Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 18 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы "Кедендік декларация беру оған қатысты Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат ұсынумен бірге жүретін өнімнің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы" №11 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 18 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 11 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы "сәйкестікті бағалау (растау) туралы" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кіріспесіндегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3.1-тармақта "сәйкестікті бағалау (растау) туралы" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Аталған шешіммен бекітілген кедендік декларация беру оған қатысты Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат ұсынумен бірге жүретін өнімнің (бұйымдардың) тізбесінде:

      а) атауындағы "сәйкестікті бағалау (растау) туралы" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2-графаның атауындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 2-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"2.Баланың массасы түсетін ойыншықтар, соның ішінде үш доңғалақты велосипедтер, өздігінен сырғанайтындар (самокаттар), басқылы автомобильдер, жүргізгілер және соларға ұқсас доңғалақты ойыншықтар; қуыршақтарға арналған
бесік-арбалар

9403 70 000 2
9403 70 000 3
9503 00 100

сәйкестік сертификаты -";

      г) 1-ескертпедегі "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады