Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне коронарлық стенттерге қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешімі


      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан №1 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына №2 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позиция енгізілсін;

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері №3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 40С ескертуімен толықтырылсын:

      "40С)кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2015 жылғы 20 сәуір - 2017 жылғы 19 сәуір аралығында қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
Т.Валовая

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 18 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН
коды

Позиция атауы

Қосымша
өлшем бірлігі

     
      9021 90 9000 0 - - өзгелері

  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына кіргізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН
коды

Позиция атауы

Қосымша өлшем бірлігі
 

     
      9021 90 900 - - өзгелері:
      9021 90 900 1 - - - коронарлық стенттер дана
      9021 90 900 9 - - - өзгелері.       -

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 18 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН
Коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі
(кедендік құнның пайызымен не евромен не АҚШ долларымен)

     
      9021 90 900 1 - - - коронарлық стенттер 540С)
      9021 90 900 9 - - - өзгелері.       5
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады