Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 63 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің № 2 қосымшасының 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 63 шешіміне
ҚОСЫМША

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      Мынадай мазмұндағы 44-тараумен толықтырылсын:

"44-тарау Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу және (немесе) мүше мемлекеттер арасында өткізу кезіндегі ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын, жануарларды немесе құстарды қасапханалық немесе ет өңдеу кәсіпорындарында сою және өңдеу кезінде алынған, оларға қатысты қандайда бір ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгіленбеген және ветеринариялық қызметтің бақылауында болып табылатын тағамдық емес шикізатты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге және (немесе) мүше мемлекеттер арасында өткізуге рұқсат етіледі.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат алынған жануарлар сою алдында ветеринариялық тексеруге, ал олардың ұшалары, басы мен ішкі органдары – сойғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан ресми еркін шаруашылықтардан немесе әкімшілік аумақтардан шыққан жануарларды сою және өңдеу кезінде алынуы тиіс:

      барлық жануарлар үшін (құстардан басқа):

      аусыл – елдің аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде;

      сібір жарасы – шаруашылықта соңғы 20 күн ішінде.

      Ірі қара мал:

      ірі қара малдың обасы, жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы (өкпені әкелу (өткізу) жағдайында) – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде;

      ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы. Шикізат ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ауырмаған отардан алынады және жануарлар ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ауырған жануарлардың ұрпағына жатпайды; жануарларды азықтандыру үшін, МЭБ Кодексімен пайдалануға рұқсат етілген компоненттерді қоспағанда, күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздар пайдаланылмаған; жануарлар сою алдында жануарлардың ми сауытына сығымдалған ауа немесе газ жіберу механизмінің көмегімен есеңгіретілмеген және бас миын тесуге ұшырамаған; жануарлардың ұшаларынан ерекше тәуекел материалдары МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес алып тасталған.

      Қойлар және ешкілер:

      қойлардың скрепиі – МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес;

      күйіс қайыратын ұсақ малдың обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;

      ірі қара малдың обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде.

      Шошқалар:

      шошқалардың африкалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;

      шошқаның везикулярлық ауруы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізілген ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 9 ай ішінде;

      шошқаның классикалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде;

      Ауески ауруы (жалған құтыру) – бастары мен ішкі органдарын әкелу (өткізу) жағдайында МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес ел аумағында.

      Құстар:

      МЭБ Кодексіне сәйкес міндетті декларациялауға жататын құс тұмауы – ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізген және аймақтандыруға сәйкес эпизоотикалық бақылаудың теріс нәтижелері кезінде соңғы 3 ай ішінде;

      Ньюкасл ауруы – ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізген және аймақтандыруға сәйкес эпизоотикалық бақылаудың теріс нәтижелері кезінде соңғы 3 ай ішінде.

      Жылқылар:

      жылқының африкалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде;

      маңқа – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;

      жылқының жұқпалы анемиясы – шаруашылық аумағында соңғы 3 ай ішінде;

      эпизоотикалық лимфангоит – шаруашылық аумағында соңғы 2 ай ішінде ауру жағдайлары тіркелмеген.

      Үй қояндары:

      үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруы – шаруашылықта сою алдында соңғы 60 күн ішінде ауру жағдайлары тіркелмеген.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат трихинеллезге теріс нәтижелермен зерттелген немесе кестеде көрсетілгендей мұздатылған шошқаның ұшасынан алынды:

Уақыт (сағат)

Температура (°C)

106

-18

82

-21

63

-23,5

48

-26

35

-29

22

-32

8

-35

½

-37

      Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге және мүше мемлекеттер арасында өткізуге мынадай ұшалардан алынған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатқа рұқсат етіледі:

      сойғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде, сондай-ақ әртүрлі заттармен улану кезінде жұқпалы ауруларға, гельминттермен зақымдануға тән өзгерістері болмайтын;

      сақтау кезінде дефростацияға ұшырамаған;

      бүліну белгілері болмаған

      мұздатылған тағымдық емес ет шикізаты үшін бұлшықет қалыңдығында минус 18 °С артық және салқындатылған шикізат үшін плюс 4 °С артық температурасы болмаған.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат мынадай ветеринариялық-санитариялық талаптарға жауап беруі тиіс:

      жалпы микробтық саны, КОЕ/г – 5 х 106;

      25,0 г-ғы сальмонелла – жол берілмейді (азықтандыру алдында жануарлар жылулық өңдеуге ұшырамайтын терісі бағалы аңдардың азығына арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат үшін ғана);

      1,0 г-ғы ішек таяқшаларының энтеропатогендік типтері – жол берілмейді;

      қорғасын – 10,0 мг/кг артық емес;

      кадмий – 0,5 мг/кг артық емес;

      мырыш – 2,0 мг/кг артық емес;

      сынап – 0,3 мг/кг артық емес.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізаттың құрамындағы цезий-137 және стронций-90 мынадай көрсеткіштер аспауы тиіс: цезий-137 – 600 бк/кг, стронций-90 – 100 бк/кг.

      Мысықтар мен иттер үшін азықтар және азықтық қоспаларды өндіру процесінде пайдаланылатын жануарлардан алынатын шикізат плюс 133 °С (271,4 °F) температурада 3 бар (дюймге2 43,511 фунт) қысым кезінде кемінде 20 минут өңделуі немесе белгіленген микробиологиялық көрсеткішке қатысты қауіпсіздікке қойылатын сәйкес талаптарды қамтамасыз ететін баламалы жылулық өңдеу жүйесіне ұшырауы тиіс.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізаттың қаптамасында немесе полиблогында таңбалауы болуы тиіс. Заттаңба қаптамаға заттаңбаны қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен жапсырылуы тиіс. Егер қаптаманың құрылысы оны заңсыз ашудың алдын алмайтын жағдайда, заттаңба қаптаманы кез келген ашу заттаңбаның тұтастығының бұзылуына алып келетіндеу етіп орналастырылуы тиіс.

      Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатпен тікелей қатынасқа түсетін қаптама бір реттік болуы және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес келуі тиіс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады