Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 өкімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешім 27.01.2016 ж. күшіне енді - Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты.
     

      1.      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

            а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:

     
Беларусь Республикасынан
 

Большаков
Андрей Викторович

– Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары
 

Гузик
Дмитрий Викторович
 
 

– Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті Кедендік инфрақұрылымды дамыту басқармасының бастығы
 

Куцко
Александр Иванович

–Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің Ветеринариялық және азық-түлікті қадағалау департаменті директорының бірінші орынбасары, Беларусь Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің орынбасары – Беларусь Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының орынбасары

 
 
Қазақстан Республикасынан
 

Садуақасова
Индира Құрманғазықызы

– Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары
 

Ресей Федерациясынан



Леонова
Юлия Александровна

– Федералдық кеден қызметі Кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды ұйымдастырудың бас басқармасы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және шекара саясатын іске асыру бөлімі бастығының орынбасары
 

Швабаускене
Юлия Александровна
 
 
 

– Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет басшысының орынбасары;
 

      б) Беларусь Республикасынан Консультативтік комитет мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:

Пискун
Александр Владимирович

–Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің "Тұқым шаруашылығы, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекция" мемлекеттік мекемесі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция директорының орынбасары;
 

      в) Консультативтік комитет құрамынан А.Н. Ковальчук, С.М. Сасковец, Ж.Т. Әжібаева, Р.С. Ошақбаев, А.И. Саурина және С.В. Шкляева шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады