Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 – 2016 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 114 өкімі.

            Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 231 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияда ғылыми зерттеулермен байланысты қызметті ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:

            1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 – 2016 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына өзгерістер енгізілсін.

            2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

 
  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 114 өкіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 – 2016 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына енгізілетін Ө З Г Е Р І С Т Е Р

            ІІ бөлімде:

            а) екінші бағанда 1-тармақтағы "Макроэкономикалық саясат департаменті" деген кіші бөлімдегі "2015 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2016 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

            б) 8-тармақтағы "Сауда саясаты департаменті" деген кіші бөлімдегі "Еуразиялық экономикалық одақтың Африка елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жай-күйін жалпы талдау және оларды дамыту жөніндегі ұсынымдарды дайындау" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Корея Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға тәсілдерді айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады