Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін лимон қышқылына қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 15 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8-қосымша) 107-тармағына сәйкес және Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қытай Халық Республикасында шығарылып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 2918 14 000 0 кодымен жіктелетін лимон қышқылына қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж салығын енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В.Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 наурыздағы № 15
шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

ЕАЭО СЭҚ ТН
коды

Өндіруші

Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшері
(кедендік құн пайызының)


291814 000 0

WeifangEnsing Industry Co., Ltd.
(№ 1567, Changsheng street, Changle, Weifang, Shandong province, China)
 

4,20


TTCA Co., Ltd.
(West, Wenhe Bridge North, Anqiu,
Shandong, China және/немесе No.27 Xin
An Nan Road, Anqiu, Shandong,
China)

6,82


Yixing – Union Biochemical Co., Ltd.
(Economic development zone,
Yixing, Jiangsu, China)

16,97


өзгелері

16,97


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады