Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 7 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қуат конденсаторлар өндірісі үшін сұйықтықты сіңіретіндерге қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 21сәуірдегі № 33 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 7 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 28-топта ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "2835 22 000 0 – 2835 29 900 0" позициясына түсіндірмелерде ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 9" коды - ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 8" кодына ауыстырылсын.

      2. 38-топта ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3802 90 000 0" қосалқы позициясына түсіндірмелерде ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 8" кодына ауыстырылсын.

      3. 71-топта ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "7104 10 000 0" қосалқы позициясына түсіндірмелерде ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3824 90 970 8" кодына ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады