Қуаты 5 000 кВт астам, бірақ 50 000 кВт аспайтын газ турбиналарының бөлшектеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 21 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 001 9 кодымен сыныпталатын, қуаты 5 000 кВт астам, бірақ 50 000 кВт аспайтын газ турбиналарының бөлшектеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 86 шешімімен кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленген ставкасының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 21С ескертпедегі "2016 жылғы 01 қыркүйекті қоса алғанда" деген сөздер "2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады