Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 72 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және 2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 36С – 38С ескертпелермен толықтырылсын:

      "36С) Кедендік құнның 7%-ы мөлшеріндегі,бірақ 1 дана үшін 2 еуродан кем болмайтын кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 01.09.2015 ж.бастап, қоса алғанда 31.08. 2016 ж. дейінгі аралықта қолданылады.

      37С) Кедендік құнның 7%-ы мөлшеріндегі, бірақ 1 дана үшін 1,5 еуродан кем болмайтын кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 01.09.2015 ж.бастап, қоса алғанда 31.08. 2016 ж. дейінгі аралықта қолданылады.

      38С) Кедендік құнның 7%-ы мөлшеріндегі, бірақ 1 дана үшін 4 еуродан кем болмайтын кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 01.09.2015 ж.бастап, қоса алғанда 31.08. 2016 ж. дейінгі аралықта қолданылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен өзгеше кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесінде:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 20 100 1" және "4011 20 100 9" кодтары бар позициялары мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

      "4011 20 100 0 – – 121-ден аспайтын жүктеме индексі бар 10 БКТ мөлшерлемесі";

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 20 900 1" және "4011 20 900 9" кодтары бар позициялары мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

      "4011 20 900 0 – – 121-ден аспайтын жүктеме индексі бар 10 БКТ мөлшерлемесі".

      3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген, кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын Сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН "6907 90 800 1", "6907 90 800 2" және "6907 90 800 9" кодтары бар позициялары мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

      "6907 90 800 0 – – өзгелері".

      4. Осы Шешім 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 72 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын кіші қосалқы позициялар


СЭҚ ТН
коды
 

Позиция атауы

Қос. өлш. бірл.


4011 20 100

– – жүктеме индексі 121-ден аспайтын:



4011 20 100 1

– – – тұтас металл кордты шиналар

дана


4011 20 100 9

– – – өзгелері

дана


4011 20 900

– – жүктеме индексі 121-ден асатын:



4011 20 900 1

– – – тұтас металл кордты шиналар

дана


4011 20 900 9

– – – өзгелері

дана


6907 90 200

– – таскерамика:



6907 90 200 1

– – – саз балшықтан жасалған "шпальтплаттен" типті қосқабат тақтайша

м²


6907 90 200 9

– – – өзгесі

м²


6907 90 800

– – өзгелері:



6907 90 800 1

– – – саз балшықтан басқа, керамикалық бұйымдар әзірлеуге арналған материалдардан жасалған  "шпальтплаттен" типті қос қабат тақтайша

м²


6907 90 800 2

– – – фаянс немесе жұқа керамика

м²


6907 90 800 9

– – – өзгелері

м²

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 72 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША


Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын кіші қосалқы позициялар


СЭҚ ТН
коды

Позиция атауы

Қос. өлш. бірл.


4011 20100 0

– – жүктеме индексі 121-ден аспайтын

дана


4011 20900 0

– – жүктеме индексі 121-ден асатын

дана


6907 90200 0

– – тас керамика

м²


6907 90 800 0

– – өзгелері

м²

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 72 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)


1604 13 900 0

– – – өзгелері

12


2106 90 200 0

– – сусындар шығару кезінде пайдаланылатын, негізі хош иісті заттардан құралатын өнімдерді қоспағанда, құрамдас спирттік жартылай фабрикаттар

10


4011 20 100 0

– – жүктеме индексі 121-ден аспайтын

10


4011 20 900 0

– – жүктеме индексі 121-ден асатын

10

+

4012 13 000 9

– – – өзгелері

15


4012 19 000 0

– – өзгелері

15


4410 12 100 0

– – – ыспалаудан басқа, өңделмегендер немесе одан әрі өңдеусіз

9,8


4410 12 900 0

– – – өзгелері

9,8


4411 94 100 0

– – – механикалық өңдеусіз немесе үстіңгі беті жабынсыз

7,5


6401 10 000 0

– қорғауыш металл тұмсықшасы бар аяқ киім

1 жұп үшін3,8 плюс 0,74 еуро


6402 12 900 0

– – – сноубордқа арналғанбәтеңке

1 жұп үшін0,34 еуро


6809 11 000 0

– –қағазбен немесе картонмен ғана жабылған немесе армирленген

12,8


6809 19 000 0

– – өзгелері

12


6907 90 200 0

– – тас керамика

12


6907 90 800 0

– – өзгелері

12


6908 90 910 0

– – – – – тас керамика

7,5


6908 90 930 0

– – – – – фаянс немесе жұқа керамика

7,5


6908 90 990 0

– – – – – өзгелері

7,5


6912 00 300 0

– тас керамика

15


6912 00 500 0

– фаянс немесе жұқа керамика

15,2


7013 10 000 0

– шыны керамикадан жасалғандар

10


7013 37 100 0

– – – нығайтылған шыныдан жасалған

11,3


7013 37 990 0

– – – – – өзгелері

11,3


7013 42 000 0

– – 0 ºС-тан 300 ºС-қа дейінгі температура аралығында K-ге
5 х 10-6аспайтын желілік кеңеюкоэффициенті бар шыныдан жасалған

11,3


7013 49 100 0

– – – нығайтылған шыныдан жасалған

11,3


7307 93 110 0

– – – – буындар мен бұрмалар

10


7307 93 190 0

– – – – өзгелері

10


7307 93 990 0

– – – – өзгелері

10

+

8539 10 000 9

– – өзгелері

12,5


8539 21 300 9

– – – – өзгелері

12,5


9102 11 000 0

– – механикалық индикациямен ғана

736С)


9102 19 000 0

– – өзгелері

737С)


9102 21 000 0

– – автоматты кіші оталдырғышпен

738С)


9102 29 000 0

– – өзгелері

738С)


9405 10 210 9

– – – – өзгелері

15


9405 10 500 9

– – –  өзгелері

14


9405 10 910 9

– – – – өзгелері

15


9405 30 000 0

– жаңа жылдық шыршаларды безендіруге пайдаланылатын жабдық типтес жарықтандыру жабдығы жинағы

16,3


9405 40 100 9

– – – өзгелері

14


9405 40 910 9

– – – – – өзгелері

15,2


9405 40 950 9

– – – – – өзгелер

15,5


9405 40 990 8

– – – – – өзгелері

14


9607 19 000 0

– – өзгелері

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады