Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы және өзара сауданың есепке алынбаған көлемін статистикалық толық есепке алуды жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 3 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына осы Ұсыным ресми жарияланған күнінен бастап тауарлармен сыртқы сауда статистикасы және өзара сауда статистикасы деректерін қалыптастыру кезінде қосымшаға сәйкес тауарлармен сыртқы және өзара сауданың есепке алынбаған көлемін статистикалық толық есепке алуды жүргізу әдістерін қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 ақпандағы
№ 3 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының тауарлармен сыртқы және өзара сауданың есепке алынбаған көлемін статистикалық толық есепке алуды жүргізу

ӘДІСТЕРІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы құжат "Тауарлармен халықаралық сауданың статистикасы: тұжырымдар мен айқындамалар, 2010 жыл" халықаралық әдіснамалық стандартының (Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығы Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Статистикалық бөлімі дайындаған) ережелерін ескере отырып, мүше мемлекеттер арасындағы өзара саудадағы (бұдан әрі - өзара сауда) және үшінші елдермен сыртқы саудадағы (бұдан әрі - сыртқы сауда) экспорт пен импорт туралы мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратының толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар) тауарлармен сыртқы және өзара сауданың есепке алынбаған көлемін статистикалық толық есепке алуды жүргізуін регламенттеуге бағытталған.

      2. Уәкілетті органдардың статистикалық толық есепке алуды жүргізу әдістерін қолданудың орындылығы:

      а) тауарлармен сыртқы және өзара сауда саласындағы ресми статистикалық байқаулар нәтижелерінің және тауарларға арналған декларациялар мен мүше мемлекеттердің кеден органдары ұсынатын басқа құжаттарда қамтылған мәліметтердің негізінде бағаланбайтын, сыртқы сауда қызметін есепке алудың қажеттілігімен;

      б) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеудің ерекшеліктеріне байланысты кешігіп түсетін деректерді қамтудың қажеттілігімен;

      в) тауарлармен сыртқы және өзара сауда саласындағы ресми статистикалық байқаулар респонденттерінен есептерді ықтимал ала алмауымен байланысты.

      3. Осы құжаттың мақсаттарында статистикалық толық есепке алу деп тауарлар ағыны әдісі, ауытқушылықтарды бағалау әдісі, деректерді толық қамтуға қол жеткізу мақсатында қолданылатын деректерді түзету әдісі сияқты әдістердің негізінде ресми статистикалық байқау шеңберінде есепке алынбаған көлемдерді бағалауға (өлшеудің құндық және (немесе) сандық бірліктерінде) бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық есептеулер түсініледі.

ІІ. Тауарлар ағыны әдісі

      4. Тауарлар ағыны әдісі мүше мемлекет экономикасында ресурстар мен нақты тауарды пайдаланудың теңдігіне қол жеткізу және баланстық әдістің әртүрлілігін білдіреді.

      Ресурстар мен тауарды пайдалану балансы екі бөлім – ресурс пен бөліп таратудан тұрады, олар, өз кезегінде, жеке баптардан қалыптастырылады.

      5. Мүше мемлекетте бар тауар ресурсымен сипатталатын баланстың ресурстық бөлігі мүше мемлекетте өндірілген тауар көлемінен, оның мүше мемлекетке импортының, сондай-ақ есепті кезеңнің басындағы осы тауардың мүше мемлекеттегі қорының көлемінен қалыптасады.

      Баланстың бөліп тарату бөлігі тауар ресурстарын пайдалану бағытын қамтиды және мүше мемлекеттен тысқары тауар экспорты көлемінен, шығасы мүмкіндігін ескере отырып, оны мүше мемлекетте тұтыну көлемінен (өндірістік және жеке), сондай-ақ осы тауарды есепті кезеңнің соңында мүше мемлекеттегі қорының көлемінен жинақталады.

      Баланстың жалпы схемасы былайша көрініс береді:

Ресурстар


Пайдалану
 


Жыл басындағы қорлар


 
Импорт


Жыл аяғындағы қорлар


Экспорт
 


Өндіріс


Тұтыну
 


Өндірістік


Шығасы


Жеке

      6. Тауар өндірісі туралы деректер, өндірушілерді неғұрлым толық қамту қажеттілігі ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалыптастырылады.

      7. Тауардың импорты мен экспорты туралы деректер мүше мемлекеттің кеден органы ұсынған тауарға арналған декларациялар мен басқа да құжаттарда, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары өзара сауда кезінде уәкілетті органдарға ұсынған құжаттарда, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерінде қамтылған мәліметтердің негізінде қалыптасады.

      8. Тауар қорын (алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім қорын қоса алғанда), өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда ұйымдарында айқындауға ұсыным жасалады.

      9. Өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарды тұтыну тауардың барлық іс жүзіндегі шығысын (негізгі және қосалқы өндірістердегі, өнімді жинақтауға жұмсалған, құрылыс-монтаждау, құрылыс конструкциялары мен бөлшектерін жасауға, өз күшімен орындалатын жөндеудің барлық түрлеріне, өз күшімен орындалатын күрделі құрылысқа жұмсалған, тұтыну тауарларын өндіруге, ұйымның барлық басқа да пайдалану мен шаруашылық қажеттілігіне жұмсалған), авариялар, табиғи зілзалалар, ұрлықтар мен басқа да себептердің салдарынан болған шығасылар мен жетіспеуді, халыққа сатуды қамтиды.

      Тұтыну тауарын тұтыну оны халыққа, әлеуметтік сала ұйымдарына және өзге де заңды тұлғаларға сатуды білдіреді.

      10. Тауар тұтынудың жекелеген құрауыштары бойынша статистикалық деректер жоқ болған кезде оларды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сараптамалық бағалау жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, тұтыну есебін ресурстардағы не жалпы тұтыну көлеміндегі үлес салмағы бойынша, көрсеткіштер серпіні мен мұның алдындағы жылдар ішіндегі қолда бар статистикалық деректерді талдау негізінде).

      11.      Тауар ресурстары мен оны пайдалану арасындағы айырмашылық мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = (Зб+ Ө + И) - (Тт + Э + Зс),

      мұндағы:

      А - айырмашылық (тауардың есепке алынбаған экспорты не импорты);

      Қб және Қс – жыл басындағы және соңындағы қорлар;

      Ө - өндіріс;

      И - импорт;

      Тт - Тұтыну;

      Э - экспорт.

      Егер тауар ресурстары мен оны пайдалану арасындағы айырмашылық оң мәнді көрсетсе, ол тауардың экспортына, кері нәтиже көрсетсе – импортына есептеледі.

      12. Ресурстар мен тауарды пайдалану балансы заттай (сандық) көріністен құралады. Тауар экспортының не импортының есепке алынбаған көлемін құндық тұрғыдан бағалау үшін мүше мемлекеттің кеден органы ұсынған тауарларға арналған декларациялар мен басқа да құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес тауарларға орташа іс жүзінде қалыптасқан баға не сараптамалық жолмен айқындалған баға пайдаланылуы мүмкін.

      13. Егер балансты жасаушылардың өкімінде баланстың барлық баптары бойынша статистикалық ақпараттың (мысалы, сауалнама немесе зерттеу) сенімді көздері болса, тауарлар ағыны әдісін толық есепке алуды жүргізу үшін пайдалануға болады.

      Ресурстар мен тауарды пайдалану арасындағы баланстың жоқ болуының себебі баланстың кез келген бабы бойынша ақпараттың толық болмауы мүмкін екендіктен, "экспорт" не "импорт" баптары бойынша толық есепке алу баланстың басқа баптары бойынша деректер неғұрлым сенімді деп танылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      14. Елдер бойынша толық статистикалық есепке алу көлемін сараптамалық бөліп тарату толық есепке алуды тауарлар саудасын сыртқы және өзара бөлуге мүмкіндік береді.

      15. Тауарлар ағыны әдісін пайдалана отырып, мүше мемлекеттің тауармен сыртқы және өзара саудасының есепке алынбаған көлемін бағалау әрбір тауар (тауарлар тобы) бойынша жеке жүргізіледі. Баланс жасау жүзеге асырылатын өндірістік-техникалық мақсаттағы және тұтыну тауарларының тізбесін айқындауға ұсыным жасалады.

      16. Тауарлар ағыны әдісін қолдану кезінде ұлттық шоттар статистикасының негізінде есептелетін, бақылау индикаторы ретінде мүше мемлекет экономикасындағы тауарлар ресурстары мен оларды пайдалану арасындағы жиынтық құндық ауытқушылық пайдаланылуы мүмкін.

      17. Статистикалық толық есепке алуды жыл сайын жүзеге асыруға ұсыным жасалады. Өткен жыл ішіндегі нақты тауарлардың есепке алынбаған экспорты мен импорты көлемінің негізінде есепті жылы ай сайынғы есептер жүргізілуі мүмкін.

III. Ауытқушылықтарды бағалау әдісі

      18. Ауытқушылықтарды бағалау әдісі сол бір құбылыс туралы екі деректер көзін салыстыруға негізделеді.

      Аталған әдісті өзара тауар саудасының есепке алынбаған көлемін статистикалық толық есепке алуды жүргізу үшін пайдалануға ұсыным жасалады.

      19. Ауытқушылықтарды бағалау әдісін пайдалану кезінде деректер көзі ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары өзара сауда кезінде уәкілетті органға ұсынған құжаттардан алынған мәліметтер (бұдан әрі - статистикалық нысандар) және мүше мемлекеттердің салық органдарына ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерден алынған мәліметтер (бұдан әрі - өтініш) пайдаланылуы мүмкін.

      20. Тауарлар импорты бойынша статистикалық толық есепке алудың құндық көлемін айқындау үшін мүше мемлекеттің салық органына есепті кезеңнің әрбір айы үшін өтініш ұсынылатын салық төлеушілердің (алымдар төлеушілердің) (бұдан әрі – салық төлеуші) тізбесін, сондай-ақ есепті кезеңнің әрбір айы үшін уәкілетті органға тауарлар импорты бойынша статистикалық нысандар ұсынылатын респонденттер тізбесін қалыптастыруға ұсыным жасалады. Осы екі тізбені салыстыру жолымен уәкілетті органға тауарлар импорты бойынша статистикалық нысандар ұсынбаған, бірақ салық органына өтініш берген салық төлеушілердің тізбесі (бұдан әрі – салыстыру тізбесі) қалыптастырылады.

      21. Тауарлар импорты бойынша статистикалық толық есепке алудың құндық көлемін тауарлар импорты бойынша салыстыру тізбесіне енген салық төлеушілердің көрсетілген өтініштеріндегі тауарлар құнын қосу жолымен әрбір мүше мемлекет бойынша (өтініште көрсетілген тауарды сатушының орналасқан жері бойынша белгіленеді) жеке-жеке есепті кезеңнің әрбір айы бойынша айқындауға ұсыным жасалады.

      22. Егер тауар құны өтініште АҚШ долларымен көрсетілмесе, онда АҚШ долларына қайта есептеуді мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша өтініште көрсетілген тауарды есепке алу күніне жүргізуге ұсыным жасалады.

      23. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтары бойынша статистикалық толық есепке алу көлемін бөліп таратуды өтініштерде қажетті ақпарат бар болған кезде жүргізуге ұсыным жасалады.

      Мұндай жағдайда статистикалық толық есепке алу құндық та, сандық көріністе т\де жүзеге асырылуы мүмкін.

      24. Тауарлар импорты бойынша статистикалық толық есепке алудың құндық көлемін есептеуді, салыстыру тізбесін қалыптастыру үшін басқа мүше мемлекеттің салық органына ұсынылған өтініштердегі тауарды сатушы ретінде көрсетілген салық төлеушілер туралы мәліметті пайдаланудың қажеттігін ескере отырып, осыған ұқсас түрде жүзеге асыруға ұсыным жасалады.

      25. Өзара тауар саудасының есепке алынбаған көлемдерін статистикалық толық есепке алуды ауытқушылықтарды бағалау әдісімен жүргізу кезінде салыстыру үшін деректер көзі ретінде басқа мүше мемлекеттің өзара тауар саудасының статистика деректері пайдаланылуы ("қарымта" деректер) мүмкін.

IV. Деректерді түзету әдісі

      26. Деректерді түзету әдісі жекелеген тауар санаттарының кедендік ресімдеудің ерекшеліктеріне байланысты бастапқы статистикалық ақпараттың түсуінің кешігу себебі бойынша туындайтын сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерін жүйелі түрде төмендетіп көрсету әсерін жоюға арналған.

      Аталған әдіс есепті кезеңнің соңғы айындағы деректерді түзету коэффициенті (бұдан әрі – түзету коэффициенті) мен оны есепті кезеңнің соңғы айындағы сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерін статистикалық толық есепке алу үшін қолданудың есебіне негізделген.

      Әдіс деректерді есепті кезеңнің тек соңғы айында түзетуді ғана ұсынады. Одан кейінгі кезеңде деректерге құрылған есепті кезеңде жүзеге асырылған статистикалық толық есепке алу енгізілмейді.

      27. Түзету коэффициентін есептеу мен статистикалық толық есепке алуды жүзеге асыруды соның есебінен сыртқы сауда статистикасының жедел деректері жүйелі түрде төмендейтін тауарлардың (ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша мүмкіндігінше барынша жоғары деңгейде егжей-тегжейлей отырып) санаттары үшін жүргізуге ұсыным жасалады.

      28. Алдыңғы жылдың әрбір есепті кезеңінде қалыптастырылған сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерінен түзету коэффициентін есептеу үшін әрбір есепті кезеңнің соңғы айының және әрбір кейінгі есепті кезеңдегі сыртқы сауда статистикасының жедел деректерінен осы айдың деректері бөлек алынады. Осылайша алдыңғы жылдың қаңтарынан бастап қарашаны қоса алғандағы кезең ішінде 11 жұп деректер қалыптастырылады – мәндердің бір жұбы әрбір ай бойынша болады. Қаңтар ішіндегі деректер жұбы: қаңтардағы жедел деректерден және қаңтар-ақпан ішіндегі жедел деректерден алынған қаңтардағы деректерден құралады; ақпан ішіндегі деректер жұбы: қаңтар-ақпандағы жедел деректерден алынған ақпан ішіндегі деректерден және қаңтар-наурыздағы жедел деректерден алынған ақпан ішіндегі деректерден құралады және т.б. желтоқсандағы деректер түзету коэффициентін есептеу үшін пайдаланылмайды.

      Әрбір деректер жұбы бойынша есепті кезең ішіндегі сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерінен есепті кезеңнің соңғы айындағы деректерді және кейінгі кезең ішіндегі сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерінен осы ай ішіндегі деректерді түзету коэффициенті (бұдан әрі – деректерді түзету коэффициенті) мынадай формула бойынша есептеледі:

      di=(Vi+i-Vi)/Vi,

      мұндағы:

      dj - i ай ішіндегі деректерді өзгерту коэффициенті;

      Vj+i – соңғы айы i+1-ді құрайтын кезең ішіндегі сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерінен алынған i ай ішіндегі экспорт/импорт көлемі;

      Vi – соңғы i-ді құрайтын кезең ішіндегі сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерінен алынған i ай ішіндегі экспорт/импорт көлемі;

      i – айдың реттік нөмірі, 1-ден 11-ге дейінгі мәнде болады.

      Түзетудің қорытынды коэффициенті деректерді түзету коэффициентерінің алынған мәндерінің орташа геометриялық мәні ретінде айқындалады.

      29. Түзету коэффициентін есептеуді әрбір жылдың қаңтары үшін сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерін қалыптастырғанға дейін жүргізуге және оны жылдың әрбір есепті кезеңнің соңғы айындағы деректерді статистикалық толық есепке алу үшін сыртқы тауар саудасы статистикасының жедел деректерін қалыптастыру кезінде ай сайын пайдалануға ұсыным жасалады.

V. Қорытынды ережелер

      30. Уәкілетті органның статистикалық толық есепке алуды жүргізу, оның ішінде оларды өткізу әдістерін таңдау туралы шешім қабылдауын тиісті деректердің экономикалық маңыздылығын және мүше мемлекеттің оған нақты қажеттіліктерін, сондай-ақ аталған жұмысты ұйымдастырудың орындылығын ескере отырып, жүзеге асыруға ұсыным жасалады.

      31. Статистикалық толық есепке алуды жүргізу үшін осы құжатта көзделген әдістерді пайдалану уәкілетті органның басқа да әдістерді қолдануын жоққа шығармайды.

      Деректерді толық қамтуға қол жеткізу мақсатында бірнеше әдісті қолдану қосарлы есептеуге жол бермеу тұрғысында алынған нәтижелерге талдау жүргізуді талап етеді.

      32. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша статистикалық толық есепке алу көлемін бөліп тарату мүмкін болмаған кезде (статистикалық толық есепке алуды сәйкестендіру мақсатында) тауар коды ретінде 9800 00 000 0 шартты кодын пайдалануға ұсыным жасалады.

      33. Статистикалық толық есепке алуды уәкілетті орган жүргізген жағдайда статистикалық материалдарды тиісінше пайдалануды қамтамасыз ету және халықаралық деңгейде салыстырулар жүргізуді жеңілдету үшін осы мақсатта пайдаланылатын әдістердің егжей-тегжейлі сипатын метадеректерге енгізуге ұсыным жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады