Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 24 шешімі

            Тарифтік емес реттеу шараларының қолданыс мерзімінің өтуіне, сондай-ақ оларды ұзарту үшін негіздің болмауына байланысты және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 24 шешіміне
ҚОСЫМША

Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      2.26 - бөлімнің 2-кіші бөліміндегі мына позиция алып тасталсын:

      "Дайын немесе консервіленген балық; 1604 уылдырық".

      бекіре және балық уылдырығынан дайындалған оның алмастырғыштары


      2.29 - бөлімде:

      а) мына позиция алып тасталсын:

"Сыртқы диаметрі 426 мм қоса алғанға дейінгі болаттан жасалған коррозияға төзімді құбырлар


73 04 11 000 1
73 04 11 000 2
73 04 11 000 3
73 04 11 000 4
73 04 11 000 8
73 04 41 000 9
73 04 49 100 0
73 04 49 930 9
73 04 49 950 9
73 04 49 990 0
73 06 11 100 0
73 06 11 900 0
73 06 40 200 1
73 06 40 200 9
73 06 40 800 2
73 06 40 800 8";
 
 

            б) "*" белгісі бар сілтеме алып тасталсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады