Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 59 шешімі.

      Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 14 қосымшасы) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпарат алмасу тәртібі бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпарат алмасу тәртібі туралы" 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 270 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 270 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 10 ақпандағы № 13 шешімі.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 59 шешіміне
ҚОСЫМША

Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпарат алмасу ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономика, қаржы саласында және басқа да салаларда мемлекеттік саясатты және нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеу бойынша функцияларды жүзеге асыратын және ақпаратты қалыптастыруға және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға, ұлттық (орталық) банктерге ұсынуға жауапты уәкілетті органдары (бұдан әрі сәйкесінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) арасында келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 14 қосымшасы) 4-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілетті органдар мен Комиссияның іс-қимылдарының бірізділігін белгілейді.

      2. Уәкілетті органдар Комиссияға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мынадай ақпаратты, материалдар мен құжаттарды ұсынады:

      а) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер (Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 4 қосымшасы) сәйкес ұсынылады):

      экономикалық дамудың орнықтылығын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштер:

      мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің жылдық тапшылығы (жалпы ішкі өнімге пайызбен);

      мемлекеттік басқару секторының қарызы (жалпы ішкі өнімге пайызбен);

      жылдық көріністегі инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі) (желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға, пайызбен);

      экономиканың даму деңгейі мен динамикасын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштер:

      жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны (өткен жылға пайызбен) (жалпы ішкі өнімнің физикалық көлемінің индексі ретінде есептеледі);

      төлем балансының ағымдағы операциялары шотының сальдосы (АҚШ долларымен және жалпы ішкі өнімге пайызбен);

      ұлттық валютаның шетелдiк валюталарға нақты тиiмдi айырбас бағамының индексi (Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – ұлттық валютаның шетелдiк валюталарға нақты тиiмдi айырбас бағамының индексi) (орташа жылдық көріністе және желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға, пайызбен);

      интеграция дәрежесін белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштер:

      әрбір мүше мемлекеттің экономикасына бағытталған ұлттық инвестициялардың, соның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі (АҚШ долларымен);

      әрбір мүше мемлекеттен ұлттық экономикаға түскен инвестициялардың, соның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі (АҚШ долларымен);

      б) орташа мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары (бағдарламалар) (жыл сайын ұсынылады), соның ішінде:

      әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлеудің бірінші кезеңінің материалдары (Армения Республикасы үшін – орташа мерзімді перспективаға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, Беларусь Республикасы үшін – қысқа мерзімді перспективаға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, Қазақстан Республикасы үшін – 5 жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, Қырғыз Республикасы үшін – 3 жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін сценарийлік макроэкономикалық жағдайлар, Ресей Федерациясы үшін – экономиканың жұмыс істеуінің сценарийлік жағдайлары және кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі параметрлері) (олар бекітілген (мақұлданған) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады));

      әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлеудің екінші кезеңінің материалдары (Армения Республикасы үшін – кезекті қаржы жылына әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Беларусь Республикасы үшін – қысқа мерзімді перспективаға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қазақстан Республикасы үшін – 5 жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қырғыз Республикасы үшін – алдағы қаржы жылына болжамды қоса алғанда, 3 жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Ресей Федерациясы үшін – кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) (олар бекітілген (мақұлданған) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады));

      в) әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) бағдарламалары (жоспарлар, старегиялар, тұжырымдамалар), экономикалық даму және макроэкономикалық саясат саласындағы іс-қимыл жоспарлары (тұжырымдамалар, стратегиялар) (олар бекітілген (мақұлданған, қабылданған) күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады));

      г) макроэкономика, бюджет, салық және ақша-кредит саясатын әзірлеу және іске асыру саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ экономикалық жағдайды тұрақтандыруға және экономикалық дамудың орнықтылығын арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілер (олар бекітілген (мақұлданған, қабылданған) күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады));

      д) өзге де ақпарат (Комиссияның сұраулары бойынша бір реттік немесе мерзімді негізде ұсынылады).

      3. Комиссия осы Тәртіптік 2-тармағында көрсетілмеген мүше мемлекеттердің экономикаларының даму деңгейі мен динамикасының көрсеткіштеріне және интеграция дәрежесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу үшін:

      а) сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (АҚШ долларымен) туралы ақпаратты қалыптастырады (Ресей Федерациясы үшін – Мемлекеттік статистика федералдық қызметінің "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) ресми сайтында жарияланған және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) келісілген деректер негізінде, басқа мүше мемлекеттер үшін – Дүниежүзілік банк деректері негізінде, сондай-ақ ТМД – ЭЫДҰ халықаралық салыстырулары негізінде);

      б) әрбір мүше мемлекеттің экспорт, импорт және сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесін есептейді (пайызбен).

      4. Уәкілетті органдар осы Тәртіптің 2-тармағының "в" және "г" тармақшаларына сәйкес ұсынылатын ақпараттың, материалдар мен құжаттардың құрамын өз бетінше белгілейді.

      Осы Тәртіптің 2-тармағының "б" - "д" тармақшаларында көрсетілген ақпарат, материалдар мен құжаттар Комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің электрондық пошта мекенжайына (dmp@eecommission.org) жіберіледі. Егер осы ақпаратты мүше мемлекет Интернет желісіндегі уәкілетті органдардың ресми сайттарында ашық қолжетімділікте орналастырған болса, онда осы ақпараттың орнына сәйкес дереккөзге сілтеме көрсетілуі мүмкін.

      5. Комиссия соның ішінде осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес алынған ақпараттар, материалдар мен құжаттар негізінде мыналарды дайындайды:

      а) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау нәтижелері туралы ақпарат (тоқсан сайын, сәйкес ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде);

      б) мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштердің мониторингі нәтижелері туралы ақпарат (тоқсан сайын, сәйкес ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде);

      в) мүше мемлекеттердің экономикалық дамудың орнықтылығын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштерді саақтауы мониторингінің көрсеткіштерін талдамалық шолу және экономикалық жағдайды жақсартуға және мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар (жыл сайын, 1 сәуірге);

      г) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары және мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясат саласында қабылдаған шаралары туралы баяндама (жыл сайын, 1 сәуірге);

      д) мүше мемлекеттердің экономикалық дамудың орнықтылығын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асқан жағдайда Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 14 қосымшасы) 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар;

      е) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 28 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы баяндама (2 жылда 1 рет);

      ж) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары (жыл сайын);

      з) мүше мемлекеттердің өткен жылға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын іске асыруы туралы есебі (жыл сайын);

      и) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын іске асыруы бойынша іс-шаралар тізбесі (жыл сайын);

      к) өзге де құжаттар мен материалдар.

      6. Комиссияның осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес дайындаған ақпараттар, материалдар мен құжаттар Интернет желісіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылады (уәкілетті органдар ұсынған ақпараттар, материалдар және құжаттар негізінде дайындалған ақпараттар, материалдар және құжаттар бөлігінде, - мүше мемлекеттердің келісімі бойынша).

      7. Комиссия алынған ақпараттар мен материалдарға қатысты заңсыз жария етуді, қолжетімділікті, жоюды, өзгертуді, көшіріп алуды және өзге де заңсыз іс-қимылдарды болдырмауға бағытталған қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды және оларды сақтауға және қорғауға жауапкершілік алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады