Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактикасы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын халықаралық актілермен үндестіру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 10 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 6 және 10-тармақшаларына сәйкес,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактикасы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын халықаралық актілермен үйлестіру осы мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы экспорттық әлеуетін дамытуға оң ықпалын тигізеді деп болжай отырып,

      Осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:

      1. Армения Республикасына құстардың сальмонеллезін бақылау, профилактикасы және оған қарсы күрес жөнінде ұлттық бағдарлама қабылдауға;

      2. Ресей Федерациясына құстар сальмонеллезі бойынша құс өсіру шаруашылығының игілігін қамтамасыз ететін ұлттық бағдарлама қабылдауға;

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қосымшаға сәйкес тізбе бойынша құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактикасы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын халықаралық актілермен үндестіруге ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссии Алқасының
2015 жылғы от 19 мамырдағы
№ 10 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактиксы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын үндестіруге ұсыным жасалатын халықаралық актілердің ТІЗБЕСІ

Халықаралық актінің атауы

Үйлестіру саласы

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

1

2

3

4

5

1.Халықаралық эпизоотикалық бюросының Құрлықтағы жануарлар денсаулығы кодексі

құс өсіру шаруашылығын орналастыру және конструкциясы құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап)

құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап)

құс өсіру шаруашылығын орналастыру және конструкциясы (6,4,7-бап) құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап)

ауру профилактикасы (6.4.7-бап)

2. Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2003 жылғы 17 қарашадағы сальмонелді және басқа тағамдық зоожұқтырушы агенттер жөніндегі № 2160/2003 Регламенті (ЕО) № 2160/2003

ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1 - 1.4, 1.6, 1.9, 1.10, 2.1 -2.3, 2.5 - 2.7-тармақтары)

ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1, 1.2, 1.10, 2.1 - 2.3-тармақтары)

ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1, 1.2, 1.6, 1.10, 2.1-23, 2.5-2.7-тармақтары)

ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.2 - 1.4, 1.9, 1.10, 2.1, 2.2, 2.5 және 2.7-тармақтары)

3. Жұмыртқалар мен жұмыртқа өнімдері гигиениялық кодексі (CAC/RCP 15-1976)
4. Үй құстарындағы сальмонелді бақылаудың ұлттық бағдарламалары шеңберінде бақылаудың ерекше әдістерін қолдануға қойылатын талаптарға қатысты Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2003 жылғы 17 қарашадағы № 2160/2003 Регламентін (ЕС) қолдану бойынша Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 1177/2006 Регламенті (ЕС)

жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап)

жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ)

жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап)

жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап)

5. Gallus gallus асыл тұқымды табындағы сальмонелдің белгілі бір серотипінің таралуын төмендету бойынша негізгі мақсаттарға қатысты
Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2005 жылғы 30 шілдедегі № 1003/2005 Регламенті

асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша)


асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша)

асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады