Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімі.

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына және Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) 8, 20, 23 және 25-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі;

      тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманың нысаны бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.

      3. Мыналардың:

      Кеден одағы комиссиясының "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 168 шешімінің, сондай-ақ оған № 2 және 5-қосымшалардың;

      Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы "Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 488 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 34 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 20-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) атқарушы билігінің уәкілетті органы, оның тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар беру құқығы берілген ведомстволық бағынысты немесе аумақтық органдары (бұдан әрі – тиісінше уәкілетті орган, лицензия) Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайларда осы мүше мемлекеттің аумағында берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Мұндай шешім лицензияларды ресімдеуді, беруді және есепке алуды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралға тиісті жазба енгізу арқылы іске асырылады.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы хабарлама жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Лицензияны иеленушінің өтініші бойынша (ол лицензияның орындалуы туралы анықтаманы немесе бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын ұсыну шартымен) лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өз мемлекетінің кеден органдарына және лицензияны иеленушіге тиісті хабарлама жібереді.

      Электрондық құжат нысанында берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган мұндай шешім қабылданған күні өз мемлекетінің кеден органдарын және лицензияны иеленушіні лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы хабардар етеді.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарламада Қағидалардың 19-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме қамтылуға тиіс.

      Егер лицензия электрондық құжат нысанында берілген (ресімделген) болса, лицензияның түпнұсқасы уәкілетті органға ұсынылмайды.

      Лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешім лицензияларды ресімдеуді, беруді және есепке алуды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралға тиісті жазба енгізу арқылы іске асырылады.

      3. Лицензияның қолданылуы Қағидалардың 19-тармағының 4 (лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату бөлігінде) және 10-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган Қағидалардың 19-тармағының 4 және 10-тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Лицензияның қолданылуы уәкілетті орган бұл туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      Лицензияның қолданылуы 1 айдан аспайтын мерзімге, ал негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда – көрсетілген құжаттардың қолданылуы қайта басталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келген себептер жойылғаннан кейін уәкілетті орган мерзімінен бұрын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімінің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап оның қолданылуын қайта бастайды.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың уәкілетті орган белгілеген мерзімі ішінде осындай себептер жойылмаған жағдайда, лицензияның қолданылуы тоқтатылады. Бұл ретте лицензияның қолданылуын тоқтата тұру оны ұзарту үшін негіз болып табылмайды.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған уәкілетті орган лицензияның қолданылуы қайта басталған күнді көрсете отырып, лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      4. Лицензияның қолданылуы Қағидалардың 19-тармағының 1 – 3, 5 – 9-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ Қағидалардың 19-тармағының 4-тармақшасына сәйкес лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

      Қағидалардың 19-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтату лицензияны иеленуші лицензияның түпнұсқасын (егер мүше мемлекеттің кеден органында лицензияны бақылауға қою жүргізілмесе) немесе лицензияның орындалуы туралы анықтаманы (егер мүше мемлекеттің кеден органында лицензияны бақылауға қою жүргізілсе) ұсынған кезде жүргізіледі.

      Егер лицензия электрондық құжат нысанында берілген (ресімделген) немесе лицензияның орындалуы туралы ақпаратты мүше мемлекеттің кеден органдары уәкілетті органға тікелей электрондық нысанда ұсынған болса, лицензияның түпнұсқасы немесе лицензияның орындалуы туралы анықтама уәкілетті органға ұсынылмайды.

      Уәкілетті орган Қағидалардың 19-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімді лицензияны иеленуші тиісті өтінішті ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, ал Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген өзге жағдайларда – олар басталған күннен бастап, ал осындай күнді белгілеу мүмкін болмаған жағдайда – олар анықталған күннен бастап қабылдайды.

      5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімге уәкілетті органы осындай шешімді қабылдаған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 34 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтама НЫСАНЫ

________________________________
(мекенжайы, байланыс телефонының нөмірі көрсетіле отырып, функциясына тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы бөлімшесінің атауы )
________________________________
________________________________
________________________________
 

________________________________
(лицензияны иеленушінің атауы)
________________________________
________________________________
________________________________ ________________________________ ________________________________
 

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтама

1. № лицензия


2. Лицензияның берілген күні


3. Лицензияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарында бақылауға қою кезіндегі тіркеу №


4. Лицензия бақылауға қойылған күн


5. Нақты орындалуы

Саны


Өлшем бірлігі


6. Қалдығы

Саны


7. Лицензияны бақылаудан алып тастау үшін негіз (қажеттісін белгілеу)

7.1. Лицензияның қолданылу мерзімінің өтуі


7.2. Лицензияда көзделген тауар санының таусылуы


7.3. Лицензияны иеленушінің өтініші


7.4. Лицензия қолданылуының тоқтатылуы (тоқтатыла тұруы) туралы хабарлама

8. Ескертпе
 


      Бөлімшенің лауазымды адамы

_________________________
(функциясына тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы бөлімшесінің атауы)
 

_______________________
(қолы, жеке нөмірлі мөрі)

___________________
(күні)

_______________
(Т.А.Ә.)

Ескертпе.

5-тармақта лицензия бойынша нақты әкетілген (әкелінген) тауар саны (лицензияда көрсетілген өлшем бірліктерінде) көрсетіледі.
6-тармақта көрсетілген қалдық лицензияда көрсетілген тауар саны мен нақты әкетілген (әкелінген) тауар санының айырмасы ретінде айқындалады.
Лицензияның орындалуы туралы анықтаманы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің лицензияны бақылауға қойған кеден органы лицензияны иеленушінің жазбаша өтініші негізінде өтініш алынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде лицензияны иеленушіге жібереді.
Егер лицензияның орындалуы туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті органдарына, оның тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар беру құқығы берілген ведомстволық бағынысты немесе аумақтық органдарына электрондық нысанда тікелей ұсынатын болса, онда лицензияны иеленуші лицензияның орындалуы туралы анықтаманы көрсетілген уәкілетті органға ұсынбайды.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 34 шешіміне
ҚОСЫМША

Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 5-тармақтың бірінші абзацындағы "қосымшаға" деген сөз "№ 1 қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 6-тармақта:

      а) 6-тармақшаның үшінші абзацындағы "(келісімшарт (шарт) тілінде)" деген сөздер "(келісімшартқа (шартқа) сәйкес)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 14-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағанда әр жолда екі өлшем бірлігіне дейін көрсетілуі мүмкін. Бірінші жолда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың өлшем бірлігінің (негізгі немесе қосымша) қысқартылған атауы көрсетіледі. Екінші жол қажетіне қарай толтырылады, бұл ретте 13-бағанда тауар саны да әр жолда көрсетіледі;";

      в) 15-тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензияны беру туралы өтініш ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша 10 белгіден тұратын сыныптамалық кодтың біріне сәйкес келетін тауар түрлерінің бірнешеуіне ресімделетін болса, өтінішке осы Нұсқаулыққа № 1 қосымшада көзделген 3-нысанға сәйкес қосымша ресімделеді. Бұл ретте өтініштің 15-бағанында тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша 10 белгіден тұратын сыныптамалық кодтың біріне бірден жатқызуға мүмкіндік беретін тауар сипаттамасы көрсетіледі және "(қараңыз: қосымша ____ парақта)" деген жазба жасалады;".

      3. 7-тармақтың бірінші абзацындағы "қосымшада" деген сөз "№ 1 қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 8-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1 – 3-белгілер № 2 қосымшаға сәйкес қалыптастырылады;".

      5. Көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшаның нөмірлік тақырыбындағы "Қосымша" деген сөз "№ 1 қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Мынадай мазмұндағы № 2 қосымшамен толықтырылсын:

  "Жекелеген тауар түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына лицензия беруге
өтінішті ресімдеу туралы және
осындай лицензияны ресімдеу
туралы нұсқаулыққа
№ 2 ҚОСЫМША

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия

нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру

ТӘРТІБІ

      Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру (1-баған "Лицензия") мынадай тәсілмен жүзеге асырылады.

      Лицензия нөмірінің бірінші және екінші белгілері Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын бірыңғай тауарлар тізбесі бөлімдерінің нөмірлеріне сәйкес, ал көрсетілген бірыңғай тізбеде тауар болмаған жағдайда – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесі бөлімінің нөміріне сәйкес кесте бойынша айқындалады:

Бөлім нөмірі

Лицензия нөмірінің бірінші және екінші белгілері

Бөлім атауы

2.1
2.2
2.3
2.4
2.6
2.8
2.10
2.11
2.12
2.13
2.16
2.17
2.19
2.20
2.21
2.23
2.24
2.25
2.26
2.27
2.28
2.29
1.1
1.2

01
02
03
04
06
08
10
11
12
13
16
17
19
20
21
23
24
25
26
27
28
29
31
32

Озонды бұзатын заттар
Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер)
Қауіпті қалдықтар
Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар және коллекциялау заттары, қазба жануарларының сүйектері
Жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік заттар
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік заттардың сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген түрлері
Бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарлар
Минералдық шикізат түрлері
Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары
Есірткі мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтынулы улы заттар
Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жиілігі жоғары құрылғылар, соның ішінде ішінен орнатылған немесе басқа тауарлардың құрамына кіретін құрылғылар
Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар
Шифрлау (криптографиялық) құралдар
Ұлттық архив қорларының мәдени құндылықтары, құжаттары, архив құжаттарының түпнұсқалары
Адамның органдары мен тіндері, қан мен оның компоненттері, адамның биологиялық материалдарының үлгілері
Отын-энергетикалық және минералдық шикізат аудандары мен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат
Экспорттау және (немесе) импорттау кезінде сан жағынан шектеу қойылған тауарлар
Экспорттау және (немесе) импорттау кезінде рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар
Экспорттау және (немесе) импорттау кезінде айрықша құқық белгіленген тауарлар
Ауыл шаруашылығы тауарларының тарифтік квота белгілеу туралы және лицензия беру туралы шешім қабылданған жекелеген түрлері
Кеден одағына мүше мемлекеттер Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес шектеулер қолданатын тауарлар
Кеден одағына мүше мемлекеттер арнайы қорғау шарасы ретінде Импорт квотасын белгілеу туралы шешім негізінде импортты лицензиялау қолданатын тауарлар
Озонды бұзатын заттар және әкелуге және әкетуге тыйым салынған, құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім
Әкелуге тыйым салынған қауіпті қалдықтар


      Лицензия нөмірінің үшінші белгісінің нөлдік мәні болады немесе уәкілетті органның қалауы бойынша көрсетілген бірыңғай тізбенің тиісті бөліміне енгізілген тауарларды қосымша сыныптау мақсатында "1-ден" "9-ға" дейін мәндер пайдаланылуы мүмкін.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады