Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері:

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Одақ шеңберінде Негізгі бағыттар бойынша өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырсын;

      Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Негізгі бағыттардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттардың іске асырылуы жөніндегі актілерді әзірлеу жоспарының жобасын дайындасын және оның Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары"

Мазмұны

      Жалпы ережелер

      1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ағымдағы жай-күйі

      1.1. 2008 – 2014 жылдары Армения Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      1.2. 2008 – 2014 жылдары Қырғыз Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      1.3. 2008 – 2014 жылдары Беларусь Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      1.4. 2008 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      1.5. 2008 – 2014 жылдары Ресей Федерациясы өнеркәсібінің дамуы

      2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамудағы басымдықтары

      2.1. Армения Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      2.2. Қырғыз Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      2.3. Беларусь Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      2.4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      2.5. Ресей Федерациясының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      2.6. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуындағы
сын-қатерлер

      3. ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері

      4. ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бағыттары мен құралдары (тетіктері)

      4.1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердеөнеркәсіптік өндірістің өсу қарқындары мен көлемдерінің ұлғаюы

      4.1.1. Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісі

      4.1.2. Өнеркәсіптік өндіріске инвестициялар тартуды ынталандыру

      4.1.3. Басым бағыттар мен жобаларды қаржыландыру

      4.2. ЕАЭО ортақ нарығында мүше мемлекеттер өнімі үлесінің ұлғаюы және оның оқшаулану деңгейін арттыру

      4.2.1. Технологиялық операциялар тізбесі

      4.2.2. ЕАЭО нарығын қорғау жөніндегі бірлескен шаралар кешенін әзірлеу және енгізу

      4.2.3. Қосылған құнның жаңа тізбектерін құру

      4.3. Экспортқа бағдарланған жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамыту

      4.4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және өнеркәсіптің жаңа инновациялық секторларын құру

      4.4.1. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту

      4.4.2. Технологиялық платформалар

      4.4.3. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар

      4.4.4. Еуразиялық инжиниринг орталығын қалыптастыру

      4.4.5. Технологиялар трансферінің Еуразиялық желісі

      4.5. Федералдық (республикалық) және өңірлік (жергілікті) деңгейлердегі де ЕАЭО ортақ нарығында өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді жою

      4.5.1. Нарықтың мониторингі

      4.5.2. Кәсіпорындар бойынша кедергілердің мониторингі

      4.5.2.1. Жүйе құрайтын кәсіпорындардың тізбесі

      4.5.2.2. Жүйе құрайтын кәсіпорындардың мониторингі

      4.6. ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      5. Қызметтің басым түрлері және сезімтал тауарлар

      5.1. Экономикалық қызметтің басым түрлері

      5.2. Сезімтал тауарлар

      6. Қорытынды

      № 1 қосымша. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

      № 2 қосымша.  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым сезімтал тауарлардың тізбесі

      № 3 қосымша. Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ақпарат беру тәртібі

Жалпы ережелер

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары (бұдан әрі – Негізгі бағыттар немесе ӨЫНБ) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың "Өнеркәсіптік саясат және ынтымақтастық" деген 92-бабына (бұдан әрі – Шарттың 92-бабы, Одақ, ЕАЭО) сәйкес әзірленді.

      Негізгі бағыттар 5 жылға арналған орташа мерзімдік құжат болып табылады және Шарттың 92-бабында айқындалған өзара іс-қимыл жасау құралдары мен тетіктерін пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағыттары мен нысандарын, өзара іс-қимыл жасау қағидаларын, басым салаларын, сезімтал тауарларды, өзара іс-қимыл жасау мақсатын, міндеттерін және тетіктерін айқындайды.

      Негізгі бағыттар орташа мерзімдік перспективаға мыналарды:

      өнеркәсіптік өндірістің өсуін және бірлесіп өндірілген өнім шығаруды ынталандыру мақсатында өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету орындылығын;

      мүше мемлекеттерді өнеркәсіптік дамытудың орнықтылығын арттыру мақсатында әлемдік экономиканы және ЕАЭО экономикасын, оның ішінде жекелеген мүше мемлекеттер экономикасын дамытудың ағымдағы үрдістерді;

      орын алған кедергілерді еңсеру, бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық белсенділікті арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны ұлғайту, бірлескен инновациялық жобалар мен экспортты дамыту жөніндегі әрекеттерді іске асыру үшін тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып қалыптасады.

      Сауда, кедендік-тарифтік, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу саласындағы, техникалық реттеу, кәсіпкерлік қызметті дамыту, көлік пен инфрақұрылым және басқа салалардағы саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде Негізгі бағыттар ескеріледі.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы (бұдан әрі – Тараптар) экономикалық қызметтің басым түрлері мен сезімтал тауарларды қамтитын Негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Тараптардың өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара іс-қимылы қажет болған кезде мынадай негізгі құралдардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін:

      сезімтал тауарлардың тізбесі бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру;

      өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлерін дамытудың бірлескен бағдарламаларын іске асыру;

      өнеркәсіпті дамыту жоспарлары туралы өзара ақпарат беруді жүзеге асыру.


      1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ағымдағы жай-күйі

      2014 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсібінде 495,3 мың кәсіпорын өндірістік қызметті жүзеге асырды, олар 15,3 млн. адамды (мүше мемлекеттердің экономикаларында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 19,0%-ы) жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. ЕАЭО-да өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 1 318 млрд. АҚШ долларын құрады (2008 жылғы деңгейге қарағанда 16,1% өскен), 304 млрд. АҚШ доллары сомасына өнеркәсіптің негізгі капиталын дамытуға инвестициялар салынды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЖІӨ қалыптастыруға өнеркәсіптік кешеннің жиынтық салымы 25,4 % болған кезде, жалпы көлемі 555,8 млрд АҚШ долларына жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) құрылды. 2014 жылы қосылған құн бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір орташа тізімдік қызметкерге 36,2 мың АҚШ долларына жетті, бұл Еуроодақ елдеріндегі еңбек өнімділігі деңгейінің шамамен 55%-ын құрайды. 2014 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемінде қосылған құнның үлес салмағы 42,1 % болды.

      ЕАЭО өнеркәсібінің елдік құрылымында: Ресей Федерациясы өнеркәсіптік өнім көлемінің 87%-ын және ЖҚҚ-ның өнеркәсіптік көлемінің 85%-ын, Қазақстан Республикасы – тиісінше, 7,4% және 10,7%; Беларусь Республикасы – тиісінше, 5,0% және 3, 7%, Армения Республикасы – тиісінше, 0,3% және 0,4%, Қырғыз Республикасы – өнеркәсіптік өнім көлемінің 0,3%-ын және мүше мемлекеттердің ЖҚҚ өнеркәсіптік көлемінің 0,2%-ын қалыптастырады.

      ЕАЭО өнеркәсібінің салалық құрылымында өңдеуші өнеркәсіп басым, ол мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісінің жиынтық көлемінің
64,8%-ын иеленді, өндіруші өнеркәсіпке – 25,1% тиесілі, қызметтің қалған өнеркәсіптік түрлері шығарылатын өнеркәсіптік өнім көлемінің 10,1%-ын қалыптастырады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында орташа технологиялық деңгейдің қызмет түрлері бойынша: кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру; тамақ өнімдерін өндіру; металлургия және металл бұйымдарды өндіру басым болып табылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңдеуші өнеркәсіп өнімін өзара саудалаудың жалпы көлемі 2014 жылы 45 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты, бұл ЕАЭО аумағындағы өндіріс көлемінің 5,3%-ын құрады.


      1.1. 2008 – 2014 жылдары Армения Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      Деректер бойынша 2014 жылы Армения өнеркәсібінде 2,7 мың кәсіпорын жұмыс істейді, онда 83,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандар жалпы санының 7,1%-ы) жұмыспен қамтылған. 2008 жылдан бастап өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 3,5%-ға өсті, ал 2014 жылы қосылған құн бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылған адамға
24 мың АҚШ долларына жетіп, 2008 жылғы деңгейге қарағанда 56,6% ұлғайды. 2014 жылы Армения Республикасы экономикасының нақты секторына шетелдік инвестициялар көлемі 2 017,7 млн. АҚШ долларын құрады, оның 840,9 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар болып табылады (тиісінше, ЖІӨ көлемінен 17,3% және 7,2% ).

      2014 жылы республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптік өнім негізін қалыптастыратын тауарлар экспортының көлемі – 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте сыртқы сауданың теріс сальдосы 2,9 млрд. АҚШ доллары болды.

      2014 жылы ЖІӨ көлемі 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2008 жылмен салыстырғанда нақты көріністе 35,9%-ға (доллармен көріністе 35,7 %) ұлғайды. Өнеркәсіптік өндіріс ұлттық ЖІӨ-нің жалпы көлемінің
17,3 % қалыптастырады.

      2008 – 2014 жылдары республиканың өнеркәсіп өндірісінің өсімі салыстымалы бағаларда 34,4%-ды құрады. Бұл ретте, 2010 – 2012 жылдары өнеркәсіптік өндірістің жылдам дамуы байқалып, өнім көлемі жыл сайын шамамен 10%-ға өсіп отырды. Содан кейін 2014 жылы 2,7%-ға дейін өсу қарқыны баяулады. Қызметтің өнеркәсіптік түрлері бөлінісінде 2008 жылғы дейгейге қарағанда өнеркәсіптік өндіріс өсті: тау-кен өндіру
өнеркәсібінде – 92 %, өңдеуші өнеркәсіпте – 30,2%, электрмен жабдықтауда, газ, бу және кондицияланған ауа беруде – 9,8 %, сумен жабдықтауда – 21,9%.

      Қарастырылып отырған кезеңде республика өнеркәсібінде елеусіз құрылымдық өзгерістер болды: өңдеуші өнеркәсіп үлесі 2008 жылы
68,9%-дан 2014 жылы 65,6 %-ға дейін төмендеген; керісінше, өндіруші өнеркәсіп үлесі 2,6 %-дан 15 % -ға өскен, электр энергиясын, буды, газ бен суды өндіру 18,5 % -дан 19,4 % -ға дейін өсті.

      Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында мыналардың үлес салмағы көп: тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін өндіру – 58,5 % (республиканың өнеркәсіптік кешенінің мамандануын айқындайды), металлургия – 20,3 %, минералдық өнім өндіру – 6,6 %, машина жасау – 3,1 %.

      Армения сыртқы саудада көпвекторлы сыртқы экономикалық саясатты ұстанады – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен сауда республиканың сыртқы саудадағы тауар айналымының 24,1 %-ын қалыптастырады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Арменияның тауар айналымында ең көп көлем (1,4 мдрд. АҚШ доллары) мен үлес салмақ (96 %) Ресейге тиесілі. 2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығындағы кезеңде барлық елдермен тауар айналымының жалпы көлемінде Ресейдің үлесі 19,7 %-дан 23,2 %-ға дейін өсті. Арменияның жалпы тауар айналымында ЕАЭО қалған мүше мемлекеттердің үлесі елеусіз және 2014 жылы: Беларусь Республикасы 0,8 %, Қазақстан Республикасы 0,1 %, Қырғыз Республикасы 0,1 % құрады. 2014 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен саудада жалпы сальдо 716,8 млн. АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасты.

      Негізгі экспортталатын өнім: тамақ өнімдері мен сусындар, минералдық өнімдер, бағалы емес металдар және олардан жасалған бұйымдар, бағалы металдар мен асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар.

      Негізгі импортталатын өнім: мұнай және мұнай өнімдері, машиналар және жабдықтар, тамақ өнімдері, көлік құралдары.


      1.2. 2008 – 2014 жылдары Қырғыз Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      2014 жылғы деректер бойынша Қырғыз Республикасының өнеркәсібінде 1,9 мың кәсіпорын жұмыс істейді, онда 145 мың адам еңбек етеді (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 6,3 %-ы).
2008 – 2014 жылдары экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 31,3 %-ға қысқарды, ал бір жұмыспен қамтылған адамға қосылған құн бойынша еңбек өнімділігі 8 мың АҚШ долларына жетті. 2014 жылы өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1972,4 млн. АҚШ долларын құрады (ЖІӨ көлемінен 26,6 %, 2008 жылғы деңгейден 9,3 п.т. жоғары), оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар 799,9 млн. АҚШ долларын құрады (ЖІӨ көлемінің 10,8 %-ы).

      2014 жылы Қырғыз Республикасының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,1 млрд. АҚШ долларын құрап, 2008 жылға қарағанда 51,2 %-ға ұлғайды. Өнеркәсіптік өнім көлемінде қосылған құнның үлес салмағы 37 % деңгейінде қалыптасты. Өнеркәсіптік өсімінің негізгі көзі металлургия өндірісін дамыту болды.

      Өнеркәсіптік өнім негізін құрайтын тауарлар экспортының көлемі
1,6 млрд. АҚШ долларын (өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 53 %) құрады, бұл ретте сыртқы саудада 4,3 млрд АҚШ долларында теріс сальдо қалыптасты.

      2014 жылғы Қырғыз Республикасы ЖІӨ көлемі 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады және 2008 жылмен салыстырғанда нақты көріністе
35 %-ға (доллармен көрсеткенде 44 %-ға) ұлғайды. Өнеркәсіптік өндіріс ұлттық ЖІӨ деңгейі мен қарқынына елеулі әсер етіп, ЖІӨ жалпы көлемінің 15,6 %-ын қалыптастырады.

      2008 – 2014 жылдары салыстырмалы бағаларда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 21,3 % болды. 2010 және 2011 жылдары жоғары қарқынды өсуден кейін (109,8 % және 111,9 % тиісінше) 2012 жылы елеулі құлдырау (79,8 %) болды, 2013 жылы жаңадан өсті (134,3 %) және 2014 жылы салыстырмалы түрде баяулады (98,4 %). Өнеркәсіптік қызмет түрлері бөлінісінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі: тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 209,0 %, өңдеуші өнеркәсіпте – 86,4 %, электрмен жабдықтауда, газ, бу және кондицияланған ауа беруде және сумен жабдықтауда – 78,3 % болды.

      Қарастырылып отырған кезеңде Қырғыз Республикасының өнеркәсібінде елеусіз салалық құрылымдық өзгерістер болды: тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 2008 жылғы 2,1%-дан 2014 жылы 3,5 %-ға дейін ұлғайды; электр энергиясын, буды, газды және суды өндіру 2008 жылғы
15,5 %-дан 2014 жылы 14,8 %-ға дейін төмендеді; өңдеуші өнеркәсіп
2008 жылғы 82,3 %-дан 2014 жылы 81,7 %-ға дейін төмендеді.

      Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында мыналардың үлес салмағы едәуір көп: металлургия және метал бұйымдарын өндіру – 58,8 % (республиканың өнеркәсіптік кешенінің мамандануын айқындайды); тамақ өнімдерін өндіру – 16,7 %, жеңіл өнеркәсіп – 4 %.

      Қырғыз Республикасы сыртқы саудада әлемнің 149 елімен сауданы жүзеге асыра отырып, көпвекторлы саясатты ұстанады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерімен сауда 2014 жылы 2986,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл республиканың сыртқы саудадағы тауар айналымының 40,5%-ын, оның ішінде экспортта – 29,8 %-ын, импортта – 43,6 %-ын қалыптастырады.

      Кеден одағы елдеріне тауарлар экспортының көлемі 489,8 млн. долларды (республикадан экспорттың жалпы көлемінің 29,8 %-ын) құрады, оның ішінде тауарлардың 73,7 %-ы Қазақстанға (киім және киім керек-жарақтары, көкөністер мен жемістер, бағалы металдар кендері мен концентраттары, илемделген шыны, сондай-ақ сүт және сүт өнімдері), 25 % - Ресейге (илемделген шыны, шитті мақта және темекі мен темекі өнімдері, қыздыру шамдары, киім заттары, ет және ет өнімдері), 1, 3 % - Беларуське (негізінен автомобиль детальдары мен керек-жарақтары), 0,1 % -дан кемі – Арменияға (машина және жабдықтар) жеткізілген.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден 2014 жылғы импорт көлемі 2497,1 млн. долларды құрады, оның ішінде Ресейден 18,42,1 млн. доллар сомасына (мұнай және мұнай өнімдері, шойын мен болаттан жасалған бұйымдар, ағаш материалдары, өсімдік майлары, астық және одан жасалған өнімдер), Қазақстаннан – 563,3 млн. доллар сомасына (табиғи газ, астық және одан жасалған өнімдер, көмір, темекі және темекі өнімдері, шойын мен болаттан жасалған бұйымдар, тыңайтқышқа арналған шикізат, сусындар), Беларусьтен – 91,3 млн. АҚШ долларына (қант, тракторлар, шиналар, электрлік тұрмыстық жабдықтар, астық және одан жасалған өнімдер), Армениядан – 0,2 млн. АҚШ доллары сомасына (сусындар, фармацевтикалық өнім) тауар әкелінген.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен саудада жалпы сальдо 2014 жылы теріс мөлшерде қалыптасты – 2007,3 млн. АҚШ доллары.


      1.3. 2008 – 2014 жылдары Беларусь Республикасы өнеркәсібінің дамуы

      Беларусь Республикасының өнеркәсібінде 2014 жылы 13,7 мың кәсіпорын тіркелді, онда 989 мың адам жұмыс істейді (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 24,7 %-ы), бүкіл экономиканың негізгі қаражатының 35,6 % шоғырланған, ұлттық ЖІӨ-нің 26,9 %-ы өндірілді, өнеркәсіптік өнім экспорты республикадан тауарлардың жалпы экспортының 92 %-ын құрады. 2008 – 2014 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлеміне республикадан тауарлар экспортына арақатынасы 55-60 % шегінде болды.

      2014 жылы өндірілген өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемі 65,9 млрд. АҚШ долларын, жалпы қосылған құн – 20,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптің негізгі құралдарына инвестициялар 2014 жылы 8,03 млрд. АҚШ долларына немесе бір орташа тізімдік жұмыскерге 8,1 мың АҚШ долларына жетті. Өнеркәсіптегі белсенді инвестициялық саясаттың арқасында негізгі құралдардың тозу деңгейін 2008 жылы 57,7 %-дан 2014 жылы 40,3%-ға төмендетуге және инновациялық өнімнің үлес салмағын 14,2%-ға дейін ұлғайтуға қол жеткізілді.

      2008 – 2014 жылдардағы кезеңде салыстырмалы бағаларда республикадағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 21,2 %-ға (доллармен көрсеткенде 17 %) ұлғайды, бұл ретте өнеркәсіпте ЖҚҚ 20,4 % өсті және ағымдағы бағаларда өндірістің материалды қажетсінуі 2,7 %-ға төмендеді. 2014 жылы қосылған құн бойынша еңбек өнімділігі бір орташа тізімдік жұмыскерге 20,7 мың АҚШ долларын құрады және 2008 жылғы деңгейге қарағанда 27,7 % өсті. Салалық құрылымда өңдеуші өнеркәсіп басым болғандықтан және өндірістің материалды қажетсіну деңгейі жоғары болғандықтан, республика өнеркәсібінің сату рентабельділігінің деңгейі жоғары емес (7,7 %). Өнеркәсіптік өндірісте жалпы қосылған құнның үлес салмағы 2014 жылы 31,1 % болып, 2008 жылғы деңгейге қарағанда (29,5 %) 1,6 п.т. ұлғайды. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің импортты қажетсінуі
2008 жылғы деңгейге қарағанда төмендеп (38,3 %), 2014 жылы 32,2 %-ға жетті.

      Республиканың өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өңдеуші өнеркәсіп басым, оның көлемінің 89,8 %-ын құрайды. Өндіруші өнеркәсіп үлесі 1,5 % болады және мұнай қорының сарқылуы есебінен төмендеуде тұрақты үрдіс байқалады. Электр энергиясын, буды, газды және суды өндірудің үлес салмағы жеткілікті дәрежеде тұрақты және қаралып отырған кезеңде өндіріс көлемінің 7,7 – 8,7 %-ын құрады. Орташа мерзімдік перспективада соңғы сектордың үлес салмағы 2019 жылы Островецкий АЭС-ін іске қосу есебінен өседі. Беларусьтің өнеркәсіптік өндіріс деңгейі мен қарқынын төрт сала қалыптастырады, олар: тамақ өнімдерін өндіру (23,6 %), мұнай өнімдерін өндіру (16,2 %), машина жасау (14,6 %), химия өндірісі (9,9 %).

      2008 – 2014 жылдары негізгі салалық құрылымдық ілгерілеу өңдеуші өнеркәсіпте: тамақ өнімдерін өндірудің (16,7 %-дан 23,7 %-ға дейін), басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндірудің (4,9 %-дан 5,6 %-ға дейін), ағаш өңдеудің (1,7 %-дан 2,0 %-ға дейін) үлес салмағы ұлғайды; мұнай өнімдерін өндірудің (20,2 %-дан 16,3 %-ға дейін), машина жасаудың (18,9 %-дан 14,6 %-ға дейін), металлургияның (7,2 %-дан 6,4 %-ға дейін) үлес салмағы едәуір төмендеді.

      Беларусь Республикасы сыртқы саудада ЕАЭО-ға мүше елдермен тығыз байланысты, ЕАЭО әріптес елдердің нарығына 16,2 млрд. АҚШ доллары сомасына өз өнімін өткізеді және осы елдерден 22,3 млрд. АҚШ доллары сомасына өнімді импорттайды. Өнеркәсіптік ынтымақтастықтағы негізгі әріптесі Ресей Федерациясы болып табылады, 2014 жылы республикадан барлық тауарлар экспортының 42,1 % және барлық импорттың 54,8 % соған тиесілі, бұл екі ел аумақтарының географиялық тұрғыдан жақындығына және өнеркәсіптік кешендерінің тарихи тұрғыдан қалыптасқан өзара толықтырып отыруына байланысты. Беларусь тауарларының Қазақстанға экспорты республика экспорты жалпы көлемінің 2,4 %-ын, Арменияға – 0,1 %-ын, Қырғыз Республикасына – 0,2 %-ын құрады. Беларусь импортының жалпы көлемінде Қазақстаннан тауарлар импорты 0,2 %, Қырғыз Республикасы мен Армениядан – 0,01 % деңгейінде қалыптасқан.

      Белорусьтің ірі және орта өнеркәсіп ұйымдарының 60 %-дан астамы Ресейдің өнеркәсіптік ұйымдарымен кооперацияны жүзеге асырады. Ресейден материалдарды, жиынтықтаушыларды және жартылай фабрикаттарды сатып алу кеңінен таралған (37,2 %), Ресейге кооперация бойынша жеткізуді ұйымдардың 26,7 %-ы жүзеге асырады, ресейлік алыс-беріс шикізатын қайта өңдеумен ұйымдардың 10,5 %-ы айналысады, 2,2 %-ы Ресейде бірлескен өндіріс құрды. Кооперация: машина жасау, резеңке мен пластмасса өндіру, тоқыма және тігін өндірісі, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім шығару кеңінен қамтылған. Беларусь өнеркәсіп өнімі құнында ресейлік аралық тауарлардың үлес салмағы 2014 жылы 13,2 %-ды құрады.

      Беларусь өнеркәсіптік кәсіпорындарының жалпы санының 16,9 %-ы қазақстандық ұйымдармен кооперациялық жағынан өзара байланысты: 6,1 %-ы Қазақстанға материалдар, жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушыларды жеткізеді, бұл ретте ұйымдардың 2,2 % ғана қазақстандық материалдарды (жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушыларды) пайдаланады; ұйымдардың 2 %-ы құрастырмалы өндіріс құрды. Беларусьтің өнеркәсіптік өніміне Қазақстаннан аралық тауарлар импортының үлесі 2014 жылы 0,1 % болды. Қазақстанмен өндірістік кооперация: көлік құралдарын жасау, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, тоқыма және тігін өндірісінде таралған.

      Армениямен және Қырғыз Республикасымен кооперациялық өзара байланыстар Беларусь өнеркәсібі үшін елеусіз: бұл елдердің импорттық аралық тауарлары республикадағы өнеркәсіп өнімі құнының 0,05 %-ын иеленеді.


      1.4. 2008 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің дамуы.

      2014 жылғы деректер бойынша Қазақстан өнеркәсібінде 11,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, онда 1,1 млн. адам жұмыспен қамтылған (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 12,8 %). 2008 жылдан бастап өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 49 %-ға өсті, 2014 жылы бір жұмыспен қамтылған адамға қосылған құн бойынша еңбек өнімділігі 55,1 мың АҚШ долларына жетіп, 2008 жылғы деңгейге қарағанда 27%-ға артты. 2014 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 19,5 млрд. АҚШ долларын, ал тікелей шетелдік инвестициялар – ЖІӨ-ге 1,8%-ды (2008 ж. – 1,6%) құрады. Республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2014 жылы 103,2 млрд. АҚШ долларына жетті, ал өнеркәсіптік өндірісте қосылған құнның үлес салмағы 58,2 % құрап, 2008 жылғы деңгейге қарағанда 14,1 п. т ұлғайды. Өнеркәсіптік өнім негізін құрайтын тауарлар экспортының көлемі 78,2 млрд. АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, бұл ретте сыртқы саудадағы оң сальдо 37,2 млрд. АҚШ доллары болды.

      Тиімділігі жоғары тау-кен өндіру өнеркәсібінің елеулі үлес салмағы (рентабельділігі 62%) есебінен Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің рентабельділігі жоғары болып табылады (2013 жылы рентабельділік деңгейі 35,1% құрады). Өңдеуші өнеркәсіптегі рентабельділік 2013 жылы 8,5% болды және ЕАЭО басқа да мүше елдердің өңдеуші өнеркәсібіндегі осы көрсеткіш деңгейінде болды.

      2014 жылы ЖІӨ көлемі 216 млрд. АҚШ доллары болды және
2008 жылмен салыстырғанда нақты көріністе 30,1% ұлғайды (доллармен көрсеткенде 62%). Өнеркәсіптік өндіріс ұлттық ЖІӨ деңгейі мен қарқынын айқындап, оның едәуір бөлігін қалыптастырады – жалпы көлемінің 27,8%-ы.

      2008 – 2014 жылдары салыстырмалы бағаларда өнеркәсіптік өндірістің өсімі (ФКИ) 20,8%-ды құрады. 2010 жылы жоғары өсу қарқынынан кейін
(109,6%) қарқын біртіндеп бәсеңдеп, 2014 жылы 100,2%-ды құрады. Өнеркәсіптік қызмет түрлері бөлінісінде ФКИ 2008 жылғы деңгейге қарағанда мынадай болды: тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 20,0%, өңдеуші өнеркәсіпте – 24,2 %, электрмен жабдықтауда, газ, бу және кондицияланған ауа беруде – 20,4 %, сумен жабдықтауда - өндіріс көлемі 28,4 % төмендеді.

      Қаралып отырған кезеңде республика өнеркәсібінде елеусіз құрылымдық өзгерістер болды – тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі
2008 жылы 61,1%-дан 2014 жылы 59,7%-ға төмендеді; электр энергиясын, бу, газ және су өндіру 2008 жылы 5,2%-дан 2014 жылы 6,9%-ға өсті; өңдеуші өнеркәсіп өзгермей 32,9 % қалпында сақталды, бұл ретте қосылған құндағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 36,6%-дан 37%-ға дейін өсті.

      Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында мыналардың үлес салмағы неғұрлым көп: металлургия – 31,4 %, машина жасау – 14,9 % (мұнда автокөлік құралдарын жасау және машиналар мен жабдықтарды жөндеу басым), тамақ өнімдерін өндіру – 18,1 %, коксты және мұнай өнімдерін өндіру – 9,1%.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен сауда республиканың сыртқы саудадағы тауар айналымының 18%-ын құрады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Қазақстанның тауар айналымында тауарлардың неғұрлым көп көлемі (шамамен 19 млрд. АҚШ доллары) мен үлес салмағы Ресейге тиесілі.
2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығындағы кезеңде Ресейдің үлесі 18,3%-дан 15,8%-ға дейін төмендеді, 2011 жылы неғұрлым жоғары мәнде болды – 18,4%. Қазақстанның жалпы тауар айналымында ЕАЭО-ға қалған мүше мемлекеттердің үлесі елеусіз және 2014 жылы: Беларусь Республикасы – 0,6%, Армения Республикасы – 0,01%, Қырғыз Республикасы – 0,9% болды. ЕАЭО-ға мүше елдермен саудада жалпы сальдо 2014 жылы 8,9 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасты.

      Негізгі экспортталатын өнім: шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері; газ тәріздес күйдегі табиғи газ; табиғи уран мен оның қосындылары, катодтар және тазартылған, өңделмеген мыстан жасалған катодтар секциялары; феррохром; астық және бидай мен қара бидай қоспасы; мыс кендері мен концентраттары; темір кендері мен концентраттары; өңделмеген, қосылмаған мырыш.

      Қазақстанда 2008 – 2014 жылдар ішіндегі кезеңде анықталған салыстырмалы артықшылығы бар 27 жаңа өнім пайда болды, олар: рапс және күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер, гипс, құбырлар және түтіктер, орталық жылытуға арналған радиаторлар, мыс штейн, тазартылмаған мыс және одан жасалған бұйымдар, мырыш ұнтақтары, теміржол локомативтері және т.б.


      1.5. 2008 – 2014 жылдары Ресей Федерациясы өнеркәсібінің дамуы

      2014 жылғы деректер бойынша Ресей өнеркәсібінде 452 мың кәсіпорын жұмыс істейді, онда 13 млн. адам жұмыспен қамтылған (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 19,3%). 2008 жылдан бастап өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 7,4% төмендеді, ал 2014 жылы бір жұмыспен қамтылған адамға қосылған құн бойынша еңбек өнімділігі
36 мың АҚШ долларына жетіп, 2008 жылғы деңгейге қарағанда 19,3%-ға ұлғайды. 2014 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 259,5 млрд. АҚШ долларын құрады, тікелей шетелдік инвестициялар инвестициялардың жалпы көлемінің 1,9% (2008 жылы – 3%) болды. 2014 жылы Ресейде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 143,3 млрд. АҚШ долларын құрап,
2008 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға ұлғайды, ал өнеркәсіптік өндірісте қосылған құнның үлес салмағы 41,3% болып, 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,1 п.т. төмендеді. Өнеркәсіптік өнім негізін құрайтын тауарлар экспортының көлемі 463,8 млрд. АҚШ доллары болды, бұл ретте сыртқы саудадағы оң сальдо 196,8 млрд. АҚШ доллары.

      2014 жылы өнеркәсіптік өндірістің орташа рентабельділігі 8,6% құрады. Бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібінде осы көрсеткіш едәуір жоғары – 22,2%. Өңдеуші өнеркәсіпте өнеркәсіп өндірісінің рентабельділігі 10,7%, электр энергиясын, газ және су өндіруде және бөлуде – 5 % құрады.
2008 жылмен салыстырғанда өндіріс рентабельділігі өнеркәсіп бойынша тұтастай 5,4 пайыздық тармаққа, тау-кен өндіруші өнеркәсібінде – 5,4 п.т, өңдеуші өнеркәсіпте – 7 п.т, электр энергиясын, газ және су өндіруде және бөлуде – 0,3 п.т. төмендеді.

      2014 жылы ЖІӨ көлемі 1 880,6 млрд. АҚШ доллары болды және 2008 жылмен салыстырғанда нақты көріністе 5,9 % (доллармен көріністе 13%) ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісі ұлттық ЖІӨ деңгейі мен қарқынын айқындап, оның маңызды бөлігін – жалпы көлемінен 25,1% қалыптастырады.

      2008 – 2014 жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісінің өсімі салыстырмалы бағаларда 6,2%-ды құрады. 2010 және 2011 жылдардағы жоғары өсу қарқынынан (тиісінше 107,3% және 105%) кейін қарқын біртіндеп бәсеңдеп, 2014 жылы 101,7% болды. Өнеркәсіптік қызмет түрлерінің бөлінісінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда өнеркәсіптік өндіріс индексі: тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 106,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 109,2%, электр энергиясын, газ және су өндіруде және бөлуде – 98,3% құрады.

      Қаралып отырған кезеңде Ресей өнеркәсібінде елеусіз құрылымдық өзгерістер болды:

      өңдеуші өнеркәсіп үлесі 2008 жылы 68,3%-дан 2014 жылы 66,2%-ға дейін;

      электр энергиясын, буды, газды және суды өндіру – 2008 жылы 10,4%-дан 2014 жылы 10,3 %ға дейін төмендеді;

      тау-кен өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2008 жылы 21,3 %-дан 2014 жылы 23,4%-ға дейін ұлғайды.

      Өңдеу өнеркәсібі құрылымында мыналардың үлес салмағы едәуір көп: коксты және мұнай өнімдерін өндіру - 25,5%, машина жасау – 20% (оның ішінде, көлік құралдар мен жабдықтарын жасау – 10,2 %, электрондық және оптикалық жабдық жасау – 5,6%, машиналар мен жабдықтарды жасау – 4,2%), тамақ өнімдерін өндіру – 16,3%, металлургия – 15%.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен сауда сыртқы саудадағы тауар айналымының шамамен 8%-ын құрады. 2014 жылдың қорытындылары бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге Ресей Федерациясының экспорты 36,4 млрд. АҚШ долларын, ал Ресей Федерациясына импорт – 19,3 млрд. АҚШ долларын құрады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Ресей Федерациясының тауар айналымында Беларусь Республикасының үлес салмағы едәуір көп және 56,5 %-ды құрайды. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен тауар айналымы жалпы тауар айналымының – 37,7%-ын, Қырғыз Республикасымен – 3,3%-ын, Армения Республикасымен – 2,5%-ын құрайды. Ресей Федерациясы мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жалпы сальдосы оң және 17,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

      Негізгі экспортталатын өнім: минералды өнімдер, машиналар, жабдықтар мен көлік құралдары, металдар және одан жасалған бұйымдар, химия өнеркәсібі өнімдері.


      2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамудағы басымдықтары

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңдеуші өнеркәсіп өнімінің ортақ нарығы сыйымды салалық сегменттерге ие, ол орташа мерзімдік перспективада Тараптардың өнеркәсіптік өсуін жылдамдату үшін негіз бола алады.

      2014 жылы Ортақ нарықтың неғұрлым сыйымды сегменттері мыналар болды: көлік құралдары мен жабдықтар сегменті 118,1 млрд. АҚШ доллары (нарық сыйымдылығының 13,8 %); машиналар мен жабдықтар – 83,5 млрд. АҚШ доллары (9,8%); металлургия өнімдері – 109,1 млрд. АҚШ доллары (12,8%); электр жабдықтар, электрондық және оптикалық жабдықтар – 85,3 млрд. АҚШ доллары (10,0%); химия өнеркәсібі өнімдері – 70,6 млрд. АҚШ доллары (8,3%); резеңке мен пластмассадан жасалған өнімдер – 30,2 млрд. АҚШ доллары (3,6%); металл емес минералдық өнімдер – 40,7 млрд. АҚШ доллары (4,8%); тоқыма және тігін өнімдері – 21,3 млрд. АҚШ доллары (2,5%). Санамаланған сегменттер жиынтық түрде Ортақ нарық сыйымдылығының шамамен 65 %-ын құрады.

      Өздерінің ұлттық нарығына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімін өткізу 2014 жылы Ортақ нарық сыйымдылығының 65,4%-ын алып, мынадай сегменттерде үстем болды:

      металл емес минералдық өнімдер (сегмент сыйымдылығының 84,7%); сүректі өңдеу өнімі (69,4%); тамақ өнімдері (80,6%);

      целлюлоза-қағаз өндірісі өнімдері (74,8%);

      металлургия өнімдері (74,7%);

      өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салаларының өнімдері (77,3%).

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңдеуші өнеркәсіп тауарларының өзара экспортына Ортақ нарық сыйымдылығының 4,6%-дан сәл кем мөлшері тиесілі, бұл олардың арасында қалыптасқан өнеркәсіптік ынтымақтастық пен өндірістік кооперация деңгейінің төмен болуымен сипатталады. Өзінің салалық сегментінде мыналардың үлес салмағы едәуір көп:

      ағаш өңдеу өнімінің өзара экспорты (салалық сегмент сыйымдылығының 8,0%);

      целлюлоза-қағаз өндірісі өнімдері (9,3%);

      былғарылар, былғарыдан жасалған тауарлар мен аяқкиімдер (7,1%).

      Санамаланған салалардың технологиялық деңгейі төмен және орташа болады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің меншікті шикізат базасына негізделеді.

      Ортақ нарықтың мынадай салалық сегменттерінде тауарлардың өзара экспортының елеулі үлесі бар: машиналар және жабдықтар (5,7%); резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар (5,2%), тоқыма және тігін өндірісі өнімдері (4,6 %). Сонымен қатар, Ортақ нарық сегменттерінде: химиялық өнімді, электр жабдықтарын, электрондық және оптикалық жабдықты, металлургия өнеркәсібі өнімін, көлік құралдарын және жабдықтарды өзара экспорттау үлесі төмен (орташа деңгейден төмен) болып табылады.

      Осы айтылғандарды негізге ала отырып, ортақ нарықтың мынадай сегменттері: көлік құралдары сегменті, электр жабдықтары, оптика және электроника сегменті, химия өнеркәсібі өнімінің сегменті, металлургия және металл конструкция сегменті қазіргі кезде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың неғұрлым жоғары әлеуетіне ие.

      Ортақ нарықтың сыйымдылығында өзара экспорт үлесінің үнемі өсуі (2011 жылы 4,3%-дан 2014 жылы 4,6%-ға дейін), 2014 жылы Ортақ нарықтың сыйымдылығын төмендетуге оның тұрақтылығы – еларалық өндірістік кооперацияның тереңдету және өнеркәсіптік өнімнің жаңа түрлерінің өндірістерін құру шеңберінде, өзара жеткізілімдерді ұлғайтудағы қолда бар әлеуетті көрсетеді.

      Мүше мемлекеттер экономикалық қызметтің басым түрлерін, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуды бірлесіп айқындайды, бұл барлық мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндіріс пен өзара жеткізілімдерді ұлғайтуға жағдай жасайды, Ортақ нарық әлеуетін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу сегментінде неғұрлым тиімді пайдалануға және Тараптардың өнеркәсіптік өндірісін дамытуда синергетикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


      2.1. Армения Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      Армения Республикасында өнеркәсіп саласындағы негізгі стратегиялық құжат "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы Армения Республикасының № НО-184-N Заңы мен Армения Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 149 Шешімімен бекітілген Армения Республикасының Экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік саясат стратегиясы болып табылады.

      Стратегияға сәйкес Арменияда өнеркәсіптің жылдам дамушы
салалары – пайдалы қазбаларды өндіру мен түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі, фармакология, тоқыма және зергерлік өнеркәсіп болып табылады. Армения ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп, химия, биотехнология, машина жасау, аспаптар жасау, электр техникасы және құрылыс материалдарын жасау сияқты салаларда зор әлеуетке ие.

      Экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында, Армения Республикасының Үкіметі экспорттық әлеуеті бар салаларды дамыту кезінде білімге негізделген экономика құруды өзінің ұзақ мерзімдік стратегиялық міндеті етіп жариялады. Өнеркәсіптік саясаттың басшылыққа алатын қағидаты – Арменияны шығармашылық адами капитал күштерімен ғылымды қажетсінетін және құндылығы жоғары тауарлар өндіретін әрі қызметтер көрсететін елге трансформациялау болып табылады.

      Экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік саясаттың ұзақ мерзімдік
мақсаты – қазіргі экспорттық салалар мен экспорттық әлеуеті бар салаларды кеңейту жолымен локомотив рөлін атқаратын жаңа салаларды қалыптастыруды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық базасын жетілдіруді, саудадағы кедергілерді жоюды, инфрақұрылымды жаңғыртуды, армян тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және шетелдік инвестициялар тартуды білдіреді.

      Бұл саясат 11 салаға шоғырланған, олар: шарап жасау, коньяк шығару, алмастарды өңдеу, сағаттар жасау, тоқыма өнеркәсібі, биотехнология, фармакология, консервілер өндіру, минералды сулар құю, шырындар құю және нақты машина жасау. Бастапқыда әртараптандырылған экспорттық өнеркәсіпті дамыту үшін, өсу әлеуеті бар, экспорттық нарықтары қалыптасқан және соңғы жылдарда экспорт көлемі ең көп салаларға баса назар аударылады, өйткені капитал салымы қалыпты болған кезде, өндіріс көлемін едәуір ұлғайту үшін олардың перспективалары жақсы (мысалы, телекоммуникациялық технологиялар, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және т.б.).

      Содан кейін соңғы жылдары қарқынды өскенімен, 10 млн. экспорт көлемінен аспаған салаларды, сондай-ақ "ақылды" және ғылымды қажетсінетін салаларды дамытуға назар аударылады. Бұл тұрғыдан саясат ірі ауқымды инвестицияларды тартуға, тұрақты орын алған проблемаларды шешуге, өндірістік және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда, бұл саясат екі басым бағытта жүргізіледі, олар:

      өнімділікті арттыру үшін қолайлы кәсіпкерлік орта құру;

      өнеркәсіпке тартылған жеке сектор фирмаларын қосалқы құралдармен қамтамасыз ету.

      Елде өңірдегі бизнеске неғұрлым қолайлы орта жасауға бағытталған реформалар мыналарды қамтиды:

      үкіметтің есеп беруін ұлғайту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, салық ведомстволарының тиімділігін жақсарту және тәуекел деңгейін ескере отырып, аудит пен бақылауды жүзеге асыру;

      бизнес-процестерді жаңғырту, нарық пен қызметтер көрсету сапасын жетілдіру жолымен экспорт-импорт рәсімдерін оңайлату;

      e-government жүйесін енгізу;

      құрылысқа рұқсат алу рәсімін оңайлату;

      сот процестері мерзімдерін қысқарту;

      қаржыландыруға тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      меншікті тіркеу рәсімдерін қысқарту;

      банкроттық рәсімдерін оңайлату;

      зияткерлік меншікті қорғау және зияткерлік меншікті қорғау тұрғысынан шетелдік нарықтарда армян экспорттаушыларын қолдау.

      Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту – өнімділікті арттырудың неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі. Капитал ұсынудан басқа, тікелей шетелдік инвестициялар жаңа технологиялардың, менеджмент әдістерінің, ноу-хаудың маңызды көздері болып табылады және нарықтарға қол жетімділікті ашады. Бастамалар портфелі салалық инвестицияларды жүзеге асыру үшін Арменияға алдыңғы қатарлы трансұлттық корпорацияларды тарту жөніндегі маңызды міндетке бағытталады. Алдыңғы қатарлы технологиялық фирмаларды тартуға ерекше мән берілетін болады.

      Мынадай:

      салық және кеден салаларына тәуекелдер негізінде бақылау жүйесін толық енгізу;

      өнеркәсіптік тетіктер мен жабдықтар үшін шекарада ҚҚС есептеу және алу туралы талаптардың күшін жою;

      еркін экономикалық аймақтарды тарту;

      халықаралық талаптарға сәйкес келетін зертханалар мен сертификаттау органдарын құру;

      сапаны басқару жүйелеріне арналған тиісті қағидаларды әзірлеу, қадағалау органдарының әлеуетін дамыту және компанияларға жүйелерді енгізуді қолдау;

      Арменияның басым салаларына алдыңғы қатарлы жаһандық көпұлтты корпорацияларды тарту;

      экспорттың сенімді қаржы институтын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру есебінен өнеркәсіптік саясат мақсаттарына қол жеткізу көзделеді.


      2.2. Қырғыз Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      Қырғыз Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары Қырғыз Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 11 Жарлығымен бекітілген, Қырғыз Республикасын тұрақты дамытудың 2013 – 2017 жылдар кезеңіне арналған ұлттық стратегиясымен айқындалған.

      Қырғызстанда отандық және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасау 2013 – 2017 жылдары мемлекеттік билік органдары жұмысының маңызды бағыты болып айқындалды. Бұл ретте басымдық тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, туризмді, ауыл шаруашылығын, көлік, қаржы секторын, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан бағдарланған жаңа технологияларға негізделген бизнес саласын дамытуға шоғырланды.

      Стратегия Қырғыз Республикасын энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, сондай-ақ болашақта электр энергиясының ірі экспорттаушысы мәртебесін алу жолында елеулі түрде ілгерілетуді көздейді.

      Бұл ретте, негізінен гидроэлектр энергетикасын дамытуға иек артылады.

      Жаңа электр энергетикасы объектілері іске қосылғаннан бастап қымбат емес электр энергиясын қосымша өндіру кәсіпорындар санының кеңеюіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына, шағын және орта кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруға, өңірлердегі экономиканың жандануына әкеледі.

      Энергетикалық сектор бөлігінде Стратегияның негізгі мақсаты – Қырғыз Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетін дамыту болып табылады.

      Аталған мақсатқа мынадай міндеттерді шешу есебінен қол жеткізу көзделеді:

      электр энергиясын берудің, ен алдымен ішкі тұтынушыларға берудің сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;

      энергетикалық компаниялардың шығындарын жабуды қамтамасыз ететін, теңгерімді тарифтік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      техникалық та, коммерциялық та ысырапты қысқарту;

      энергетикада қаржылық және корпоративтік басқаруды жақсарту, коммерциялық және қаржылық тәртіпті күшейту;

      электр энергетикасының рентабельділігін қамтамасыз ету;

      электр энергиясының өңірлік нарығында Қырғыз Республикасының бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;

      гидроэнергетика жобаларына инвестициялар тарту шарттарын жетілдіру.

      Тау-кен өндіру саласы ел экономикасының маңызды стратегиялық саласы болып табылады, ол биліктен Қырғызстанның табиғи байлықтарын игерудің инвестициялық тартымдылығы үшін жағдай жасауды талап етеді.

      Тау-кен өндіруші өнеркәсібінде алтын кен орындарын игеруге, мұнай мен газға, уранды барлау мен көмір өндіруші өнеркәсіпті дамытуға басымдық берілген.

      Тау-кен өндіру саласын дамытудың мақсаты:

      өндірісті әртараптандыру және әлемдік экономикаға ықпалдастыру арқылы тау-кен секторынан түсетін кірісті ұлғайту;

      меншік нысаны мен елдік тиесілілігіне қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;

      пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеру және қосымша жұмыс орындарын құру;

      озық тау-кен өндіру технологияларын енгізу және шығынды әрі экологиялық тұрғыдан зиянды өндіру әдістерін қолдануға қарсы іс-қимыл жасау;

      жер қойнауын пайдаланушылардың, мемлекет пен қоғамның мүдделер теңгерімін сақтауға бағытталған мемлекеттік реттеу тетігін енгізу.

      Тау-кен өндіру саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттің, инвестордың және жергілікті қоғамдастықтың мүдделер теңгерімін сақтауға бағытталатын болады.

      Стратегияға сәйкес осы жұмыстың нәтижесі – жергілікті билікті қоса алғанда, барлық мемлекеттік билік институттарының заңға бағынатын инвесторды нақты қорғауы болуға тиіс.

      Сонымен қатар инвестициялық тартымдылықты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ формальды емес экономиканы қысқарту өнеркәсіпті дамытудың шешуші бағыттары болып айқындалған.

      Стратегияда тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ерекше мәнге ие екені көзделген, өйткені олар технологиялар мен басқару практикасын әкеледі, шетелде жаңа нарықтарға жол ашады.

      Шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты негізгі мақсат – олардың қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы шағын және орта бизнестің (ШОБ) тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген, Қырғыз Республикасының 2013 – 2015 жылдарға арналған өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы Қырғыз Республикасының өңдеуші өнеркәсібін дамытуға қатысты негізгі стратегиялық құжат болып табылады.

      Бағдарламада өнеркәсіптің басым салалары айқындалған, олардың қатарына металлургия және тамақ өңдеу саласы, тоқыма және тігін өндірісі; басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндіру кірді.

      Бағдарламаның мақсаттары:

      өнеркәсіптік өнімді өндіру мен оны экспорттаудың өсуі;

      Кеден одағы нарықтарында қырғыз өнеркәсіптік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

      ЖІӨ-де өнеркәсіптік өнімнің үлес салмағын ұлғайту;

      өнеркәсіпте қосымша жұмыс орындарын құру;

      жергілікті өндірушілерді қорғау, жекелген өнеркәсіптік тауарлар үшін отандық нарықты дамыту;

      Қырғыз Республикасына инвесторларды тарту арқылы өнеркәсіптік және техникалық ноу-хауды арттыру болып табылады;


      2.3. Беларусь Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      Беларусь Республикасында өнеркәсіптік саясат дамудың негізгі бағыттары мен оларды іске асыру тетіктерін айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар кешенімен қалыптасады.

      Беларусь Республикасының орташа мерзімдік перспективаға арналған өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, міндеттері мен болжамды индикаторлары: Беларусь Республикасының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған өнеркәсіпті кешенді дамыту бағдарламасымен, Беларусь Республикасының 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасымен (қазіргі уақытта жоба әзірленуде), болашақ бес жылға жоспарланған салалық даму бағдарламаларымен, Беларусь Республикасының "бір жыл қосу екі жыл" кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен айқындалады.

      Аталған құжаттарға сәйкес, республиканың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған өнеркәсіптік кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мақсаты: өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға және еңбек өнімділігі бойынша Еуроодақ елдерінің деңгейіне жақындатуға (қосылған құн бойынша), әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім шығаруды ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағдарланған бәсекеге қабілетті инновациялық өнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

      Негізгі міндеттер: қызметтің тиімсіз түрлерінің көлемін біртіндеп қысқарта отырып, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірісті озық дамыту, маманданудың дәстүрлі бағыттарын жаңғырту және соның негізінде, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін ұтымды өнеркәсіп құрылымын қалыптастыру; өндірістік әлеуетті сапалы түрде жақсарту, өнімнің материалды және импортты қажетсінуін азайту; технологиялық үстемдік орталықтарын қалыптастыру; өнеркәсіптік өндірісті экологияландыру. ЕАЭО бойынша әріптес елдермен өнеркәсіптік өндірістік кооперацияны дамытуға және Ортақ нарықтың әлеуетін пайдалану деңгейін арттыруға жеке бағыт бөлінген.

      Салалық басымдықтардың екі тобы белгіленген. Бірінші топ – қызметтің жоғары технологиялық түрлері: микроэлектроника, фотоника, фармацевтика, нақтылығы жоғары машина жасау. Екінші топ – жергілікті шикізат ресурстарындағы қызмет түрлері: ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнімдерін өндіру, басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндіру, зығырдан жасалатын бұйымдарды өндіру, былғары мен аяқ киімдер өндіру, химия өндірісі.


      2.4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      Индустрияландыру саласындағы мемлекеттік саясат "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 534-ІҮ Заңымен (бұдан әрі – Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі – ИИДМБ) айқындалады.

      Бағдарламада өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторын дамыту көзделген, олар: қара металлургия, түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, тамақ өнімдерін өндіру, агрохимия, өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру, автокөлік құралдарын, олардың бөліктерін, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарын жасау, электр машиналары мен электр жабдықтарын жасау, ауыл шаруашылығы техникасын жасау, теміржол техникасын жасау, тау-кен өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтарды жасау, мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтарды жасау, құрылыс материалдарын жасау.

      Атап айтқанда, осы секторларда мынадай басым бағыттар мен міндеттер айқындалған: қара металлургияда – құбырлар жасауды және илемдерді, қорыталарды ұлғайту және темір-кен шикізатының шекті деңгейін арттыру; түсті металлургияда – бастапқы алюминийді, сондай-ақ мыс өндіруді және қайта өңдеуді ұлғайту, бұл ретте мемлекет тау-кен металлургиясы кешеніндегі жобаларды мемлекеттік қолдау шарасы ретінде пайдалы қазбалардың кен орындарын конкурстық рәсімдерсіз береді; теміржол машинасын жасауда – жасап шығарылатын локомотивтердің, жолаушылар және жүк вагондарының оқшаулануын ұлғайту; автомобиль жасауда – "Ssang Yong", "Peugeot" маркалы шығарылатын автомобильдерді оқшауландыруды ұлғайту, "АВТОВАЗ" ААҚ-мен жылына 120 мың авто жасау бойынша толық циклдің бірлескен жобасын іске асыру; ауыл шаруашылығы машинасын жасауда – "Гомсельмаш" ӨБ-мен және "Ростсельмаш" ААҚ-мен бірлесіп астық жинау комбайндарын бұрыннан бар құрастыру өндірістерін оқшауландыруды ұлғайту; астық егетін және топырақты өңдейтін техниканы жасау; химия өнеркәсібінде – азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды өндіруге бағытталған ЕАЭО елдерінен капиталдың қатысуымен нақты жобалар іске асырылады, бұл кооперацияға қолайлы алғышарттар жасайды және қазақстандық өндірушілерге тауарлар арақатынасын саралауға мүмкіндік береді; құрылыс индустриясында – гидро және жылуды оқшаулайтын материалдар, әрлеу материалдары өндірістерін құру және жаңғырту бойынша басым бағыттарды іске асыру жоспарланады.

      Бағдарламада Қазақстан Республикасы үшін де және ЕАЭО-ға мүше елдердің ортақ нарығы үшін де басым барлық 14 сектордың СЭҚ ӨС номенклатурасында қызметтің басым түрлері және тауар топтары бойынша қажеттіліктер айқындалған.

      Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін, индустриялық дамуды қолдаудың жалпы жүйелік шараларын, дамудың кластерлік тәсілдерін шешеді.


      2.5. Ресей Федерациясының өнеркәсіптік даму басымдықтары

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 1662-р өкімімен бекітілген, Ресей Федерациясының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасында өнеркәсіп, көлік, құрылыс пен аграрлық сектордың негізгі салалары алдағы 10-15 жылда білім беруді, халықты жұмыспен қамтуды және кірістер жүргізуді іске асыруда маңызды сектор болып табылатыны белгіленген. Нақты осы секторларда Ресейдің едәуір бәсекеге қабілетті артықшылығы бар. Алайда, тиімділіктің өсуі мен құлдырауының негізгі кедергілері осы жерде жиналған.

      Іргелі сипаты бар "Ресей Федерациясының өнеркәсіптік саясаты туралы" 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 488-ФЗ Федералдық Заңы осындай жағдайларда, бағдарламалық құжаттарда негізге алынған өнеркәсіптік саясаттың негізгі құралдарын іске асыру негізі болуға, өнеркәсіптік қызметті ынталандыру шараларын жүйелендіруге, өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін айқындауға арналған.

      Осы Федералдық заң Ресей Федерациясының өнеркәсіптік саясатын қалыптастыру және іске асыру кезінде өнеркәсіптік саладағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер, көрсетілген қызметті қолдау инфрақұрылымының құрамына кіретін ұйымдар, Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдары, Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

      Федералдық заңға сәйкес өнеркәсіптік саясаттың мақсаттары:

      мемлекет экономикасының экспорттық-шикізаттық даму типінен инновациялық даму типіне көшуін қамтамасыз ететін, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті қалыптастыру;

      ел қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және Ресей Федерациясы азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

      Өнеркәсіптік саясаттың міндеттері:

      федералдық деңгейде стратегиялық жоспарлау құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін, қазіргі өнеркәсіптік инфрақұрылымды, өнеркәсіп саласындағы қызметті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту;

      шет мемлекеттер аумағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру шарттарымен салыстырғанда өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асырудың бәсекелестік шарттарын құру;

      өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін зияткерлік қызмет нәтижелерін енгізуді және инновациялық өнеркәсіптік өнім өндіруді игеруге ынталандыру;

      өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін материалдық, қаржылық, еңбек және табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етуге ынталандыру, импорт алмастыратын, ресурс үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу;

      қосылған құн үлесі жоғары өнім шығаруды ұлғайту және осындай өнімнің экспортын қолдау;

      өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін технологиялық қайта жарақтандыруды қолдау, олардың ескіруінің алдын алатын қарқындарды ескере отырып, негізгі өндірістік қорларды жаңғырту;

      өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тәуекелін төмендету;

      ұлттық экономиканың технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Өнеркәсіптік саясаттың негізгі қағидаттары:

      өнеркәсіп саласында стратегиялық жоспарлау құжаттарын алыптастырудың бағдарламалық-нысаналы әдісі;

      өнеркәсіпті дамыту мақсаттарының және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін ынталандыру шараларының өлшенуі;

      өнеркәсіптік саясат тиімділігінің мониторингі және оның іске асырылуын бақылау;

      стратегиялық жоспарлау құжаттарында белгіленген көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу үшін өнеркәсіп саласындағы қызметті ынталандыру шараларын қолдану;

      Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдары, Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік билік органдары, жергілікті
өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыратын өнеркәсіп саласындағы қызметті ынталандыру шараларын үйлестіру;

      мемлекеттік реттеу және нарықтық экономика нысандары мен әдістерін, өнеркәсіп саласындағы қызметті тікелей және жанама ынталандыру шараларын ұтымды ұштастыру;

      ресурстармен қамтамасыз етілуі және өнеркәсіптің басым салаларын дамытуға оларды шоғырландыру;

      өнеркәсіптік саясатты әзірлеу және мемлекеттік қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, өнеркәсіп саласындағы қызметті ынталандыру шараларын қолдану кезінде ақпараттық ашықтық;

      өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің мемлекеттік қолдауды оны ұсыну шарттарына сәйкес оны алуға тең қолжетімділігі;

      ғылымды, білімді және өнеркәсіпті ықпалдастыру;

      федералдық мүдделер басымдығын сақтау шартымен, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеуі және оны дамыту мәселелерін шешуде Ресей Федерациясы субъектілерінің мүдделерін ескеру болып табылады.

      Бұған қоса, Ресей Федерациясының өнеркәсібін дамыту Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 328 қаулысымен бекітілген "Өнеркәсіпті дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Федералдық заң мен Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Ресей Федерациясында тиісті салалық даму бағдарламалары әзірленеді.


      2.6. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытудағы
сын-қатерлер

      Бүгінгі таңда, өндірістік процестер күрделілігінің күннен күнге өсуі, өнімнің, оны құрылымдау, жобалау, өндірісті басқару процестерінің күрделене түсуі өнеркәсіптік өндірісті дамытудағы әлемдік
сын-қатерлердің бірі болып табылады.

      Экономикасы дамыған елдер деңгейінен ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнеркәсібінің қалып қоюының негізгі себептерінің бірі – өнеркәсіптік кешеннің технологиялық құрылымының жетілмеуі болып табылады.

      ЭЫДҰ елдерінің өнеркәсібі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнеркәсібіне қарағанда басқаша технологиялық құрылымға ие: жоғары технологиялық сектор өнеркәсіптік өндірістің 7%-дан 14%-ға дейінгісін құрайды. Қызметтің жоғары технологиялық өнеркәсіптік түрлері технологиясы төменірек сала үшін бәсекеге қабілеттілік көзі, ал төмен технологиялық салалар – қалғандары үшін шикізат пен материалдар көзі болып табылады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірісте жоғары технологиялық сектордың үлес салмағы 2 – 4%-ды құрайды, бұл ЭЫДҰ елдерінің деңгейінен шамамен үш есе төмен және олардың өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігінің тұтастай төмендеуіне әкеледі.

      Өнеркәсіптік өндірістегі өсіп келе жатқан күрделілікті еңсеру инжинирингтік компаниялар секторын дамыту есебінен болады, олар нарықты зерттеу, болашағы бар тауар тауашаларын іздестіру, инвестициялық жобалардың 6D-моделін әзірлеу, технологиялар трансфері процестерін атқарады.

      Қазіргі заманғы өнеркәсіптік өндірісте жаңа өнімді жобалау жылдамдығы өсті, ал өндірісте жаңа моделді игеру уақыты бірнеше аптаға дейін азайтылуы тиіс, бұл өнімді көшіру тәуекеліне байланысты болып отыр. Әлемдік жобалаудың негізгі трендтерінің бірі – бұйымдарды модульдік конструкциялауға көшу болып табылады, мұнда бұйымның компоненті функцияға байланысты болады және стандартты интерфейс арқылы барлық компоненттер бір бұйымға жиналады. Модульді конструкцияларды пайдалану еңбек шығындарын үнемдейді және түпкілікті өнімді тестілеу және сертификаттау уақытын қысқартады.

      Өндіріс процестерін басқарудың электрондық жүйелерін енгізуде, жобалаудың модульді қағидатын қолдауда, жылдам қайтадан жолға қойылатын технологиялық арналарды пайдалануда артта қалу өнеркәсіптің бәсекелестік артықшылықтарын жоғалтуға әкеледі. Бірінші кезекте, цифрлық экономикаға көшу саласында шешімдер қабылдайтын тұлғалар үшін цифрлық технологиялар саласында құзыреттерді арттыру және білім беруді ұйымдастыру аса маңызды. Осыған байланысты, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО елдері дамуының Еуразиялық цифрлық платформасын әзірлейді. Бұған қоса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің инновациялық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін және технологиялық платформалар, технологиялық трансфер желісі сияқты индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін жағдайларды бірлесіп белсенді түрде жасауы қажет.

      Индустриялық дамыған елдер жаңа индустрияландыру саясатын жариялады, ол: өз аумағына өндірістерді қайтару, жоғары технологиялық қызмет түрлері бойынша инновациялық дамуды жандандыру, энергия ресурстарды өндіруді ұлғайту және дәстүрлі емес тәсілдермен (жаңартылатын энергия көздері) электр энергиясын шығару есебінен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету болып табылады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін аталған үрдістер сыртқы нарықтарды сапалы бәсекелестікті едәуір күшейтуді, үшінші елдерге шикізаттық емес экспортты ұлғайтудағы қиындықтарды білдіреді.

      Осы сын-қатерді еңсеру технологиялық артта қалуды қысқарту және үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп өндірілген өнімнің экспортын дамыту бойынша Тараптардың бірлескен күш-жігерін және осы нарықтарда өзара іс-қимыл жасауды талап етеді.

      3. ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері

      ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мақсаты - өнеркәсіптік дамудың жылдамдығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету, мүше мемлекеттер өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық белсенділігін арттыру үшін мүше мемлекеттердің тиімді әрі өзара пайдалы өзара іс-қимыл жасауы әлеуетін іске асыру болып табылады.

      ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен міндеттері:

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісінің өсу қарқындары мен көлемдерін ұлғайту;

      кооперациялық ынтымақтастықты дамыту;

      ЕАЭО ортақ нарығында мүше мемлекеттер өнімінің үлесін ұлғайту және оны оқшауландыруды кезең-кезеңмен арттыруға ұмтылу;

      экспортқа бағдарланған жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамыту, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнеркәсібінің жаңа инновациялық секторларын құра отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру);

      федералдық (республикалық) және өңірлік (жергілікті) деңгейлерде ЕАЭО ортақ нарығындағы өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді жою;

      инвестициялар тарту және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қаржылық ресурстардың қол жетімділігін арттыру болып табылады.


      4. ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бағыттары мен құралдары (тетіктері)

      Мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісін қолдау бойынша, оның ішінде мемлекеттік және корпоративтік сатып алулар сияқты құралдарды пайдалану, ұзақ мерзімдік келісімшарттарды орналастыру, өзара пайдалы өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның болашағы бар нысандарын дамыту және нормативтік реттеу, қаржылық қолдаудың әртүрлі құралдары, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту есебінен, мүше мемлекеттер бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлей алады.


      4.1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқындары мен көлемдерінің ұлғаюы.

      4.1.1. Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісі

      Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісін қалыптастыру мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мынадай іс-шараларды іске асырады:

      - өнеркәсіптегі тапсырыстарды іздеудің және ұйымдастырудың ортақ ақпараттық жүйесін құрады (өнеркәсіптік кәсіпорындар және шығарылатын өнім, өндірістік қуаттылық және қолда бар ресурстар туралы дерекқорлар);

      - субконтрактациялар биржаларын ұйымдастырады және өткізеді (әріптестерді іздеу, келіссөздер жүргізу және алдын ала шарттар жасасу алаңы);

      - кооперацияда әріптестер іздеу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарына консультациялық қолдау жүргізуді ұйымдастырады.

      Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында кооперациялық байланыс құрудың, өндірістік тізбектерге шағын және орта кәсіпорындарды тартудың тетігі болып табылады. Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның негізгі Еуразиялық желісі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы мен субконтрактациясының ұлттық сегменттерін (ұлттық желілерін) құру және олардың жұмыс істеуі болып табылады.

      Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісінің негізгі міндеттері – өнеркәсіптік өнімді әзірлеуге, өндіруге және оған сервистік қызмет көрсетуге тапсырыстарды өнеркәсіптік кәсіпорындардың орналастыруы арқылы өндірістік процестерді оңтайландыру, сондай-ақ басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық процестерді орындау болып табылады, бұл өндірістің неғұрлым тиімді ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруға және өндірістік қуаттылықтарды оңтайлы жүктеуге мүмкіндік береді.

      Комиссия Тараптардың қатысуымен өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісін құру және оның жұмыс істеуі тұжырымдамасын әзірлейді, бұл ретте Тараптар өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық сегменттерін – ұлттық желілерін өз бетінше әзірлейді және қалыптастырады.


      4.1.2 Өнеркәсіптік өндіріске инвестициялар тартуды ынталандыру

      Еуразиялық ықпалдастықты тереңдете отырып, ЕАЭО шеңберінде ортақ нарық пен бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыта отырып, мүше мемлекеттер инвестициялық ахуалды жақсарту және мыналардың:

      өнеркәсіпті дамытуға шетелдік инвестицияларды, оның ішінде өзара инвестицияларды тарту;

      бірлескен жобаларды іске асыру үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттерін (қарыздарын) тарту;

      бірлескен жобалар мен кооперациялық әсері бар жобаларды қаржыландыру құралдарын тарту есебінен, ұлттық өнеркәсіптік кешендерді қаржыландыру көлемдерін ұлғайту үшін жағдай жасайды.

      Мүше мемлекеттер Комиссияның консультациялық қолдауымен бірлескен кооперациялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту үшін халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды тереңдетуді қамтамасыз етеді.

      Генерациялау, даму және технологияларды коммерцияландыру сатысындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру көздері бірлескен венчурлік және инвестициялық компаниялар (қорлар) да болуы мүмкін.

      Инновациялық салада даму мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, бизнес қоғамдастықтар технологияларды дамытуға және коммерцияландыруға, инновациялық кәсіпорындар құруға, инновациялық өнеркәсіптік тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруді іске қосуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырады.


      4.1.3. Басым бағыттар мен жобаларды қаржыландыру

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы шеңберінде кооперациялық әсері бар жобаларды қаржыландыруда Еуразиялық даму банкіне (бұдан әрі – ЕАДБ) жетекші рөл беріледі. Бұл ретте, Банктің стратегиясына сәйкес мұндай жобалардың үлесі үнемі ұлғайып отыруға тиіс.

      Кооперациялық әсер:

      - инвестициялық жобаларды іске асыру үшін технологиялық жабдықты беру, оның ішінде лизингтік схемаларды пайдалана отырып беру жүзеге асырылатын қысқа мерзімдік сипатта болуы;

      - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кәсіпорындары арасында орнықты байланысты қалыптастыратын инвестициялық жоба іске асырылатын ұзақ мерзімдік сипатта болуы.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жыл сайын Комиссия үйлестіруші рөл атқарған кезде Банктің басым қаржыландыруы үшін және оны Банк Кеңесінің қарауына шығару үшін кооперациялық ынтымақтастық бағыттарының тізбесін дайындайды.


      4.2. ЕАЭО ортақ нарығында мүше мемлекеттер өнімі үлесінің ұлғаюы және оны оқшауландыру деңгейін арттыру

      4.2.1. Технологиялық операциялар тізбесі

      Өнеркәсіптік кешендерде бәсекелестік жағдайларын теңестіру және кооперацияны дамыту мақсатында. Тараптар бірлесіп өндірілген өнімді айқындау, оның ішінде қолдаудың бірлескен шараларын қолдану мақсатында технологиялық операцияларды есепке алу тетігін пайдалану жөніндегі ережені әзірлейді.


      4.2.2. ЕАЭО нарығын қорғау жөніндегі бірлескен шаралар кешенін әзірлеу және енгізу

      Мүше мемлекеттер Комиссия үйлестіруші рөл атқарған кезде контрафактілі өнімнен ЕАЭО нарығын қорғау жөніндегі келісілген шаралар кешенін әзірлейді.

      Үшінші елдермен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы еркін сауда туралы келісімдерді жасасу және олардың жобаларын дайындау орындылығы туралы мәселені пысықтау кезінде келіссөз процесіне Комиссияның өнеркәсіптік блогы және мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен, Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен өнеркәсіпті дамытудың ұлттық бағдарламаларының ережелері ескеріледі.


      4.2.3. Қосылған құнның жаңа тізбектерін құру

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қосылған құнның жаңа тізбектерін қалыптастыру үшін Комиссиямен бірлесіп, экономикалық қызметтің басым түрлерін дамытудың бірлескен бағдарламалары мен жобаларын әзірлейді және іске асырады.


      4.3. Экспортқа бағдарланған жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамыту

      Мүше мемлекеттердің өндіруші ұйымдары бірлесіп өндірген өнімді ілгерілету мақсатында үшінші елдердің нарығына бірлесіп шығу тетігін құру бойынша мүше мемлекеттер өзара іс-қимыл жасайды, бұл тетіктер:

      бірлескен дилерлік және сервистік желілер;

      бірлескен сауда үйлері, машиналық-техникалық өнімді сертификаттау және техникалық қолдау, арнайы біріктірілген өткізу компаниялары мен консорциумдар орталықтары;

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экспорттаушыларын ақпараттық-консультациялық қолдауды дамыту;

      көрме-жәрмеңке іс-шараларында бірлескен (біріктірілген) экспозицияларды ұйымдастыру;

      экспортты, мысалы лизингті қолдау бойынша жаңа қаржы өнімдерін пайдалану;

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық консулдық және сауда өкілдерінің өзара іс-қимыл жасауы;

      бірлесіп өндірілген өнімді жобалық (инвестициялық), экспорталды және экспорттық қаржыландыру;

      халықаралық және өңірлік стандарттарды басымдықпен пайдалану, сапа менеджменті жүйелерін енгізу сияқты құралдардың мүмкін болуын көздейді.

      Өнеркәсіптік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және үшінші елдер нарығына оның шығуын қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ (қажет болған кезде) экспорттау кезінде шетелдік сертификаттарды алуда өндірушілерге жәрдемдесу тетіктерін әзірлейді.


      4.4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және өнеркәсіптің жаңа инновациялық секторларын құру

      Мүше мемлекеттердің күш-жігерін инновациялық дамудың неғұрлым болашағы бар бағыттарына шоғырландыру мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде технологиялық жаңғыртуды және ұйымдардың инновациялық белсенділігін арттыру үшін, ұсынымдық сипаты бар ынтымақтастық басымдықтарының (қызмет түрлері, технологиялар, ұйымдардың технологиялық міндеттері) тізбесін қалыптастырады.


      4.4.1. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту

      Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту саласында ынтымақтастықты ұйымдастыру кезінде Тараптар:

      әлемдік практикаларға сәйкес өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерін құру және олардың жұмыс істеу стандарттарын (оның ішінде халықаралық) енгізе алады;

      мемлекеттік қолдаудың ең үздік практикаларын енгізе алады;

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің инновациялық және өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыра алады.

      Тараптар ғылыми-техникалық, инновациялық өндіріс саласында өнеркәсіптік кооперацияны жандандыру мақсатында мыналарды:

      технологиялар трансферінің еуразиялық желісін;

      өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісін;

      өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және ЕАЭО өнеркәсібінің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру үшін жағдай жасай алады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер инновациялық өнімді енгізу мақсатында:

      халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды;

      мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде инновация саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асырады.


      4.4.2. Технологиялық платформалар

      Болашақтың экономикасын қалыптастыру, тұрақты технологиялық жаңару, өнеркәсіптің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мүше мемлекеттерде құзырет орталықтарын құру мақсатында, Еуразиялық технологиялық платформалар (бұдан әрі – ЕТП) құрылады.

      ЕТП ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік салаларда мүдделі Тараптар кооперациясының тетігі болып табылады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы қатарлы бизнес (салалық өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік компаниялар), ғылым (ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, өзге де білім беру мекемелері) ұйымдары, мемлекет (даму институттары, бейіндік мемлекеттік органдар), қоғамдық ұйымдар (салалық қауымдастықтар мен бірлестіктер) арасындағы ынтымақтастық үшін жағдай жасау арқылы қалыптастырылады.

      ЕТП міндеті – ғылыми-техникалық дамудың озық ұлттық және әлемдік жетістіктерін шоғырландыру, инновациялық өнімдер мен технологияларды әзірлеу, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріске оларды енгізу жөніндегі қолданбалы міндеттерді шешу үшін мүше мемлекеттердің ғылыми әлеуетін жұмылдыру жөніндегі жүйелі жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

      Мүше мемлекеттер мен Комиссия ЕТП-ның мемлекетаралық мәртебесін ескеруге, олардың жұмыс істеуіне ықпал етуге және олардың қызметін ұлттық ұйымдарға тартуға жәрдемдесуге тиіс.

      Тараптар Комиссия үйлестіруші рөл атқарған кезде ЕТП-ны қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және оны қаржыландыру ережелерін әзірлейді.


      4.4.3. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар

      Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар инновациялық өнімді әзірлеу және озық технологияларды өнеркәсіптік өндіріске, оның ішінде ЕТП қызметі шеңберінде айқындалған енгізу жөніндегі нақты міндеттерді шешу тетігі болып табылады, ресурстар, орындаушылар және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланысқан ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық, өндірістік, ұйымдастырушылық-шаруашылық және басқа да қажетті жұмыстар кешенін көздейді.

      Тараптар мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін:

      ғылыми-техникалық және инновациялық сипаттағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды, оның ішінде ортақ қорлар есебінен қаржыландыруды (қажет болған кезде);

      инновациялық саладағы қаржылық күш-жігерлерді, оның ішінде венчурлік инвестициялау арқылы үйлестіруді;

      ЕАЭО-да іске асыру ұсынылатын жаңа технологияларды пайдаланунегізінде ғылыми-техникалық және өндірістік кооперациялық жобаларының тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыруы мүмкін.

      Мүше мемлекеттер Комиссия консультациялық рөл атқарған кезде, кооперациялық әсері бар жобаны айқындау жөніндегі ұсынымды әзірлейді.

      Кооперациялық әсері бар бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мақсатында, Тараптар Комиссия үйлестіруші рөл атқарған кезде, оларды қаржыландыру тетіктері мен көздері бойынша ұсыныстар дайындайды.

      Тараптар Комиссиямен бірлесіп мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар туралы, оның ішінде оларды қаржыландыру тәртібі мен көздері көзделетін инновациялық салада ұсыныс әзірлейді.


      4.4.4. Еуразиялық инжиниринг орталығын қалыптастыру

      Мүше мемлекеттер өнеркәсібінің жаңа технологиялық тәртібіне және ЕАЭО-да өнеркәсіптік өндірістің сервистік-бағдарланған моделіне көшуді қамтамасыз ету үшін техникалық және технологиялық базаны қалыптастыру мақсатында, мүше мемлекеттер автоматтандыру, роботтандыру бөлігінде озық технологиялық шешімдерді генерациялау және енгізу тетіктерін, оның ішінде Еуразиялық инжиниринг орталығын (бұдан әрі – Инжиниринг орталығы) және оның элементтерін (құзырет орталықтарын) құруды қарастыра отырып әзірлейді.

      Инжиниринг орталығы қызметінің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің машина жасау кешендерінің өндірістік процестеріне инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеу және оны енгізуге жәрдемдесу болып табылады.

      Инжиниринг орталығы даму институттарымен бірлесіп, машина жасау қажеттіліктерін және өндіріс құралдары мен еңбек заттарын дамыту үшін болашағы бар мүмкіндікті болжайды, экономиканың басым салаларында қажетті болашағы бар технологиялық шешімдердің жаңартылып отыратын тізбесін қалыптастырады.

      Инжиниринг орталығы мүдделі өндірушілермен және инновациялық инфрақұрылым объектілерімен тығыз ынтымақтастықта, болашағы бар жабдықты әзірлеуге (оның ішінде, трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, әлемдік технологиялық лидерлермен бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер арқылы), сериялық өндірісті іске қосуға жәрдемдеседі.

      Тараптар мынадай:

      тең құқылық және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескеру;

      өзара пайдалылық;

      адал бәсекелестік;

      кемсітпеушілік;

      транспаренттілік қағидаттары негізінде өздерінің ұлттық басымдықтарын негізге ала отырып, Инжиниринг орталығын құруға қатысады.

      Тараптар болашақта Инжиниринг орталығының орналасатын жерін айқындайды.


      4.4.5. Технологиялар трансферінің Еуразиялық желісі

      Технологиялар трансферінің Еуразиялық желісі ЕАЭО-ға мүше емлекеттерде инновацияларды ілгерілету нысандарының бірі, кейіннен енгізу және/немесе коммерцияландыру мақсатында жеке тұлғалар немесе ұйымдар арасында зияткерлік қызметтің, сондай-ақ оларды пайдалануға құқықтардың нәтижелерін беру құралы болып табылады.

      Зияткерлік қызмет нәтижелерін берудің негізгі нысандары:

      зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықты (әдетте, өнеркәсіптік меншік объектілер) беру не иеліктен шығару;

      лицензиялар шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;

      ноу-хау, технологиялық тәжірибе, берілетін жабдық пен техникаға қоса берілетін құжаттарды беру, сондай-ақ мамандарды оқыту, консультациялық қолдау және т.б.;

      жабдықтар мен машиналарды сатып алуға немесе жалдауға (лизингке) ілеспе технологиялық мәліметтерді беру;

      семинарларда, симпозиумдарда, көрмелерде және т.б. жеке қарым-қатынаста ақпарат алмасу;

      әртүрлі фирмалар мен ғалымдардың бірлескен әзірлемелер мен зерттеулер жүргізуі;

      белгілі бір білімі бар білікті жаңа қызметкерлерді жалдау;

      ақпарат берудің басқа да нысандары болып табылады.

      Технологиялар трансферінің Еуразиялық желісін қалыптастыру және кейіннен пайдалану мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық жүйелер базасында мынадай іс-шараларды іске асырады:

      технологияларды әзірлеушілер мен оған мүдделі кәсіпорындарды іздеу үшін ортақ желілік жүйе құрады;

      бірлескен ҒЗТКЖ орындауға әріптестер іздеу үшін ортақ желілік жүйе құрады;

      Еуразиялық желілік жүйені халықаралық желілік жүйеге ықпалдастырады.

      Тараптар Комиссиямен бірлесіп, технологиялар трансферіне қатысты бөлікте бірлескен ұйымдар құрудың орындылығы туралы мәселені пысықтайды.


      4.5. Федералдық (республикалық) және өңірлік (жергілікті) деңгейлердегі де ЕАЭО ортақ нарығында өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді жою

      4.5.1. Нарықтың мониторингі

      Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, ЕАЭО ортақ нарығының мониторингін және болжауды жүргізеді. Комиссия ортақ нарықтың мониторингіне және болжауға мамандандырылған және/немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартады.

      Ортақ нарықтың мониторингі және болжау мүше мемлекеттер өндірушілерінің өнімдерін, сондай-ақ үшінші елдерден импортталған өнімді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп тауарларын ЕАЭО аумағында өндіру, экспорттау және импорттау көлемі туралы ақпарат жинауды және талдауды қамтиды.

      Ұлттық кәсіпорындар мен импорттық өнім бағаларының деңгейлерін, кедендік-тарифтік қорғау деңгейін, тиісті өнімді олардың жүктемесі деңгейімен шығару бойынша мүше мемлекеттердің өндірістік қуаттылығын қоса алғанда, мүше мемлекеттер өндірушілерінің өздерінің ұлттық нарығына жеткізілімдеріне, бір-бірінің нарығына өзара жеткізуге, сондай-ақ ЕАЭО ортақ нарығына үшінші елдерден импорттық жеткізілімдерге талдауды және болжауды жүргізеді.

      Ортақ нарықты мониторингілеу мен болжау өңдеуші өнеркәсіп қызметі түрлерінің бөлінісінде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша Комиссияның жыл сайынғы баяндамасы дайындалады және ол Негізгі бағыттарды іске асыру үшін ортақ нарық әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстармен және оны негіздейтін материалдармен бірге Тараптарға жіберіледі.


      4.5.2. Кәсіпорындар бойынша кедергілер мониторингі

      Кедергілер мониторингі:

      Жүйе құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар тізбесін қалыптастыруды;

      сауалнама нысанында жүйе құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындардың мониторингін;

      мүше мемлекеттер үшін кедергілерді анықтау бойынша Комиссияның жыл сайынғы баяндамасын дайындауды;

      кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.


      4.5.2.1. Жүйе құрайтын кәсіпорындар тізбесі

      Жүйе құрайтын кәсіпорындар тізбесі өңдеуші өнеркәсіптің қызмет түрлерінің бөлінісінде қалыптасады және ол тиісті салаларды дамыту үшін маңызды, инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыратын, өндіріс қарқыны мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тиісті салаларында жұмыспен қамтуға айқындаушы әсер ететін мүше мемлекеттер кәсіпорындарын қамтиды.

      Комиссия тізбені ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырады. Тізбені жаңартып отыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.


      4.5.2.2. Жүйе құрайтын кәсіпорындардың мониторингі

      Жүйе құрайтын кәсіпорындардың мониторингі:

      - ЕАЭО ортақ нарығында өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолындағы;

      - ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудағы;

      - үшінші елдердің нарығына өнеркәсіптік тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді анықтауға бағытталған.

      Жүйе құрайтын кәсіпорындардың мониторингін Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген сұрақ қою парағы бойынша сауалнама нысанында жүргізеді.

      Осы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия жыл сайын ЕАЭО ортақ нарығының әлеуетін пайдалану және өнеркәсіптік кооперация мен өндірісті дамытудың неғұрлым перспективалық бағыттары бойынша ұсыныстарды қамтитын баяндама дайындайды.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер анықталған кедергілерді жою қажеттігі туралы мәселені қарайды.


      4.6. ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      ЕАЭО-ның халықаралық қызметі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өнеркәсіп саласында ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      ынтымақтастықтың ықтимал нысандарын анықтау, өндірістік және ғылыми-техникалық кооперацияны дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада Одақтың позициясын көрсету және ЕАЭО нарығындағы жұмыстың ерекшеліктері мен Одақ қабылдайтын өнеркәсіп саласындағы актілер туралы ақпарат беру мақсатында өнеркәсіп саласындағы халықаралық әріптестермен (халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің өкілдіктерімен, өңірлік ықпалдастыру бірлестіктермен, шет мемлекеттердің іскерлік орта бірлестіктерімен) өзара іс-қимыл жасау;

      ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделілік білдіретін және ЕАЭО мүше мемлекеттердің өндірістік кешендерін ықпалдастыруды дамыту жөніндегі жұмысқа қатысатын шет мемлекеттердің өкілдіктерімен, өңірлік ықпалдастыру бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетінің орнықты өсуіне, экономиканы әртараптандыруға, ЕАЭО өндірушілерін халықаралық өндірістік тізбекке орналастыруға, мүше мемлекеттер өнеркәсібінің инновациялық дамуына, инвестициялар көлемінің артуына және оның құрылымын жақсартуға, ЕАЭО-да ықпалдастыру процестерін жеделдетуге жәрдемдесу мақсатында, Одақтың негізгі сауда-экономикалық әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау.


      5. Қызметтің басым түрлері және сезімтал тауарлар

      5.1. Экономикалық қызметтің басым түрлері

      Экономикалық қызметтің басым түрлері - Тараптар Негізгі бағыттарды іске асыру үшін басымдық ретінде айқындаған қызмет түрлері.

      Тараптардың өнеркәсіптегі өзара іс-қимылынан неғұрлым синергетикалық әсерді анықтау мақсатында, тиісті мамандандырылған және/немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен және Комиссияның үйлестіруімен мүше мемлекеттер осы құжатты қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде талдау жүргізетін болады, соның нәтижесінде ӨЫНБ-ны түзету жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету үшін экономикалық қызметтің басым түрлері нақтыланатын болады.

      Комиссия тараптармен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін (№ 1 қосымша), қатысушыларының әрбірінің мүдделерін ескере отырып өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі Комиссияның ұсынымдарын мүше мемлекеттердің қарауына шығару үшін экономикалық қызметтің ұлттық басым түрлерін талдауды жүргізеді. Тараптар көрсетілген ұсынымдарды іске асыруға, атап айтқанда өнеркәсіптегі ұлттық мүдделерді негізге ала отырып, оларды қосу жолымен қатыса алады.


      5.2. Сезімтал тауарлар

      Тараптардың өнеркәсіптік кешеніне Ұлттық деңгейде қабылданатын шешімдердің теріс әсерінің тәуекелдерін төмендету мақсатында, мүше мемлекеттер позицияларды өзара ескеру үшін сезімтал тауарларға қатысты өнеркәсіптік саясат шараларын қабылдар алдында алдын ала өзара ақпарат беруді және консультацияларды жүзеге асырады.

      Консультациялар және өзара ақпарат беру осы құжаттың ажырамас бөліктері болып табылатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым сезімтал тауарлардың бекітілген тізбесі
(№ 2 қосымша) бойынша және Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ақпарат беру тәртібіне (№ 3 қосымша) сәйкес жүргізіледі.

      Сезімтал тауарлар деп әртүрлі мүше мемлекеттердің өндірушілері арасында бәсекелестік деңгейі жоғары тауарлар түсініледі. Тараптардың келісуі бойынша сезімтал тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.


      6. Қорытынды

      ӨЫНБ негізіне салынған Тараптардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттары мен тетіктерін іске асыру – өнеркәсіп саласындағы олардың арасындағы кооперацияны тереңдетуге, инновациялық инфрақұрылым мен технологиялар трансфері жүйесін біріктіруге, өнеркәсіпті ынтымақтастықты дамыту жолында кедергілерді уақтылы анықтауға және жоюға, ортақ нарықтың әлеуетін неғұрлым толық пайдалануға және бірлесіп өндірілген өнімнің үшінші елдерге экспортын ұлғайтуға, келіссөздер процесі жолымен мүше елдердің өнеркәсіптік ұйымдары арасындағы өткір бәсекелестікті теңестіруге қуатты қарқын береді.

      ӨЫНБ-ны іске асыру Тараптардың өнеркәсібін дамытудың сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсартуға:

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынын жеделдетуге;

      мүше мемлекеттер арасындағы ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі деңгейінде және әлемнің өнеркәсіптік дамыған елдерінен артта қалуды қысқартуға;

      кооперациялық жеткізілімдер көлемін және тұтастай, өнеркәсіптік өнімнің өзара саудасы көлемін арттыруға;

      ортақ нарықта, оның ішінде бірлесіп өндірілген ЕАЭО қатысушы елдер өнімінің үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ оны оқшауландыру деңгейін кезең-кезеңмен арттыруды жүзеге асыруға;

      ЕАЭО-ға мүше елдердің өнеркәсіптік өндірісін бірлесіп дамытудан синергетикалық әсер алуға және өнеркәсіптік өндірісте жоғары техникалық қызмет түрлерінің үлес салмағын ұлғайтуға мүмкіндік береді.


      № 1 қосымша.  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі:

      Армения Республикасы

1.

Нақты инженерия (станок-құрал, электрлік-техникалық, электрондық, оптика, фотоника)

2.

Фармацевтика және биотехнология

3.

Алмас өңдеу, зергерлік және сағат өнеркәсібі

4.

Құрылыс материалдарын жасау

5.

Жеңіл өнеркәсіп

6.

Шарап жасау және коньяк өнеркәсібі

      Беларусь Республикасы

1.

Автомобиль жасау

2.

Ауыл шаруашылығы техникасын жасау

3.

Теміржол техникасын жасау

4.

Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен
жабдықтарды жасау

5.

Радиоэлектрондық өнеркәсіп

6.

Электрлік машиналар мен электр жабдықтарды жасау

7.

Станок-құрал өнеркәсібі

8.

Металлургия (қара және түсті)

9.

Отын-энергетика кешені

10.

Құрылыс материалдарын жасау

11.

Жеңіл өнеркәсіп

12.

Медицина және микробиология өнеркәсібі

13.

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі

14.

Химия және мұнай химия саласы

15.

Фармацевтика өнеркәсібі


Ғылыми-техникалық және инновациялық сала секторлары

1.

Наноиндустрия

2.

Композиттер және жаңа материалдар

3.

Биотехнология

4.

Ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялар, ауқымды деректер технологиясы, суперкомпьютерлік технологиялар

5.

Когнитивтік технологиялар, жасанды интеллект технологиялары, роботтехникасы

6.

Көлік технологиялары

7.

Ғарыш технологиялары

8.

Табиғатты ұтымды пайдалану технологиялары

9.

Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, смарт-грид технологиялары, энергияның жаңа көздері

10.

Инжиниринг және өнеркәсіптік дизайн

11.

Цифрлық жобалау және модельдеу

12.

Қауіпсіздік технологиялары

13.

Аддитивтік технологиялар

14.

Кванттық технологиялар

15.

Өнеркәсіптегі интернет-технология

      Қазақстан Республикасы

1.

Қара металлургия

2.

Түсті металлургия

3.

Мұнай өңдеу

4.

Мұнай-газ химиясы

5.

Тамақ өнімдерін өндіру

6.

Агрохимия

7.

Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндіру

8.

Автокөлік құралдарын, олардың бөліктерін, керек-жарақтарын және қозғалтқыштарын жасау

9.

Электр машиналар мен электр жабдықтарын жасау

10.

Ауыл шаруашылығы техникасын жасау

11.

Теміржол техникасын жасау

12.

Тау-кен өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

13.

Мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

14.

Құрылыс материалдарын жасау

      Кырғыз Республикасы

1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

2.

Отын-энергетика кешені

3.

Құрылыс материалдарын жасау

4.

Жеңіл өнеркәсіп

      Ресей Федерациясы

1.

Автомобиль жасау

2.

Ауыл шаруашылығы техникасын жасау

3.

Теміржол техникасын жасау

4.

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

5.

Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

6.

Авиағарыш өнеркәсібі және қозғалтқыш жасау

7.

Зымыран-ғарыш өнеркәсібі

8.

Кеме жасау өнеркәсібі

9.

Радиоэлектрондық өнеркәсіп

10.

Энергетикалық машина жасау

11.

Электр машиналары мен электр жабдықтарын жасау

12.

Станок-құрал өнеркәсібі

13.

Металлургия (қара және түсті)

14.

Отын-энергетика кешені

15.

Құрылыс материалдарын жасау

16.

Жеңіл өнеркәсіп

17.

Фармацевтика өнеркәсібі

18.

Медициналық және микробиологиялық өнеркәсіп

19.

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі

20.

Химия және мұнай-химия саласы


Ғылыми-техникалық және инновациялық сала секторлары

1.

Наноиндустрия

2.

Композиттержәне жаңа материалдар

3.

Биотехнология

4.

Ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялар, ауқымды деректер технологиялары, суперкомпьютерлік технологиялар

5.

Когнитивтік технологиялар, жасанды интеллект технологиялары, роботтехника

6.

Көлік технологиялары

7.

Ғарыш технологиялары

8.

Табиғатты ұтымды пайдалану технологиялары

9.

Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, смарт-грид технологиялары, энергияның жаңа көздері

10.

Инжиниринг және өнеркәсіптік дизайн

11.

Цифрлық жобалау жәнемодельдеу

12.

Қауіпсіздік технологиялары

13.

Аддитивтік технологиялар

14.

Кванттық технологиялар

15.

Өнеркәсіптегі интернет-технологиялар

      № 2 қосымша.  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым сезімтал тауарлардың тізбесі



I. Автомобиль жасау


1.

Жеңіл автомобильдер

8703

2.

Автобустар

8702

3.

Жүк және арнайы автомобильдер

8704, 8705

4.

Карьерлік өзі аударғыштар көліктер

8704

5.

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер

8716

6.

Автокөлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары, оның ішінде ішкі жану қозғалтқыштары, автокөлік құралдарының шанақтары мен шассиі

8708


II. Жеңіл өнеркәсіп


7.

Иірілген жіптер мен жіптер

6812

8.

Маталар мен төсек жабдығы

6302

9.

Техникалық тоқыма

5603-5605

11.

Кілемдер мен кілем бұйымдары

5701-5703

12.

Киім-кешек

6110-6114

13.

Трикотаж шұлық-ұйық бұйымдары

6115

14.

Трикотаж полуверлер, кардигандар

6110

15.

Шабадандар мен сөмкелер

4202

16.

Өңделген былғары

4104-4115

17.

Табиғи үлбірден жасалған киім, киім керек-жарақтары және өзге де бұйымдар

4302-4304

18.

Аяқкиім мен аяқкиім бөліктері

6401-6406


III. Металлургия


19.

Болат илем

7208-7212, 7214

20.

Құбырлар

7303-7307


IV. Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жасау


27.

Астық жинайтын комбайндар

8433

28.

Шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар

8701, 8702

29.

Ауыл шаруашылығы және бақша машиналары

8432, 8433


VҚұрылыс материалдары өнеркәсібі


30.

Портландцемент

2523

31.

Шыны

7003

      № 3 қосымша. Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ақпарат беру тәртібі

      IЖалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 92-бабының 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұлан әрі – мүше мемлекеттер) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 8-тармағында көзделген сезімтал тауарлардың бекітілген тізбесі (бұдан әрі – сезімтал тауарлар тізбесі) бойынша өнеркәсіптік саясат шараларын қабылдар алдында, өзара позицияларды ескеру мақсатында әзірленді және сезімтал тауарларға қатысты консультациялар (бұдан әрі – консультациялар) жүргізу кезінде және ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы мүше мемлекеттерге өзара ақпарат беру (бұдан әрі – өзара ақпарат беру) кезінде, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асыру мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы уәкілеттілердің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) әрекеттерінің мерзімдері мен дәйектілігін айқындайды.

      2. Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша және қалған мүше мемлекеттердің келісімімен консультациялар жүргізу және өзара ақпарат беру сезімтал тауарлар тізбесіне енгізілмеген тауарларға қатысты жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Консультациялар жүргізу және өзара ақпарат беру мүше мемлекеттердің құқықтық актілердің жобаларына мемлекетішілік келісуді жүргізуіне және олардың осындай актілерді қабылдауына кедергі келтірмейді.

      Осы Тәртіптің мақсаттары үшін, құқықтық актілер (актілердің жобалары) деп – мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы құқықтық актілері, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ведомстволық актілері (осындай актілердің жобалары), ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық бағдарламалар (осындай бағдарламалардың жобалары) түсініледі.

      4. Консультациялар жүргізуді ұйымдастыру және өзара ақпарат беру кезінде мүше мемлекеттер мен Комиссия техникалық мүмкіндіктер болған кезде, жедел байланыс арналарын (электрондық пошта, факсимильдік байланыс) пайдаланады.

      II. Консультациялар жүргізу

      5. Сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің позицияларын өзара ескеру үшін консультациялар уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша жүргізіледі.

      6. Консультациялар жүргізу туралы ұсынысты уәкілетті орган консультациялар жүргізу ұсынылған күнге дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      7. Комиссия консультациялар жүргізу туралы ұсынысты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсынылатын күнін, консультацияларды жүргізу орны мен форматын көрсете отырып жібереді.

      8. Уәкілетті орган Комиссиядан ақпаратты алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде консультациялар жүргізу туралы ұсыныстарды келісу туралы Комиссияға хабар береді не консультациялар жүргізу жөніндегі өз ұсыныстарын, сондай-ақ консультацияға қатысушылар туралы ақпаратты жібереді.

      9.  Консультацияларды ақпараттық қолдауды (отырыстың күн тәртібін, хаттаманың жобасын жасау, мүше мемлекеттердің позициялары туралы ақпарат жіберу) Комиссия жүзеге асырады.

      10. Консультациялар Өнеркәсіп жөніндегі консультациялық комитет шеңберінде және (немесе) Комиссия алаңында жүргізілуі мүмкін.

      Консультацияларды жүргізу мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен, отырыстар өткізу арқылы да, бейне конференция форматында да жүзеге асырылуы мүмкін.

      11. Бейне конференция форматында консультациялар жүргізу кезінде бейне конференция байланысын ұйымдастыруды уәкілетті органдар мен Комиссия өз бетінше қамтамасыз етеді.

      12. Консультацияларға мыналар:

      а)  мүше мемлекеттерден – уәкілетті және өзге де мүдделі органдардың өкілдері, өндіруші ұйымдар мен өнеркәсіптік өнімді тұтынушылардың, қауымдастықтардың және өндірушілер мен тұтынушылардың өзге де бірлестіктерінің өкілдері;

      б) Комиссиядан – өнеркәсіптік саясат мәселелері құзыретіне жататын департаменттің, сондай-ақ Комиссияның өзге де мүдделі департаменттерінің өкілдері қатыса алады.

      13. Консультациялар жүргізу қорытындылары бойынша хаттама жасалып, ол консультациялар жүргізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мүше мемлекеттерге жіберіледі.

      14. Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша консультациялар барысында Еуразиялық экономикалық одақ органының тиісті актісінің жобасын әзірлеу және оны мүдделі мүше мемлекеттің Комиссияға енгізуі туралы мәселе қаралуы мүмкін.

      15. Комиссия Тараптармен келісу бойынша жоспарланатын консультациялар туралы, сондай-ақ консультациялар жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді.

      16. Консультациялар жүргізуге байланысты шығыстарды мүше мемлекеттер мен Комиссия өз бетінше жүзеге асырады.

      III. Өзара ақпарат беру

      17. Мүше мемлекеттер уәкілетті органдар арқылы құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ қоса берілетін нысан бойынша олар жөніндегі ақпаратты жіберу арқылы, сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Комиссияға ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

      18. Құқықтық актілердің жобалары мен олар жөніндегі ақпаратты уәкілетті органдар мүше мемлекеттің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен осы құқықтық актілердің жобаларын келіскеннен кейін Комиссияға жібереді, ал мүше мемлекеттің басқа да мемлекеттік билік органдарымен келісуді талап етпейтін құқықтық актілердің жобаларын және олар жөніндегі ақпаратты ведомствоішілік келісуді жүргізгеннен кейін Комиссияға жібереді.

      Егер құқықтық актінің жобасында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 93-бабының 3-тармағының ережелеріне сай келетін субсидиялау шаралары көзделген болса, уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 111 Шешімімен бекітілген нысандар бойынша ақпаратты да Комиссияға ұсынады.

      19. Комиссия уәкілетті органнан келіп түскен құқықтық актінің жобасын және ол жөніндегі ақпаратты көрсетілген жоба мен ақпарат Комиссияға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберуді қамтамасыз етеді.

      20. Құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды уәкілетті органдар көрсетілген құқықтық актінің жобасы мен ол жөніндегі ақпаратты алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      Комиссия уәкілетті органдардың ескертпелері мен ұсыныстарын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құқықтық актінің жобасын ұсынған уәкілетті органға оларды ұсынады, олар ескертпелер мен ұсыныстарды қарайды және оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға осындай ескертпелер мен ұсыныстарды қарау нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.

      Комиссия көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны басқа уәкілетті органдарға жібереді.

      21. Құқықтық актілердің жобалары бойынша ЕЭК-ға және мүше мемлекеттерге ақпарат беру мемлекетішілік келісу рәсімдерін жүргізуге және әзірлеуші мемлекеттің актіні қабылдауына кедергі болмайды.

 
  Сезімтал тауарларға қатысты
консультациялар жүргізу және
(немесе) сезімтал тауарларға
қатысты ұлттық өнеркәсіптік
саясатты іске асырудың
жоспарланған бағыттары туралы
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өзара ақпарат беру тәртібіне
қосымша

      Сезімтал тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ақпарат беру

      НЫСАНЫ


Құқықтық акт жобасының атауы

Өздеріне қатысты акт қолданылатын тауарлар (сала)

Құқықтық актіні әзірлеу мерзімі, жоспарланған қабылдау күні

Құқықтық актіні қабылдау мақсаты

Құқықтық актінің жобасында көзделген өнеркәсіптік саясат шараларының сипаттамасы

Құқықтық актінің қолданылу мерзімі

Қосымша ақпарат*

1

2

3

4

5

6

7

      ______________

      *Уәкілетті органның иелігіндегі тауар (сала) бойынша стратегиялық деректер, сондай-ақ құқықтық акт жобасында көзделген шаралардың салаға әсерін бағалау көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады