Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы баждар енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімі.

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 8 қосымшасы) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 30 000 0 кодымен сыныпталатын ферросиликомарганецке қатысты қосымшаға сәйкес көлемде демпингке қарсы баждар енгізу арқылы осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жылға белгілей отырып, демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа ала отырып, осы Шешіммен көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және ферросиликомарганецті тұтынушылардың Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 272-тармағында көзделген жағдайдың туындауы мүмкіндігіне қатысты позицияларын ескере отырып:

      Еуразиялық экономикалық одақта ферросиликомарганецті өндірушілерге CRU Bulk Ferroalloy Monitor басылымының деректері бойынша ферросиликомарганецке әлемдік бағаны ескере отырып баға дәліздерін белгілеу жөніндегі нұсқаулықтар (мінез-құқықтық шарттар) жіберсін және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырсын;

      осы тармақтың екінші абзацында көзделген нұсқаулықтар (мінез-құлықтық шарттар) сақталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтағы ферросиликомарганец өндірушілердің мүдделерінің бұзылуы туралы мәселені қарау мақсатында осы Шешіммен белгіленген шараларды қайта қарауды бастамашылық етсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 58 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнының пайызы)

7202 30 000 0

"Запорожье ферроқорытпа зауыты" жария акционерлік қоғамы (Украина, Запорожье қ., Диагональный көшесі, 11-үй)
 

26,35


"Никополь ферроқорытпа зауыты" жария акционерлік қоғамы (Украина, Днепропетровск обл., Никополь қ., Электрометаллургтар көшесі, 310-үй)
 

26,35


"Стаханов ферроқорытпа зауыты" жария акционерлік қоғамы (Украина, Луганск обл., Стаханов қ.)
 

26,35


өзгелері

26,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады