Сағаттардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 51 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес сағаттардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 27С – 29С ескертулермен толықтырылсын:

      "27С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 2 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.

      28С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 1,5 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.

      29С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 4 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 51 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнынан пайызы не евромен не АҚШ долларымен)


9102 11 000 0

– – тек механикалық индикациямен

727С)


9102 19 000 0

– – өзгелері

728С)


9102 21 000 0

– – автоматты бұрап жүргізетін

729С)


9102 29 000 0

– – өзгелері

729С)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады