Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 12 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне стирол полимерлерінен жасалған кесінді табақшаларға және винилхлорид пен полиэтилентерефталат полимерлерінен жасалған қабықшалардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 28 мамырдағы № 23 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) мынадай:

      "VI томның 39-тобындағы "3920 43 100 0 және 3920 43 900 0" деген сөздер ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "3920 43 100 1 – 3920 43 9000 0" кодымен ауыстырылсын" деген өзгерісті ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады