Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 8 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне ойындарға арналған жүргізгілер мен шатыршаларға қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 12 мамырдағы
№ 8 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      95-топта:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 210 0" кіші қосалқы позициясына түсіндірмелердегі ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 990 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 990 9" кодымен ауыстырылсын;

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 700 0" кіші қосалқы позициясына түсіндірмелердегі "немесе 9503 00 990 0" деген сөздер ", 9503 00 990 1 немесе 9503 00 990 9" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 810 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 810 0 - 9503 00 990 9" кодымен ауыстырылсын;

      г) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "9503 00 810 0 - 9503 00 990 0" кіші қосалқы позициясына түсіндірмелерден кейін мынадай мазмұндағы түсіндірмелермен толықтырылсын:

      "9503 00 990 1* Балалар үй-жайларда немесе ашық аспан астында ойнау үшін пайдаланатын, жануарлар, мультипликациялық кейіпкерлер, көлік құралдары, геометриялық пішімдер, (мысалға, пирамида, конус, куб, төбесі қиылған пирамида) түріндегі, пластмасса немесе металл (түтікшелі немесе серіппелі) қаңқалы, тоқыма материалдардан жасалған, биіктігі 120 см-ден, ені 185 см-ден, ұзындығы 185 см-ден аспайтын шатыршалар Аталған кіші қосалқы позицияға балалар пайдаланатын ойынға арналған шатыршалар кіреді.

Шатыршалар бейнелерінің үлгілері төменде көрсетіліп отыр.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады