Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 39 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешім 22.12.2015 күшіне енді - Еуразиялық экономикалық комиссияның Сайты.

      Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың 6-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №24 қосымша) сәйкес, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған бағдарламасына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.


Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 39 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған бағдарламасына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Бағдарламаның паспортында:

      а) тең әзірлеушілерге қатысты позиция үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі;";

      б) Бағдарламаның іске асырылуын бақылауға қатысты позиция төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Мемлекеттік автомобиль және су көлігі агенттігі;".

      2. I бөлім мынадай мазмұндағы 31 кіші бөліммен толықтырылсын:

      "31. Қырғыз Республикасындағы автомобиль көлігі

      2013 жылы Қырғыз Республикасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 39,4 млн. т, ал жүк айналымы 1,4 млрд. т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).

      Барлық көлік құралдарымен тасымалданатын жалпы жүк көлемінің 95– 97 пайыздан астамы автомобиль көлігіне тиесілі.

      Қазіргі уақытта жүк автокөлік құралдарының республикалық паркінде 115 мыңға жуық жүк автокөлік құралдары және 34 мыңға жуық тіркемелер мен жартылай тіркемелер бар және олар негізінен Еуро–2, Еуро–3 және Еуро–4 экологиялық сыныбының көлік құралдарынан тұрады.

      Автомобиль саласында жүк тасымалдау бойынша 114 заңды тұлға тартылған, олардың 85-і Қырғыз Республикасының халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар қауымдастығы құрамындатұр.

      ХЖТ жүйесі бойынша шамамен 4 100 жүк автокөлік құралымен тасымалдау жүзеге асырылады.

      2014 жылы авмомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың орташа арақашықтығы 1 123,3 км құрады.

      Автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдау 40 шет мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылады.

      Қырғыз Республикасында ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 34 000 км құрайды, оның ішінде 5 700 км республикалық автомобиль жолдарына және 9 000 км жергілікті автомобиль жолдарына жатқызылған.

      Қырғыз Республикасының аумағы бойынша мынадай халықаралық көлік дәліздері өтеді: Бішкек – Ош – 672 км, Бішкек –Қордай – 16 км, Бішкек – Чалдыбар (Қара – Балта – Чалдыбар учаскесі) – 88 км, Бішкек – Нарын – Торугарт – 539 км, Тараз – Талас – Суусамыр – 199 км, Ош – Сарыташ – Иркештам – 258 км, Ош – Исфана – 362 км, Сарыташ –Қарамық–Тәжікстан Республикасымен шекара– 136 км.

      Қырғыз Республикасында халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4 163 км. құрайды, республикалық маңызы бар – 5 678 км, жергілікті маңызы бар – 8 969 км. Олардың ішінде қатты жабындысы бар ортақ пайдаланылатын жолдардың ұзындығы 7 228 км құрайды, оның ішінде 11 км –цемент-бетон жабындысы, 4 969 км – асфальт-бетон жабындысы және 2 248 км – қара қиыршық тас жабындысы бар жолдар.

      Қырғыз Республикасында бәсекеге қабілетті негізгі көлік дәліздері мыналар болып табылады:

      Еуропа – Шығыс Азия (Бішкек – Нарын – Торугарт автомобиль жолы бойынша (ұзындығы – 539 км) – Еуропаны Қытаймен және Шығыс Азиямен қосады. Маршрут Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арқылы Ресей Федерациясының шекарасынан Қытайға дейін өтеді;

      Жерорта теңізі – Шығыс Азия (Ош – Сарыташ – Иркештам автомобиль жолы бойынша (ұзындығы – 258 км) – Кавказ бен Жерорта теңізін Шығыс Азиямен қосады. Маршрут Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қытай арқылы өтеді;

      Ресей Федерациясы – Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия (Ош – Сарыташ – Қарамық автомобиль жолы бойынша) – Ресей Федерациясын Парсы шығанағымен қосады. Маршрут Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы және Түркіменстан арқылы өтеді;

      Шығыс Азия – Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия (Иркештам – Сарыташ – Қарамық автомобиль жолы бойынша) –

      Шығыс Азияны Орталық Азия арқылы Аравия теңізімен қосады. Маршрут Қытай, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Ауғанстан Ислам Республикасы арқылы өтеді.

      Қырғыз Республикасының мүше мемлекеттерді қосатын негізгі автомобиль жолдары және Қырғыз Республикасының көлік дәліздері мыналар болып табылады:

      Тараз (Қазақстан Республикасы) – Талас – Суусамыр (Бішкек – Ош);

      Кеген (Қазақстан Республикасы) – Балыкчы (Бішкек – Торугарт).".

      3. III бөлім төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Мемлекеттік автомобиль және су көлігі агенттігі;".

      4. V бөлімде:

      а) алтыншы абзацтағы "немесе Армения Республикасының" деген сөздер "немесе Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Челябі немесе Новосібір немесе Свердлов облыстары аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;";

      в) оныншы абзац "Беларусь Республикасында" деген сөздерден кейін "немесе Қырғыз Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының немесе Армения Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Қырғыз Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасының Талас немесе Шу немесе Ыстықкөл облыстарының аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді;";

      д) он үшінші абзацтағы "немесе Армения Республикасының" деген сөздер "немесе Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      е) он алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға – Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Челябі, Новосібір, Свердлов облыстары аумағына автомобильмен 1 каботаждық жүктасымалын орындауға;";

      ж) он жетінші абзац "Беларусь Республикасында" деген сөздерден кейін "немесе Қырғыз Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) он жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының немесе Армения Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Қырғыз Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасының Талас, Шу, Ыстықкөл облыстарының аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.";

      и)      жиырмасыншы абзац "Беларусь Республикасы" деген сөздерден кейін ", Қырғыз Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      к) жиырма бірінші абзац "Армения Республикасының" деген сөздерден кейін "немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен, "Армения Республикасының" деген сөздерден кейін "немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      л) жиырма екінші абзацта:

      "Армения Республикасының" деген сөздерден кейінгі "немесе Беларусь Республикасының" деген сөздер "немесе Беларусь Республикасының немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      м) жиырма екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында орналасқан пункттер арқылы тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;".

      н) жиырма үшінші абзац "Беларусь Республикасының" деген сөздерден кейін "немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      5. VIII бөлімде:

      а) сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "1995 жылғы 14 маусымдағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);

      1997 жылғы 21 сәуірдегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);

      2002 жылғы 16 сәуірдегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);

      2004 жылғы 25 ақпандағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);";

      б) он екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасында:

      "Автомобиль көлігі туралы" Қырғыз Республикасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 154 Заңы (44-бап);".

      6. Көрсетілген Бағдарламаға қосымшада:

      а) 1-кестеде:

      Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз 26,1 35,6 36,4      38,4 39, 4 150,96%";

      Республикасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық       8327,4      7416,5      8 370,88      794,6       8857,6      106,37%",

      экономикалық одақ

      б) 2-кестеде:

      Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз 0,8 1,3 1,3 1,4 1,4 175%";

      Республикасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық 251,4 296,8 365,1 405,1 422,8 168,18 %",

      экономикалық одақ

      в) 3-кестеде:

      Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы 93,8      94,6 97,1 97,1 97,2      97,2      96,6";

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық       82,30 82,06 81,24 79,80 80,78 82,27 82,97";

      экономикалық одақ

      г) 4-кестеде:

      Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз 52,29 51,64 63,41 62,20 58,82 58,33 55,78";

      Республикасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық 10,15 10,41 10,35 10,86      12,53      13,29      14,01";

      экономикалық одақ

      д) 5-кесте: Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз 22,9 28,6 30,5";

      Республикасы

      е) 6-кестеде:

      Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Қырғыз

      Ресубликасы 93,9 123,4      112,8      102,0 101,7      105,3 101,5";

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық      102,4      101,4      80,9 104,4 112,9      105,1 100,5".

      экономикалық одақ



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады