Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің 2010-2014 жылдардағы өзара саудасы серпінінің өзгеру себептеріне талдау жүргізу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымының көлемін ұлғайту бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау туралы" өкімінің жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 2 Өкімі


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің 2010-2014 жылдардағы өзара саудасы серпінінің өзгеру себептеріне талдау жүргізу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымының көлемін ұлғайту бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау туралы" өкімінің жобасы мақұлдансын және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынылсын.

      2. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан

 
В. Габриелян

 
В. Матюшевский

 
Б. Сағынтаев

 
И. Шувалов
 

2010-2014 жылдары Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің өзара саудасы серпіні өзгерісінің себептеріне талдау жүргізу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымының көлемін ұлғайту бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау туралы

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия 2010-2014 жылдары Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің өзара саудасы серпіні өзгерісінің себептеріне талдау жүргізсін және 2015 жылдың І жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымының көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізсін.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады