Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы статистикалық есептілік (есептілік) көрсеткіштерін үндестіру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 26 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағы негізінде

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 4 және 6-тармақшаларында (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) көзделген Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсанындағы № 224 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссияға беретін ресми статистикалық ақпаратының 27-бөлімінде көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында статистикалық есептілікті не есептілікті жүргізуге ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады