Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне нефритке қатысты және диаммонийдің сутегі фосфатына (диаммоний фосфаты) қатысты және Евразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 4 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес қосалқы позициялар алып тасталсын;

      б)      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес позициялар енгізілсін;

      в)      Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің әкелінетін кедендік баждарының мөлшерлемесі № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" № 134 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)      Көрсетілген Шешімде бекітілген үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салуды немесе шектеуді қолданатын Бірыңғай тауарлар тізбесінде мынадай қолданыстар:

      2.9 бөлімдегі ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 10 000 0" коды "7103 10 000 9-дан" деген сөздермен, ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 99 000 0" қоды "7103 99 000 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2.11 бөлімде:

      мәтін бойынша, "Нефрит"деген позицияны қоспағанда, "7103 10 000 0-дан" деген сөздер "7103 10 000 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Нефрит" деген позициядағы "7103 10 000 0-дан" деген сөздер ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 10 000 1" кодымен ауыстырылсын;

      б)      көрсетілген Шешіммен бекітілген, Шектеулерді қолдану туралы ережелерде, қымбат металдарды, құрамында қымбат металдар бар бағалы тастар мен шикізаттық тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелудің және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетудің тәртібі туралы ереженің № 1 қосымшасында ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 10 000 0" коды "7103 10 000 9-дан" деген сөздермен, ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 99 000 0" коды "7103 99 000 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Өтпелі кезең ішінде Армения Республикасына қатысты Тауарлармен мөлшерлемелер тізбесіне Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баж мөлшерлемелері қолданылатын мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭОСЭҚ ТН "7103 10 000 0" коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"7103 10 000 1 -

- нефрит

0

0

0

0

 
3

6

 
9

БКТмөлш.


7103 10 000 9 -

- өзгелері

0

0

0

0

3

6

9

БК мөлш

";

б) ЕАЭО СЭҚ ТН "7103 99 000 0" коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

 
 
 


 
"7103 99 000 1 -

— нефрит

0

0

0

0

 
3

6

 
9

БКТ мөлш.


7103 99 000 9 -

— өзгелері

0

0

0

0

 
3

6

 
9

БКТ
мөлш.

";

      в)      ЕАЭО СЭҚ ТН "7104 90 000 0" коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"7104 90 000 1

— нефрит

0

0

0

0

3

6

9

БКТ
мөлш.

 
7104 90 000 9

— өзгелері

0

0

0

0

3

6

9

БКТ
мөлш.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Алқасының
2015 жылғы 27 қаңтардағы
  № 4 шешіміне
  № 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып
тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН

Позицияның атауы

Қос.
бір.
өлш.

7103 10 000 0

- өңделмеген немесе жай кесілген немесе бастапқы өңдеуге тартылған

-

7103 99 000 0

- өзгелері

Кар

7104 20 000 0

- өңделмеген немесе жай кесілген немесе бастапқы өңдеуге тартылған, өзгелері

г

7104 90 000 0

- өзгелері

г

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Алқасының
2015 жылғы 27 қаңтардағы
  № 4 шешіміне
  № 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына енгізілетін
ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН

Позицияның атауы

Қос.
бір.
өлш.

7103 10 000

өңделмеген немесе жай кесілген немесе бастапқы өңдеуге тартылған:


7103 10 000 1

- нефрит


000 9

- өзгелері


000

- өзгелері


000 1

-- нефрит

кар

99 000 9

-- өзгелері

кар

7104 20 000

өңделмеген немесе жай кесілген немесе
бастапқы өңдеуге тартылған, өзгелері


7104 20 000 1

- нефрит

г

7104 20 000 9

- өзгелері

г

7104 90 000

өзгелері


7104 90 000 1

- нефрит

г

7104 90 000 9

- өзгелері

г

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Алқасының
2015 жылғы 27 қаңтардағы
  № 4 шешіміне
  № 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
МӨЛШЕРЛЕМЕСІ

СЭҚ ТН

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кеден құнының пайызымен не еуромен, не АҚШ долларымен)

3105 30 000 0

- диаммонийдің сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты)

6,5

7103 10 000 1

— нефрит

10

7103 10 000 9

— өзгелері

10

7103 99 000 1

----- нефрит

15

7103 99 000 9

----- өзгелері

15

7104 20 000 1

— нефрит

18

7104 20 000 9

— өзгелері

18

7104 90 000 1

— нефрит

17,5

7104 90 000 9

— өзгелері

17,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады