Өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 17 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 кодымен жіктелетін өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН3823 70 000 0 коды бар позиция "39С)" ескертуіне сілтемемен толықтырылсын.

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 39С ескертуімен толықтырылсын:

      "39С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 17 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В.Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады