Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 23 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жер қазатын және тазалайтын машиналардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 113 шешімі күшіне енгізілген күннен бастап:

      Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) өзгерісті ескере отырып қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
А. Слепнев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 23 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелердің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІС

      84-топта ЕАЭО СЭҚ ТН 8429 30 000 0 қосалқы позициясына түсініктемелерден кейін мынадай мазмұндағы түсініктемелермен толықтырылсын:

      "8430 Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кендерді алып жүруге

      жоспарлауға, кескіндеуге, әзірлеуге, таптауға, тығыздауға,

      қазуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен

      тетіктер;сынаны қағуға және суыруға арналған жабдық;

      соқалық және роторлы қар тазалағыштар

      8430 41 000 2* Шынжыр табан төсенішті көмір қазуға арналған, жұмыс

      органымен жарақталған, жебемен және кескіш тістері бар (шапқылары)

      және жүк тиеп, түсіретін жабдықтармен жабдықталған

      айналмалы коронкалардан тұратын жол аршитын машиналар

      Аталған кіші қосалқы позицияға шынжыр табан төсенішті көмір қазуға арналған, жұмыс органымен жарақталған, көмір қабатын қопаруға және оны көлік құралдарына (вагонеткаларға, конвейерге, қайта тиеуге және т.б) тиеуге (бөлшектеуге) арналған жебемен және өткір тісті кескіштермен (шапқылармен) және жүк тиеп, түсіретін жабдықтармен жабдықталған айналмалы коронкалардан тұратын жол аршитын комбайндар енгізіледі.

      8430 41 000 2* Ені тар жол тазалайтын машиналар

      Аталған кіші қосалқы позицияға ысырғыш конвейер мен механикаландырылған бекіткішті пайдалана отырып, көмір забойларында қопарылған тау кендерін кесуге және тиеуге арналған өздігінен жүретін, тазартатын енсіз комбайндар енгізіледі. Оларда симметриялы түрде орналастырылған, өткір тістермен (шапқылармен) жарақтандырылған көлбеу айналатын,көтерген кезде биіктігін реттейтін білігі бар шнекті орындаушы органдар болады. Кіріктірілген көтеру тетігі бар. Қозғалыс комбайн корпусына кіріктірілген электр двигателінен доңғалақтардың тісті тартпасына және конвейер рейкаларына тіркеу арқылы айналу сәтінде жүзеге асырылады.

      Тісті доңғалақтармен қозғалысты іске қосу

      Электр қозғалтқыштарын қондыруға арналған орын

      Конвейерлі рейкаға тіркелген тісті доңғалақ

      Конвейерлік рейкамен кіріктірілген тісті дөңгелек

      Қозғалысқа қосу

      Конвейерлі рейка

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады