Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларын сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі жұмыс тобы туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 35 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 5-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден ынтымақтастығы жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) басшылығымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары, уәкілетті ұйымдары және бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің қатарынан жұмыс тобын құрсын және оның құрамын бекітсін.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір ай мерзімде жұмыс тобының құрамына енгізу үшін мүдделі атқарушы билік органдары басшыларының орынбасарлары, аталған органдар мен уәкілетті ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының (басшылары орынбасарларының) деңгейінде, олардың арасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларын сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға жауапты үйлестірушілерді (әр мемлекеттен бір адамнан) айқындай отырып, кандидатуралар (әр мемлекеттен 4-8 адамнан) ұсынсын.

      4. Осы Шешім жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады