Ресей Федерациясы Үкіметінің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар саласындағы кейбір өкімдерінің күшін жою қажеттілігі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 81 шешімі

            Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 11 және 33-тармақтарына, аталған Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 59-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне және өнім берушілеріне қатысты мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар саласында ұлттық режимнен алып қоюлар белгілеуді және жекелеген тауар түрлерін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру ерекшеліктерін көздейтін мынадай өкімдерінің күшін жою қажет деп есептелсін:

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 1655-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 1938-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 2163-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 2200-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 2229-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 2230-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 2390-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 2435-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 2707-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 2754-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 2779-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 2780-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 2785-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 253-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 254-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 311-ө өкімі;

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 391-ө өкімі;

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады