Мысыр Араб Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 17 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп Мысыр Араб Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастасын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Респуликасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады