Стирол полимерлерінен жасалған табақшаларға және винилхлорид пен полиэтилентерефталат полимерлерінен жасалған пленкалардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 23 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар № 1 қосымшаға сәйкес алып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар № 2 қосымшаға сәйкес енгізілсін;

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 41С ескертумен толықтырылсын:

      "41С) Кеден құнының 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 23 шешімі күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағы Жоғары органының) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі оларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту жөнінде шешім қабылдайтын Сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімінің жобасын әзірлесін.

      Көрсетілген Тізбеге өзгерістер енгізілгенге дейін осы Шешімге № 3 қосымшада көзделген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі қабылдайды.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің 2015 жылғы
28 мамырдағы № 23 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН

коды

Позиция атауы

Қосымша өлшем бірлігі

3920 30 000 0

– стирол полимерлерінен

3920 43 100 0

– – – 1 мм-дан аспайтын қалыңдықта

3920 62 190 1

– – – пленка

3920 62 900 0

– – – 0,35 мм-дан аспайтын қалыңдықта


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің 2015 жылғы
28 мамырдағы № 23 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР


СЭҚ ТН

коды

Позиция атауы

Қосымша өлшем бірлігі

3920 30 000

– стирол полимерлерінен:


3920 30 000 1

– –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған табақшалар5)

3920 30 000 9

– –

өзгелері

3920 43 100

– – – 1 мм-дан аспайтын қалыңдықта:


3920 43 100 1

– – – – 

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка5)

3920 43 100 9

– – – –

өзгелері



– – – – –

 пленка:1



3920 62 190 2

– – – – – –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка

3920 62 190 3

– – – – – –

өзгесі

3920 62 900

– – – 0,35 мм-дан аспайтын қалыңдықта:


3920 62 900 1

– – – –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка5)

3920 62 900 9

– – – –

өзгелері

      1 ЕАЭО СЭҚ ТН 3920 62 190 кіші қосалқы позициядан кейін коды жоқ кіші қосалқы позиция.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің 2015 жылғы
28 мамырдағы № 23 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН

коды

Позиция атауы

кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі
(кеден құнының пайызымен не еуромен не АҚШ долларымен)

3920 30 000 1

– –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған табақшалар5)

7,741С)

3920 30 000 9

– –

өзгелері

7,7

3920 43 100 1

– – – –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка5)

7,741С)

3920 43 100 9

– – – –

өзгелері

7,7


3920 62 190 2

– – – – – –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка5)

7,741С)


3920 62 190 3

– – – – – –

өзгесі

7,7


3920 62 900 1

– – – –

жиһаз өндірісі кезінде престеу әдісімен беткі жақтарын декоративті қаптауға арналған бума пленка5)

7,741С)

3920 62 900 9

– – – –

өзгелері

7,7

      _____________




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады