осындай қызметтер көрсетуі;

      10) тауарлар мен қызметтер көрсетуді өткізуді ынталандыру.

      7. Аудит саласында қызметтер көрсету (CPC-тан 82211 және 82212)*.

      8. Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер көрсету (делдалдардың риелторлық қызметтер көрсетуін қоспағанда) (CPC-тан72111, 72112, 72121, 72122, 72130 және 72212).

      9. Мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету (CPC-тан 72240 және 85990).

      10. Саяхаттар бюросының және туристік агенттіктердің қызметтер көрсетуі (туроператорлар мен турагенттердің қызметтер көрсетуі) (CPC-тан67811 және 67812) мына бөлікте:

      1) сыйақы үшін немесе шарттық негізде жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету, орналастыру және кешенді турларды сату;

      2) кешенді турларды ұйымдастыру және өткізу (жолаушылар мен багажды тасымалдау, орналастыру, көрнекі жерлерді тамашалау),
сондай-ақ кешенді тур кезінде ұсынылатын қызметтер көрсету.

      11. Техникалық сынау және талдау бойынша қызметтер көрсету (зертханалық және жергілікті жерлерде) (өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) мақсаттарына арналған жұмыстарды қоспағанда) (CPC-тан83561 – 83564 және 83569)*мынадай қызметтер көрсету бөлігінде:

      1) құрамды және тазалықты тексеру мен талдау бойынша;

      2) физикалық қасиеттерін тексеру мен талдау бойынша;

      3) кешенді механикалық және электрлік-техникалық жүйелерді тексеру мен талдау бойынша;

      4) жол көлік құралдарын техникалық инспекциялау бойынша;

      5) техникалық тексеру мен талдау бойынша қызметтер көрсету.

      12. Даладағы жұмыстарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, мұнайды, газды және жерасты суларын іздеуге байланысты геология, геофизика, геохимия және өзге де ғылымдар саласында ғылыми консультациялық қызметтер көрсету бөлігінде геологиялық, геофизикалық және басқа да іздеу жұмыстары бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан83510)*.

      13. Жерасты маркшейдерлік түсірілім бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан83520)*.

      14. Жерүсті маркшейдерлік түсірілім бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан83530)*.

      15. Картография бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан83540)*.

      16. Ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан83550)*.

      17. Кино- және бейнефильмдер шығарумен және таратумен байланысты қызметтер көрсету (CPC-тан РС 96121 и 96141).

      18. Бейнефильмдерді көрсету бойынша қызметтер көрсету (CPC-тан96152).

      19. Есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласында қызметтер көрсету (CPC-тан82213, 82219 және 82220) мына бөлікте:

      1) клиент беретін ақпарат негізінде қаржылық есептер, кірістер ведомостерін, теңгерімдік ведомостерді, теңгерімдік ведомостер мен шоттарды талдауды жасау (бұл ретте жасалатын есептердің анықтығына кепілдік берілмейді) (кәсіпкерлік қызметке салықтар бойынша декларациялар жасау жөнінде қызметтер көрсетуді қоспағанда);

      2) қаржылық есептерді тексеру, бағалау және дайындау;

      3) бухгалтерлік кітаптарда коммерциялық операцияларды ақшалай мәнде немесе басқа өлшем бірлігінде жіктеу және тіркеу;

      4) қаржылық есептерді дайындаумен бірге ұсынылатын кәсіпкерлік қызметке салықтар бойынша декларациялар жасау (толтыру) жөнінде қызметтер көрсету.

      20. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және енгізу (CPC-тан81210, 81220, 81230, 81240 және 81290).

      21. Мына салалардағы қолданбалы зерттеулер бөлігінде жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тәжірибелік әзірлемелер жасау (CPC-тан81110, 81120, 81130, 81140, 81150 және 81190):

      1) жылу, жарық, электрлік-магнетизм, астрономия;

      2)  жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер катализі, ферментациясы, физиологиясы және экологиясы;

      3) құю технологиясы, металлургия, машиналар, электр, байланыс, кемелер, әуе кемелері, азаматтық құрылыс, құрылыс, ақпарат;

      4) агротехника, бақша шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық аулау;

      5) ауруларды емдеу, профилактикалық гигиена және фармацевтика;

      6) экология.

      ___________

      * Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылдан ерте қолданылмайды (егер ырықтандыру жоспарларында өзгеше көзделмесе).


      Ескертпе. Күрделі құрылыстың ерекше қауіпті және техникалық тұрғыдан күрделі объектілеріне:

      1)  атом энергиясын пайдалану объектілері (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды сақтау пункттері, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері);

      2) қуаты 150 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары;

      3) метрополитендер;

      4)  авиациялық инфрақұрылым объектілері;

      5) жалпы пайдаланымдағы теміржол көлігінің инфрақұрылым объектілері;

      6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес орнатылатын І және ІІ сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      7) кернеуі 330 кВ және одан астам электр беру желілері мен электр желісі шаруашылығының өзге де объектілері;

      8) ғарыш инфрақұрылымының объектілері;

      9) шағын көлемді, спорттық желкенді және серуендеу кемелерінің тұрағына және оларға қызмет көрсетуге арналған теңіз порты инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, теңіз порттары;

      10) қауіпті қалдықтар алынатын, пайдаланылатын, өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын І және ІІ қауіптілік сыныбының қауіпті өндірістік объектілері;

      11) балқыманың 500 кг және одан астам ең көп мөлшеріне есептелген жабдықтарды қолдана отырып, қара және түсті металдардың балқымалары, осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар алынатын, тасымалданатын, пайдаланылатын қауіпті өндірістік объектілер;

      12) кен жұмыстары (жару жұмыстарын қолданбай, ашық тәсілмен жүзеге асырылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді және пайдалы қазбалардың шашыраңқы кен орындарын игеруді қоспағанда), пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі жұмыстар;

      13) мұнай, газ және мұнай өнімдерінің магистральды құбыржолдары;

      14) жоғары қысымы құбыржолдар;

      15) жобалық құжаттамасында мына сипаттамалардың тым болмаса біреуі:

      биіктігі 100 метрден астам;

      аралықтары 100 метрден астам;

      20 метрден астам консольдің болуы;

      жердің жоспарлы белгісінен 15 метрден астам төменге тереңдетілген жерасты бөлігі (толық немесе ішінара) көзделген күрделі құрылыс объектілері жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады