Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына және Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған ұсынымдық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында:

      Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын, іс-шаралар жоспарын іске асыруға қажетті құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуға;

      Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      Еуразиялық экономикалық комиссияны іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іс-шаралар жоспарын іске асыруға қажетті құқықтық актілері жобаларының әзірлену барысы туралы хабардар етуге;

      Еуразиялық экономикалық комиссияға жыл сайын 1 наурызға дейін мына құжаттардың:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерінің және жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын ауыл шаруашылық, былғары және химиялық шикізатты (химиялық талшықтар мен жіптерді, синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды) өндірушілердің тізбесін № 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібі саласындағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жөніндегі іске асырылатын және іске асырылуға жоспарланатын инвестициялық жобалардың тізбесін № 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылуын қамтамасыз етуге ұсыным жасалсын.     

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан


Беларусь Республикасынан


Қазақстан Республикасынан


Ресей

Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады