Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттармен реттелетін мәселелер бойынша мемлекетаралық іс-шараларға (консультацияларға) қатысуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 11 ұсынымы.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымшаның 43-тармағы 4, 6, 8 және 10-тармақшаларында көзделген Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттармен реттелетін мәселелер бойынша мемлекетаралық іс-шаралар (консультациялар) өткізу кезінде осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:

      Комиссия өкілдерінің көрсетілген іс-шараларға (консультацияларға) қатысуы тиісті халықаралық шарттарды іске асыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін ескеруге,

      Комиссияны жазбаша және (немесе) электрондық түрде ақпарат жіберу арқылы алда тұрған іс-шаралар (консультациялар) туралы хабардар етуге ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады