Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 107-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссиясыАлқасы шешті:

      1. Демпингке қарсы осы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып, № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қытай Халық Республикасынан шығарылатын коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне қатысты оларға демпингке қарсы баж енгізу арқылы №1 қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын, сондай-ақ тауар атауларын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 56 шешіміне
1 ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баждың
МӨЛШЕРЛЕМЕ МӨЛШЕРЛЕРІ

 
Тауар атауы

 
Өндіруші

Демпингке қарсы баждың мөлшерлеме мөлшері (кедендік құнның пайызымен)

      Коррозияға төзімді Heshan Biaoda 15,41
      болаттан жасалған Stainless Steel &
      асүйлік және Plastic Products Co.,
      асханалық аспаптар Ltd. (No.3 Fuyun
      Road, Yunxiang,
      Heshan, Guangdong,
      China)
     
      Goodlead Metal 27,16
      Manufacture Co.,
      Ltd.
      (Unit 1-2,3 Laneway,
      Southwest Road,
      Xincheng Town,
      Xinxing County,
      Yunfu City,
      Guangdong Province,
      China)
     
      XinxingYingtai 22,91
      Stainless Steel
      Manufacturer Co.,
      Ltd.
      (Baohua Industry
      Zone, Niancun Town,
      Xinxing County,
      Yunfu, Guangdong
      Province, China)


 
Тауар атауы

 
Өндіруші

Демпингке қарсы баждың мөлшерлеме мөлшері (кедендік құнның пайызымен)


      Xin Gang Cheng      24,17

      Stainless Steel Wares
Co., Ltd.

      (A 1-2, Liuzhu Road,

      Xinxing, Guangdong,

      China),

      Xinxing Freely Hover
Kitchen & Table
Wares Co., Ltd.

      (No. 134 Erlong
Gang, Xincheng
Town, Xinxing
County, Guangdong
Province, China),

      Guangdong Lihongji
Stainless Steel
Industry Co., Ltd.

      (Mid. of Zhaoyang
Road, E&D Zone,

      Jiedong, Jieyang,

      Guangdong, China)

      өзгелері 27,16


  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 56 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Оларға қатысты демпингке қарсы баж енгізілген
асүйлік және асханалық аспаптардың
ТІЗБЕСІ

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН
коды

1.Тиянақты жүзі бар, коррозияға төзімді болаттан жасалған тұтқасы мен жүзі бар, гальвандық тәсілде қымбат металмен көмкерілмеген асханалық пышақтар
2. Гальвандық тәсілде қымбат металмен көмкерілмеген, коррозияға төзімді болаттан жасалған
қасықтар, шанышқылар, ожаулар, сүзекілер, тортқа арналған күрекшелер,балыққа арналған пышақтар, майға арналған пышақтар, қантқа арналған тістеуіктер және соларға ұқсас асүйлік және асханалық аспаптар (бұған омарларға немесе құстарға арналған секаторлар немесе қайшы типтес жатық аспаптармен кескіштер қосылмайды)
3.Осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген бір немесе одан да көп тауарлардан және әрі кеткенде осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген тауарлардың тең мөлшерінен тұратын жиынтықтар

8211 91 000 1
 
 
8215 99 100 0
 
 
 
 
 
 
 
 
8215 20 100 0
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады