2014 жылы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі есеп туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімі

      Кедендік әкелу баждарының (балама әрекеті бар өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағының, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағы 4) тармақшасының негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ақпаратын назарға алып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Кедендік әкелу баждарының (балама әрекеті бар өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың
(2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) іске асырылуына мониторингті жүзеге асырсын.     

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады