Бағалы металл өнімдері мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтау және келісу әдістемесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 24 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 4-тармағын (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) іске асыру және бағалы металл өнімдерін және оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 2 шешіміне қосымша) рұқсат тәртібі белгіленген, 2.10 бөлімдегі тауарлар тізбесіне енгізілген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтаудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Қосымшаға сәйкес бағалы металл өнімдері мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген және осындай аумақтан әкеткен кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бағалы металл өнімдері мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтауды және келісуді регламенттейтін актілерін қалыптастыру кезінде, бағалы металл өнімдері мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтау және келісу әдістемесін басшылыққа алуға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық
      комиссия Алқасы Төрағасының
      міндетін уақытша атқарушы А. Слепнев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 6 қазандағы
№ 24 ұсынымына
ҚОСЫМША

Бағалы металл өнімдері мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу ӘДІСТЕМЕСІ

      1. Осы Әдістеме бағалы металл өнімдерін және оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) рұқсат тәртібі белгіленген, 2.10 бөлімдегі тауарлар тізбесіне енгізілген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің (бұдан әрі – қайта өңдеу өнімдері ) кедендік рәсімін жүргізу үшін:

      а) аффинирленген бағалы металдарды алу және өндіру субъектілерінің, өзінің өндірістік қызметінде бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын пайдаланатын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың (бұдан әрі – мәлімдеушілер);

      б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар тауарлармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың, егер қайта өңдеу жөніндегі операция бағалы металдардан жасалған тауарларды жөндеу (соның ішінде қосалқы бөлшектерін ауыстыру) болып табылса, оларды кедендік аумаққа, кедендік аумақтан тыс жерлерге және ішкі сұраныс үшін қайта өңдеуге орналастыруы кезінде қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтауға және келісуге арналған.

      2. Осы Әдістеменің мақсатында өндірістік қызмет деп қызметкерлердің ресурстарды дайын өнімдерге айналдыруына, соның ішінде өндірісті және бағалы металдар мен асыл тастарды қамтитын қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жүзеге асырған іс-әрекеттерінің жиынтығы түсініледі.

      3. Қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормаларын белгілеу мақсатында мәлімдеушілер:

      а) өндірістік процестің технологиялық схемасын және бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу жөніндегі (бұдан әрі – шарт (келісімшарт) сыртқы сауда-саттық шарт (келісімшарт) тарапынан болған бағалы металдарды дайындаудың техникалық шарттарын келіседі;

      б) қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормаларын есептейді.

      4. Қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормаларын есептеу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтер:

      а) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген нормативтік-техникалық және техникалық құжаттамалар, мәлімдеушінің және (немесе) қайта өңдеушінің техникалық қызмет жөніндегі есептері, сондай-ақ өнімді дайындаудың техникалық процестерін регламенттейтін өзге де құжаттар;

      б) өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің сипаттамасы– бұл № 1 қосымшаға сәйкес өнімдерді (өнімдер тобын) дайындаудың технологиялық картасы (схемасы), онда әрбір операция бойынша қалыптасатын қайтарымсыз шығындар көрсетіле отырып (бұйымдар (бұйымдар тобын) дайындау үшін пайдаланылған (бағалы металдар массасына пайыздармен және граммен көрсетілген) (бұдан әрі - құндылықтар) бұйымдарды дайындау операциясының тізбесі қамтылады және ол шарттың (келісімшарттың) құрамдас бөлігі болып табылатын,Одақтың қайта өңделетін өнімдер әкелінетін кедендік аумағының және әкетілетін аумағының осындай аумақтардың ерекшелігіне сәйкес, бұйымдардың (сақина, шолпы, білезік, байытылған торша, аффинирленген бағалы металдар және т.б.) әрбір тобына жасалады.

      Қайта өңдеу нәтижесінде құралатын және өндірісте жинақталатын және одан әрі өндіруге пайдаланылуы (алдын ала өңделуі немесе онсыз) мүмкін құндылықтардың қалдықтары қайтарылмайтын шығындар қатарына жатқызылмайды.

      Бұйымдар топтарға балқыма (сынама) және мынадай белгілері бойынша:

      бұйымдардың белгілі бір топтарға жатқызылуы (сақина, сырға және т.б.);

      бұйымдар конструкциясының ұқсастығы;

      дайындау технологиясының тұтастығы;

      бұйымдар массасының елеусіз айырмашылығы бойынша біріктіріледі;

      в) қайта өңдеушінің өндірістік базасының техникалық сипаттамасы пайдаланылады.

      5. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасы абсолютті мәнде және шартты түрде (пайызбен) көрсетілген, құндылықтар санын 1 бірлікті қайта өңдеудің нақты шартына орай алынған қайта өңделген өнімдердің саны ретінде айқындалады. Бұл ретте қайта өңделген өнімнің әрқайсысы құндылықтар санының туындысы және осындай қайта өңделген өнімнің түсімі нормасы ретінде есептеледі.

      Құндылықтар шығынының саны өнімдерді дайындау процесінің ерекшеліктеріне және өнімді қайта өндірушінің өндірістік базасының сипаттамасына қарай анықталады.

      Бұйымдардың әрбір тобы бойынша құндылықтар шығыны нормасының мәні бұйымдардың осындай тобын дайындау кезіндегі құндылықтар шығынының жиынтығы ретінде белгіленеді.

      Құндылықтар шығыны нормасының мәні бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеу кезінде бұйымдардың әрбір тобы бойынша (граммен) шығындар жиынтығының оларды дайындауға пайдаланылған құндылықтар жиынтығына қатынасы (пайызбен) ретінде анықталады.

      Қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормасын анықтау кезінде қайта өңдеудің қалдықтары мен құндылықтардың қалдықтары шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес ескеріледі.

      6. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасын келісу үшін, уәкілетті органға (ұйымға) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, қайта өңдеу өнімдерінің түсімі нормасын келісуге мынадай құжаттар мен мәліметтер:

      а) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға мәлімдеушінің құқын растайтын құжаттар;

      б) шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

      в) мәлімдеушіде меншік құқындағы немесе өзгеше заңдық негіздегі өндірістік үй-жайының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      г) мәлімдеушіде өндірістік базасының және № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар табыс еткеннен кейінгі жарты жыл ішінде өз өндірісінде дайындалған өнім көлемінің бар екені туралы мәліметтер тізбесі;

      д) Одақтың кедендік аумағына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге әкелінетін және осындай аумақтан әкетілетін тауарлардың тізбесі;

      е) Одақтың кедендік аумағына № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге әкелінетін және осындай аумақтан әкетілетін тауарлардың тізбесі ұсынылады.

      7. Қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормаларын анықтаудың және келісудің қорытындысы бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті орган (ұйым) қайта өңдеуден алынған өнімдердің түсімі нормаларымен келісу үшін мәлімдеушіге осы Әдістеменің 6-тармағы "д" және "е" тармақшаларында көрсетілген тізбелерді, сондай-ақ мәлімдеушінің бағалы металдар мен асыл тастарды өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатынын растайтын хатты жібереді.

  Бағалы металдар мен құрамында
бағалы металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеуден
алынатын өнімдердің түсімі
нормаларын анықтау және келісу
әдістемесіне
№ 1 ҚОСЫМША
(нысан)

Бұйымдарды (бұйымдар тобын) дайындаудың технологиялық картасы (кесте)

___________________________________________________________

(бұйымдардың (бұйымдар тобының) атауы)

_____________________________________________________________________

(қайта өңдеуге арналған құндылықтардың (грамы, караты) жиынтығы)

Операцияның атауы

Шығындар

пайызы

грамы, караты

      1. Құю жұмыстары

      1) модельді блокты дайындау

      2) модельді блоктарды спиртпен тазарту

      3) құю нысандарын дайындау

      4) модельді блоктарды сабын қосындысымен тазарту

      5) модельді құрамды қыздыру

      6) нысанды құюға әзірлеу

      7) шихталарды дайындау

      8) нысандарды құю

      9) құйманы шығару және тазарту

      Қорытынды

      2. Штамптау жұмыстары

      1) кескінін балқыту

      2) қақтау

      3) бөлшектерді штамптау (кесу, шабу, тесу, түйреу, кесіндінің сыртын тазалау, ию, созу, қысу, сұрыптау және т.б.)

      Қорытынды

      3. Құрастыру жұмыстары

      1) дайындық операциялары (сымдарды, парақтық материалдарды кесу)

      2) құюшыны босату

      3) ию

      4) қиюластыру

      5) аралап кесу

      6) дәлдеп дәнекерлеу

      7) бір-біріне ауыстыру

      8) бұйымдарды асбест парақтарға жинау

      9) флюстеу

      10) пісіру

      11) күйдіру

      Қорытынды

      4. Зергерлік бұйымдарды жылтырату

      Қорытынды

      5. Зергерлік көздер мен тастарды бекіту

      6. Бұйымдарды гальваникалық әдіспен қорғаныш-сәндік тұрғыда жалату

      Қорытынды

      7. Полимерлі эмаль жабындылармен қаптау

      Қорытынды

      Барлық бұйым (бұйымдар тобы) бойынша

      Ескертпе. Аталған нысан бағалы металдардан жасалған бұйымдарды дайындаудың

      технологиялық үрдісінепроцесіне сәйкес кез келген операцияны қамтуы мүмкін.

  Бағалы металдар мен құрамында
бағалы металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеуден
алынатын өнімдердің түсімі
нормаларын анықтау және келісу
әдістемесіне
№ 2 ҚОСЫМША
(нысан)

Мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және __ жылдың ___жарты жылында өз өндірісінде дайындалған өнімдердің көлемі туралы мәліметтер ТІЗБЕСІ

Мәлімдеуші ____________________________________________

(ұйымның атауы)

Өндірістік базаның бар-жоғы

Өз өндірісінің өнімдері

өндірістік алаң (м2)

технологиялық жабдық (станоктардың саны мен үлгісі)

негізгі өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны

өнімдер номенклатурасы

өз өндірісінде есепті кезеңде өндірілгені (кг)*

Желімденді (өз өндірісінің өнімдері) (дана)

1

2

3

4

5

6

      Мәлімдеушінің басшысы

      (мәлімдеуге уәкілетті)______________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      _____________

      *Егер мәлімдеуші өндірістік қызметін 6 айға жетпейтін уақытта жүзеге асырса, нақты уақыт ішінде өндірген өнімнің саны көрсетіледі.

  Бағалы металдар мен құрамында
бағалы металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеуден
алынатын өнімдердің түсімі
нормаларын анықтау және келісу
әдістемесіне
№ 3 ҚОСЫМША
(нысан)

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және осындай аумақтан әкетілетін бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ТІЗБЕСІ

Мәлімдеуші ___________________________________________

(ұйымның атауы)

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша қайта өңде-летін өнім-нің атауы

Қайта өңдеуге сыртқы-саттық шарты (келісім-шарты) туралы мәліметтер

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша қайта өңделетін өнімнің коды

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі

Қайта өңделетін тауарлардың саны

Қайта өңделетін өнімнің құны (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен)

Тауарлы өнім*

Қайта өңдеу қалдықтары*

Құндылықтар шығыны

Құндылықтар қалдығы

Қайта өңделе
тін тау
рларды ресімдейтін кеден органы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Мәлімдеушінің басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше

      (уәкілетті мәлімдеуші)_________________ мемлекеттің уәкілетті органының

      (қолы) (Т.А.Ә.)) (ұйымының) уәкілетті лауазымды адамы

      Бас есепші ___________________________ __________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)) (қолы) (Т.А.Ә.))

      Мөр қойылатын орын (бар болса)

      _______________

      *Тауарлы өнімдердің, қалдықтардың саны, бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар және бір өлшемдік бірліктегі асыл тастар бар шикізат тауарларының шығыны мен қалдықтары көрсетіледі.

  Бағалы металдар мен құрамында
бағалы металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеуден
алынатын өнімдердің түсімі
нормаларын анықтау және келісу
әдістемесіне
№ 4 ҚОСЫМША
(нысан)

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта өңдеуге әкелінетін және осындай аумақтан әкетілетін тауарлардың ТІЗБЕСІ

Мәлімдеуші ___________________________________________

(ұйымның атауы)

ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша тауар атауы

Тауарды қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда-саттық шарты (келісімшарты)

ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша тауар коды

ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі

Тауар саны

Тауардың құны (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен)

Тауарды ресімдейтін кеден органы

1

2

3

4

5

6

7

      Мәлімдеушінің басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше

      (уәкілетті мәлімдеуші)___________ мемлекеттің уәкілетті органының

      (қолы) (Т.А.Ә.))

      (ұйымының) уәкілетті лауазымды адамы

      Бас есепші ____________________ __________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)) (қолы) (Т.А.Ә.))

      Мөр қойылатын орын (болса) Мөр қойылатын орын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады